Menu
Қазақстан жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында
Гитлершілдер КСРО-ға қарсы соғысты Анлантикадан Сібірге дейін славян және түрік-моңғол тұқымдас “жабайылардан” “тазартылған” “ герман-территориялық-этностық тұтастығын” құрудың шешуші кезеңі және дүние жүзін жаулап алудың алғышарты деп санады. Англия мен АҚШ-ты талқандағанға және “тұтастыққа” немістерді қоныстандырғанға дейін өзін-өзі басқаруға ұқсас Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомиссариаттарың құру белгіленді. 1914 ж. аяғында – 1942 ж. басында “қауырт” соғыс жоспарының күйрегені белгілі болған кезде кеңес республиларының “бірігу күшін” әлсіретудің жолын іздеуге тура келді, жаңағылардан басқа Еділ-Орал және Гросс-Түркістан буржуазиялық-ұлт мемлекеттерін, сондай-ақ Қарағанды, Новосібір және Кузнецк “индустриялық облыстарын” құру жоспары пайда болды.

Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты.Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен жиырма жылдың ішінде жоспарланғандай патриархалдық феодализмнен социализмге аса зор секіріс жасауды, халқтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасалған еді.

Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі, сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі, ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды. Осының бәріне қол жеткізуде халықтардың патриоттық дәстүрлері маңызды рөл атқарды. Қазақ халқы көп ғасырлар бойы өзінің байтақ даласының шекараларын ойдағыдай қорғап келген болатын. Отаршылдыққа қарсы күрес, орыстың үш төнкерісі жылдарында, азамат соғысының майдандарында, бесжылдықтың құрылыстарында халықтар достығы қалыптасып, нығайды. Соғыстың алдындағы жылдардағы фашизмге қарсы насихат адамдарға зор ықпал жасады.

Бірақ сол қауырт дамудың көлеңкелі жақтары да болды-ашаршылық, негізсіз жазалау, онсыз да аз ұлттық интеллигенттердің едәуір бөлігін қырып жіберу, қазақ халқының санын азайту, ұлы даланы қудалауға түскен халықтарды көшіріп әкелетін зонаға айналдыра бастау, міне осының бәрі халықтарды әлсіретті, олардың санасын улады, өлкенің мүмкіндіктерін елдің қорғаныс қуатын нығайту үшін дамыту және пайдалану мүмкіндіктерін тежеді.

КСРО-ға шабуыл жасай отырып, фашистік идеологтердың кеңес үкіметі жазалаған бұрынғы ақгвардияшыларға, бай шаруаларға, капиталистер мен помещиктерге, тоталитарлық жүйенің жаппай терроры мен зорлық-зомбылығының құрбаны болғандардың бәріне үміт артуы негізсіз емес еді.

Ал кеңес адамдарының көпшілігі жауға қызмет істеу деген ойдан аулақ болды. Отанға берілгендік, патриотизм жаңа дүниені жасаушылардың саяси пафосымен астаса отырып, халықтың көпшілігіне сталиназмнің қайғылы әсерін жеңе отырып, Отанды қорғау үшін топтасуға мүмкіндік берді.

1939 ж. халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6,2 млн. адам еді. Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 1.196.164 қазақстандық сапқа тұрды. Патша өкіметінің 1916 ж. тәжірибесін қолдана отырып, сталинизм Қазақстан мен Отра Азияның түпкілікті халықтарынан және зорлап көшіріліп әкелінгендерден еңбек армиясын және арнаулы құрылыс бөлімшелерін құрды, оларға Қазақ КСР-нан 700 мыңнан астам адам шақырып алынды. Республикаға майдан алқабынан әкелінген, 1,5 млн-дай адамды және зорлап көшіріліп әкелінген халықты есептегеннің өзінде республикадан армияға алу проценті жоғары болды: майданға және қорғаныс өнеркәсібіне оның әрбір төртінші тұрғыны жіберілді. Мобилизациялау процентінің мұнша жоғары болуына негізінен экономиканың аграрлық сипаты, халықтың арасында шаруалардың үлес санының көптігі және индустрияның қорғаныс саласына жұмысшы күшін және Қазақ КСР-ның ауыл шаруашылығында механизаторларды брондау практикасының кеш енгізілуі себеп болды. Қазақстандықтардың негізгі көпшілігі майдандағы армияға толықтыру ретінде, шамамен үштен бір бөлігі республикада жасақталған бөлімшелерде тіркелді. Бұлар 12 атқыштар дивизиясы, төрт атты әскер дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы, әртүрлі әскер түрлерінің 50-дей жеке полктері мен батальондары еді. Олардың ішінен үш атты әскер дивизиясы мен екі атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық бөлімшілері болып құрылды.

Имя *:
Email: