Menu
Қазақстан Ұжымдастыру жылдарында. Ұжымдастырудың практикалық салдалары
1917ж. 24 қазанда (6 қараша) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшылар, солдаттар мен матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертен әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады.

Қазан қарулы көтерілісінің Петроградтағы жеңісінің және Орталықта, сондай-ақ Қазақстанмен іргелесе ірі қалалар – Ташкентте, Омскіде, Орынборда, Астраханда кеңес өкіметі орнауының Қазақстанда бүкіл өкімет билігінің Кеңестер қолына өтуі үшін шешуші маңызы болды. Алайда Қазақстанда кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917ж. аяғынан 1918ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс – өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табымен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болғандығынан, ұлтаралық қатынастардың күрделігінен туған қиыншылықтар себебінен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің өлкеде жеңіске жетуінде солдат депутаттары Кеңестеріне біріккен жергілікті гарнизондардың солдаттары, және ақпан революциясынан кейін Қазақстанға оралған әрі барынша қолдаған көңіл күйдегі, өздеріне – бейбітшілік, ал шаруаларға – жер беруге уәде жасаған өкіметтің болуына жеке мүдделі бұрынғы майдангерлер шешуші рөл атқарды.

Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері деп аталатындардың табанды қарсыласуымен, сондай-ақ Қазақстанның әр түрлі қалаларында (әсіресе Оралда) орталық аудандардан қашқан бұрынғы құлатылған Уақытша үкімет жақтастарының шоғырлануымен қиыншылықты жағдай одан бетер күшейе түсті.

Сырдария, Ақмола облысының және Бөкей Ордасының көптеген аудандарында большевиктер бастаған күштер шешуші бас мықты болғандықтан да Уақытша үкіметтің жақтаушылары оларға қарулы қарсылық көрсете алмады, сөйтіп кеңес өкіметі бейбіт жолмен-жұмысшылар мен кедей шаруалардың Кеңестерде мықты көпшілікке ие бола алуы жолымен жеңіп шықты.

Уақытша үкіметтің жақтастары едәуір күшке ие болған Торғай, Орал, Семей және ішінара Жетісу облыстарында істің барысы басқаша өрбіді. Көптеген жерлерде, соның ішінде облысорталықтары мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті гарнизондардың большевикшіл солдаттарының күштерімен қарулы көтерілістер жасап, Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының және олардың одақтастарының қарсыласушы күштерін басып-жаншу жолымен орнатылды.

1917ж. қазан айының соңынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен Қазақстанның басқа да ірі елді мекендерінде орнап бітті. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату процесі. Азамат соғысы басталғанға дейін созылды. Қазақстанда кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Т.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Б.Серікбаев, Ә.Майкөтов, И.Дубинин, К.А.Шугаев, Я.В.Ушанов, С.М.Цвиллинг, А.Иманов, Т.Рысқұлов, П.М.Виноградов, Т.Бокин, Л.П.Емелов, Т.Өтепов, А.Розыбакиев және басқалар неғұрлым белсенді қатысты.

Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде экономика мен мәдениеттіқайта құру шаралары қолға алына бастады: өнеркәсіп кәсіпорындарында (Спасск зауытында, Қарағанды шахталарында, Успенск руднигінде, Ембі мұнай кәсіпшіліктерінде ж.т.б.) бақылау енгізілді, бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары мен банктер мемлекет меншігіне айналдырылды. Кеңестердің ІІ съезінде қабылданған жер туралы Декретті жүзеге асыру жөніндегі алғашқы қадамдар жасала бастады. В.И.Лениннің қолдаумен Петроград жұмысшылары Шығыс Қазақстанда үш коммуна «Дихан» коммунистердің бірінші Ресейлік қоғамын, «Дихан» коммунистердің екінші Ресейлік қоғамын» және «Солнечная» коммунасын ұйымдастырды.

Кеңес органдарының, Кеңестердің облыстық және уездік съездерінің қаулыларында жер туралы Декрет жергілікті жағжайларжәне шаруалардың өздерінің бастамашылдығын ескере отырып одан әрі нақтыландырылды және дамытылды.

niayazkulov akzhol   22.09.2011 14:59
dostar kaz tarihtan spordy kalai tabyga bolady
kazakstan tarihy   22.09.2011 14:56
казакстан тарихы
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход