Menu
Қазақ ұлысының қалыптасуының негізгі кезеңдері
Қазақ ұлысының этникалық тарихын зерттеу жылы едәуір. Қазақ халқының тарихы, басқа да орта Азия халықтар тарихы сияқты өте күрделі. Себебі, Орта Азиядағы ұлыстардың қалыптасу барысында, ол аймақта көптеген тайпалар мен халықтар тағдыры тоғысқан. Біз сіздермен әрқилы қазақ ұлысының негізін құраған тайпалардың пайда болуы мен жойылуы туралы шығыс және еуропалық деректерден білеміз.

Қазақ тарихының зерттеушілері және ғалымдар, қазақ ұлысының көп ғасырлық қалыптасу процесі XV-XVI ғасырларға келеді деген пікірге келіп отыр.

Бірақ ұлыстың құрылу тарихын білу үшін ең алдымен ұлыс немесе этнос дегеннің не екенін анықтау керек.

Этнос дегеніміз – адамдардың тарихи қоғамдастығы. Олардың тек сыртқы сипаттары ғана емес, ортақ емес, сонымен бірге тілі, мәдениеті, психикасы да ортақ, және өздерінің басқа этникалық топтардан ерекшеленген, өз бірліктерін сезінген адамдар тобы. Этностың қалыптасуы және оның тұтастығының кейін сақталуы үшін олардың мекендеген аумақтарының бірлігінің үлкен мағынасы бар. Адамдарда жалпы сипаттар пайда болу үшін, яғни басқа этностардан олардың ерекшеліктері болу үшін, олар бір бірімен ұзақ, үздіксіз қатынаста болу керек. Ал бұл тек қана бір-біріне жақын жерлерде орналасқан кезде ғана мүмкін. Осы кезеңде этностың ынтымақтасуы бір тұрақты аумақ шегінде қалыптасады. Жоғарыда зерттелген тақырыптардың, тайпалар мен халықтар тарихы бойынша, қола дәуірден Қазақстан хандығының тууына дейінгі, сіздер Қазақстан аумағында индоевропалықтар, түркі, монғол тайпалары болғандығын білесіздер. Олар өткен дәуірде әртілдес болған. Олардың бәрі Азияның халықтарының қазақ халқының этникалық негізін құраған. Бұған дәлел қазірге дейін сақталып келген үш қазақ жүздерінің рулары мен тайпаларының атаулары.

Қазақ ұлысы ғасырлар бойы қалыптасты. Қазақстан тарихын зерттеушілер, еуропа, шығыс авторларының көптеген шығармаларын, тарихи жазуларды терең зерделеген. Көптеген көздер – деректер негізіндеқазақ ұлысының қалыптасу жолын этногенез - қола дәуірінен ұлыс анықтау мүмкін болды.

Қазақ ұлысының этногенезін зерттеушілер екі аспект арқылы қарастырады: лингвистикалық және антропологиялық, себебі қазақ тілі көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан және қазақтарды басқа ұлыстардан қандай белгілерімен айырмашылығы болған. Бұл процестер бір бірімен тығыз байланыста жүруде.

Қазақұлысы әлемнің басқа да ұлыстары сияқты, сондай заңдылықтар негізінде қалыптасқан.

Этногенез процес кейбір жағдайларда бір уақыттарға тоқтап қалып тұрды, сосын баяу қайтадан жалғасты, бірақ жаңа тарихи жағдайда.

Әр халықтарда этногенетикалық процестің өз ерекшеліктері болды. Бұл ерекшеліктер қазақ ұлысына да тән. Қазақстан аумағында адамзат қоғамының дамуының әр түрлі сатысын көруге болады: көне түрінен бастап. Бастапқы кезеңде бұл процестер автохтондық халыққа байланысты болды. Бірақ кейіннен даму кезеңінде олар Орта Азия кеңістігіндегі этникалық процесстерден ғана тәуелді болды. Қазақстан аумағында этникалық тарихтың дамуы, ірі этникалық қауымдастықтардың қазақ халқының негізін құруы алғышарт болды. Себебі көшпелі малшылар мен тұрақты егін шаруашылығы, қала мәдениеті, қоғамдық қатынастардағы прогрестік өзгерістердің өзара байланысы мен эволюция негізін құрады. Көбінесе этникалық процесстер күрделі саяси оқиғалармен, қазақстан мен Орта Азия аумағы мен одан сырт елдерде өтіп жатқан анықталады.

Этногенетикалық процесстердің Қазақстан аумағында дамуының бірнеше кезеңдері бар.

Антропологиялық деректер бойынша этникалық дамуда көптеген жылдар бойы еуропалық халық түрі сақталған. Олар кейіннен монғолоид сипатқа ұшыраған . Тілдік, Орта да өзгеріссіз қалмады, ирантілдес көне тайпалар біртіндеп бұл аумақты мекендегендердің тілі түркі тіліне орын берді, себебі этногенетикалық процестер тамыры қазақ даласының кең байтақ жерінде қола дәуіріне кетеді. Ол кездерді сол уақытта андронов тайпалары мекендеген. Олар европеоид нәсілді болғагү археологиялық деректер бойынша Қазақстан аумағында, қола дәуірінде айтулы мәдени ерекшеліктер орын алған. Соған қарамастан Қазақстан және Орта Азия аумақтарындағы қоғамдық мәдени процестерде ұқсастықтар өте көп. Темір дәуірінде Андронов өз ұрпақтарына жаңа өмір салтын – номадизмді қалыптастырды.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход