Menu
Қазақстанның ХІХ ғасыр басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда аграрлық мәселе шиеленісті. Оған қоныс аудару саясаты және жергілікті халықтың жер алуы себеп болды. Осыған байланысты “Сырдария, Самарқанд, Ферғана облыстарын қазына жеріне ауыстыру туралы” Қаулы шықты. Түркістан аумағына православие дінін ұстайтындарды көшіру қарастырылды. Қоныс аударушылар салықтан жеңілдікпен 8 жылға дейін жеңілдетіліп, әскери қызметтен босатылды. 1904ж “Қоныс аударудық уақытша ережесі туралы заң шықты. Жаңа тәртіп бойынша бұрынғы орындарынан үкімет органдарының рұқсатынсыз көшуге болды. Қоныс аудару стихиялық түрде болды. Кейбір зерттеушілер, патша үкіметінің әрқилы құжаттарына қарамастан, қоныс аударушылар саны жылдан жылға көбейе түскенін атап өтеді.

Қазақстанда ХІХ аяғынан жер бөлу партиялары жұмыс істеді. Олар қоныс аударушыларға бос жерді анықтау керек еді.

Ф.А.Щербина экспедицияны басқарды. Бұл экспедиция жұмысы көп наразылық туғызды. Осы есеппен далаларда 4074180 ондық жер алынды, оның ішінде Ақмолада 2550202, Семейде – 499566, Торғай Оралда – 1024412 ондық. Дегенмен, жер пайдалану нормасын қайта қарау, көшпелі өмір салтын жою туралы пікірлер туып отырды. Ақмола, Семей облыстарына бірнеше экспедициялар жіберілді. Бұл экспедициялар материалдарында Щербин экспедициясы белгіленген норма көп, көшпенділерге көп кеңістік қажет емес, енді олар егіншілікке, отырықшылыққа көшу керек деп қорытындылады. Бірнеше жыл ішінде Қазақстанның бүкіл аумағы 5 қоныс аудару округіне: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария бөлінді. Басқаруда – меңгеруші тұрды, ол жергілікті әкімшілік генерал-губернаторға, ал көбірек жер басқару басқармасына бағынды.

Осындай ұйымдастырылуға қарамастан қазақ халқының жерін тартып алу заңсыз, дөрекі түрде жүрді. Жетісу тұрғындарының жайылымын, қыстақтарын алу ниеттері көрсетілді.

Жетісу қоныс аудару ауданының меңгерушісі С.Н.Велунин: Олар мемлекеттік жерлер, қазақтарға уақытша пайдалануға берілген, қоныс аудару учаскесін құру керек болса, оларды ығыстырып, қырғыз қыстақтарын тығыздап қана жерді босату керек – деп тұжырымдайды. (ЦГАРК ф.19оп .1 д 1260л31). Ал, қазақ ауылдары ығыстырылған жерлер, түркімен бойынша сенатор К.Паленаның ревизиясы бойынша тасты, суландыруға келмейтін болған, және құнарлы жерлер. Ресей қоныс аударушылардың еншісіне көше бастады. Байғұс қырғыздар жердің шектелуіне байланысты, ендігі кезеңде көшуді тоқтатады – деп пікір айтқан (Кир. Дала газеті “Адам, қоғам, табиғат” 1888-1902ж) а- 1994 127б. Осы газеттің тағы бір санында көшпелілердің өмір сүру жағдайының төмендегендігі туралы айтылған. Қазақ қоғамындағы күрделі жер қатынасы, енді қауымдық жер бөлумен Заңды негіз алды. Патша үкіметінің бұл мәселе бойынша бірнеше қаулылары шықты. Сібір қырғыздарының жарғысының 172 бабында; егіншілікке ден қойған қырғыздарға 15 ондық жер әр адамға берілетін болған. Ол жерлер мұрагерлік ретінде меншікке қалып отырған. 1886, 1891ж ережелер осы тәртіпті әрі қарай жалғастырды. Қоныс аудару саясатын әрі қарай тереңдету мақсатында Қазақстанда Столыпин реформасы жүргізілді.

П.А.Столыпин – министрлер кеңесінің төрағасы және ішкі істер министрі 1906-1911ж жасады, оның алғы шарты – шаруаны жердің меншік иесі қылу.

Столыпин реформасының негізі үш құжатта берілген. 1. Жарлық “Шаруалардың жерге иелік ету, жер пайдалану туралы үкіметтің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 1906ж.

9 қарашада ол мемлекеттік Думада қаралып Заң түрінде қабылданды. 1911 ж 29 мамырда “Жер қатынастарын реттеу туралы” Заң қабылданды.

1907ж 1 қаңтарынан шаруалардың общинадан шығу кезінде төлейтін құн алып тасталынды. Столыпин реформасы шаруаларға көші қон бостандығын әперді, егер барған жерлері ұнамаса, өз еліне қайтып келу құқын берді. Бұл реформаның нәтижесінде шаруалар көптен қоныс аудара бастады, әсіресе Қазақстанға В.А.Трясевский шенеулік айтуынша, қазақтарда 30 млн. дес. Жер артық және қайтып алуға жатқызылған. Тартып алынған жерлерді 10-15-20 жыл ішінде қоныстандыру белгіленген. Сонымен бірге одан басқа темір жол, қалалар, салуға казак әскерлеріне тиісті жерлер тағы да алынған. Дегенмен, осындай ұлан-байтақ жер алқаптары барлық қоныс аударуға ниет қылғандарды сидыра алмады.

Гуни   25.11.2011 16:43
привет
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход