Menu
Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты төрт кезеңге бөлінеді
1. Ежелгі Қазақстан “б.з. 5 ғ. дейін”, Орта ғасырлардағы Қазақстан (6-7

ғғ) Жаңа замандағы Қазақстан (18-19 ғғ.), Қазіргі заманғы Қазақстан (20 ғ.).

2. Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық

уақытты қамтиды.

3. Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді.

4. Тас дәуірі барлық құралдар тастан жасалған дәуір.

5. Қола дәуірі барлық құралдар қоладан жасалған дәуір.

6. Темір дәуірі барлық құралдар темірден жасалған дәуір.

7. Қазақстанда ең алғашкы адамдар мұнан бір миллион жылдай бұрын

пайда болған. Мұндай жаңалықты ашқан археолог ғалым Хасен Алпысбаев. Ол 1957 жылы Жамбыл облысының Талас аудандағы Қаратаудағы Тәңірқазған, Бөріқазған деген үңгірлірден ең ежелгі өмір сүрген адамдар тұрағын тапты.

8. Алғашқы адамдарға жеке-жеке жүріп өмір сүру қиын болғандықтан

топтасып жүретін болды. Осыдан бірте-бірте ру пайда болды. Көп уақыт өткеннен кейін бірнеше ру тайпаға бірікті.

9. Біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстан жерінде сақтардың,

ғұндардың, сарматтардың ірі-ірі тайпалары болды.

10. Біздің жыл санауымыздың бас кезіңде казіргі Қазақстан жерінде

үйсін, қаңлы, ғұн және басқа да ірі тайпалардың мемлекеттері болды.

11. Біздің жыл санауымыздың бас кезінде-ақ Қазақстан жеріндегі

халықтардың сол заманға шаруашылығы, кәсібі болды.

12. Оларда мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, колөнер кәсібі,

металл қорыту, аң аулау т.б. дамыды.

13. Шаруашылықтың арасында мал шаруашылығы басым дамыды. Бұған

Қазақстан жері қолайлы болды.

14. Қой, жылқы өсіруге көп көңіл бөлінді. Олардан кейін көп өсірілген

түйе. Сиыр аз өсірілді.

15. 1960-жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына

(Алматыға таяу) жақын жердегі обадан “Алтын киімді адам” тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен.

16. Марқұмға кигізілген бас киімнің, бешпенттің, етігінің конышының

сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ: аттың, барыстың, тау текенің, құстардың бейнелері жапсырылған.Олардың саны төрт мыңдай.

17. Біздің заманымызға дейінгі 2 ғасыр мен б.з. 15 ғасыры аралығында

Еуропа мен Азияны байланыстыратын “Ұлы Жібек жолы” қызмет істеді. Ол Қазақстан жерімен өтті.

18. 9 ғасырда араптар Орта Азия мен Қазакстанның біраз жерін басып

алды. Осыдан бастап Қазақстанға ислам діні тарай бастады.

19. 1219 жылы Қазақстан жеріне монғол шапқыншылығы басталды.

20. 1219 жылғы қыркүйекте монғол жаулаушылары Отырар қаласын

қоршады. Ұлы Отырар шайқасы басталды. Қаланы қорғауға қала басшысы Қадырхан басшылық етті.

21. 15 ғасырда қазақ халқы қалыптасып болды. Оның негізін құраған

Үйсін, Қоңырат, Керейт, Манғыт, Қыпшақ, Найман, Арғын, Байұлы, Әлімұлы, Дулат, басқа да көптеген рулар мен тайпалар.

22. 15 ғасырдың 50-60-жылдарында Қазақ хандығы құрылды. Оған ұйтқы

болған, алғашқы қазақ хандары деген жоғары атаққа ие болған Жәнібек пен Керей.

23. Қазақ хандығы тез ұлғайды. 16 ғасырдың басында оның жер көлемі

едәуір кенейіп, халқының саны бір миллионнан асты.

24. Қазақ хандығының – мемлекетінің 16-17 ғасырларда ұлғайып,

нығаюына үлес қосқан: Қасым хан (1511-1523), Ақназар (1538-1580), Тәуке хан (1680-1718)

25. Орта ғасырлардағы Қазақстанның атақты қалалары: Түркістан,

Отырар, Тараз, Сауран, Сайрам (Испиджаб) т.б.

26. Орта ғасырлардағы белгілі тарихи-мәдени ескерткіштер: Ахмет

Иассауи мазары (Түркістанда), Айша-бибі мазары (Тараз қаласы жанында), Бабаджа-қатын (бұл да сонда), Жошы хан күмбезі, Алаша хан күмбезі (Орталық Қазақстанда).

27. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық атақты ғалымдар: Әбу Насыр әл-

Фараби (870-950), Жүсіп Баласағұн (11 ғ.), Ахмед Иассауи (12 ғасыр), Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Жалайри Қосынұлы (15-16 ғғ.).

28. Орта ғасырларда Қазақстанда басқа да көптеген ғалымдар болған.

Бүған бір ғана Отырарда Әбу Насыр әл-Фарабиден басқа да онға жуық әл-Фарабилер болғаны дәлел.

29. 16 ғасырдын соңынан бастап, 1755-жылға дейін қазақ халқы жоңғар

шапқыншылығына қарсы азаттық, тәуелсіздік үшін шайқасты. 1755 жыл Жонғар мемлекеті біржола жеңілді, тарихтан аты өшті.

30. Жонғарларға қарсы азаттық қүресті ұйымдастырушылар: хандар –

Тәуке, Әбілқайыр (Кіші жүз ханы), Абылай; билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке; батырлар – Қабанбай, Бөгенбай, шапырашты Наурызбай.

31. 1731-1917 жылдар аралығында Қазақстан Ресей империясы

қоластында болды.

Кіші жүз “еркімен” қосылды, қалған бәрін жаулан алды.

32. Ресей империясы Қазақстанда екі жүз жылдай отарлау саясатының

барлық китұркы әдіс, тәсілдерін қолданды, қазақ халқының, ұлттық мәдениетінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің дамуына барынша кедергі жасады.

33. Қазақ халқы Ресей отаршылдарына қарсы, азаттық алу үшін үш

жүздей рет қозғалыстар,көтерілістер, наразылықтар ұйымдастырды. Олардың ең ірілері 19-20 ғасырларда болды.

34. Патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы 1836-1838 жылдары

Исатай мен Махамбет, 1837-1847 жылдары Кенесары хан, 1916 жылы А.Иманов, Ә. Жангелдин, Э. Жанбосынов т.б. басшылық еткен, ұлт-азаттық қозғалыстар болды.

35. 19 ғасырдағы қазақстан белгілі ағартушы ғалымдары: Шоқан

Уәлиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904).

36. 1917 жылы Қазанда Қазақстанда Кеңес өкіметі орнады, ол өкімет 1990

жылғы дейін өмір сүрді.

37. 19 ғасырдың аяғында 20 ғасырдың басында қазақ халқының бақытты

келешегі, ұлттық тәуелсіздігі үшін күресуші үлкен зиялы топ қалыптасты – “Алаш” партиясы. Олардың басшылары : Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқаев, Міржақып Дулатов, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев т.б. болды.

38. 1920 жылы Қазақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасы, ал

1936 жылы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы құрылды.

39. 1921-1924 –жаңа экономикалық саясатының жылдары

40. 1925 ж. индустрияландыру процесінің басталуы.

41. 1927 ж ұжымдастыру процесінің басталуы.

42. 1931-1933жж.- ұжымдатырудын нәтижелері - Қазақстандағы аштық

болуы. Сталинның тоталитарлық жаппай қуғын-сүргіндер.

43. 1941-1945 жылдардағы Отан соғысында асқан ерлік көрсеткені үшін

500-дей қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бұл Жоғары атақты Л.И. Беда, С.Д. Луганский, Т.Ж.Бегелдинов, И.Ф.Павлов екі мәрте алды. Әлия мен Мәншүк Кеңестік Шығыс Қыздарынан алғаш рет Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

44. 1954 ж тың игеру. Қазақстанда 2,5 млн га жер игерілді.

45. 1964 ж Д.А.Қонаев Компартияның, Қазақстанның бірінші қатшысы

болып тағайындалды.

46. 1985 ж. қайта қүру саясаты пайда болды

47. 1986 жылдын 16-17 желтоқсанында студенттер мен жас

жұмысшылардын Алматы қаланың аландарына демократиялық митингтеріне шығуы.

48. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзін Егеменді Республика деп

жариялады.

49. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда Президент сайлауы

болды.Президент болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

50. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзін тәуелсіз Республика деп

жариялады.

51. 1992 жылы Алматыда дүние жүзі қазақтарыныңтұнгыш Құрылтайы

тті.

52. 1993 ж. Қазақ ұлттық теңгесі қабылданды

53. 1995 Тәуелсіз Қазақстан Республиканың Конституциясы қабылданды.

54. 1997 ж. “Қазақстан –2030” мемлекеттік стратегиялық даму жоспары

қабылданды.

55. 1997 Қазақстан Республикасының жаңа астанасы жарияланды –

Астана қаласы.

56. 1999 ж. Президенттік және парламенттік сайлауы өтті

Диана   24.12.2011 19:35
Отинем маган дүние жузи тарихынан 5-11 аралыгындагы сыныптардан тест сурактарын бериниздерши!
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход