Menu
Сабақтас құрмалас сөйлем
1. Не үшін? Неге? Не етпек болды? – сұрақтарына жауап беретін сабақтастың түрін табыңыз. А) Мақсат.
2. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойыңыз.
Қорқыныштан туған ойдың шегі бол..., сәбидің көз алдына әлденелер елестей берді. В) - май.
3. Сабақтастың мағыналық қарым-қатынасқа қарай бөліну санын табыңыз. С) 6.
4. Сабақтастың түрін ажыратыңыз.
Жамал сағынып көрген баланың алды болған соң, ата-анасы қолдан келгенше әлпештеп өсірді. С) Себеп.
5. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрақтарын көрсетіңіз. А) Қайтсе де? Не етсе де?
6. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. В) Бірақ іргедегі пештің жылуы қандай тез болса, суынуы да сондай тез.
7. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы.
8. Бағыныңқының баяндауышының тұлғасын ажыратыңыз.
Дуанның екі бастығы мұнан әрі сөйлессе, ұрыс шығаратын түрі бар. А) шартты рай.
9. Бағыныңқының баяндауышының тұлғасын ажыратыңыз.
Сұрғылт тұман дым бүркіп,
Барқыт бешпент сулайды. С) Көсемше.
10. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз. А) жақсының басына іс түссе, ашынар да ашылар.
11. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз: В) Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді.
12. Себеп бағыныңқы сабақтасты табыңыз. Д) Абай әкесінің бұнымен сөйлесетін сөзі жоқ екенін білгендіктен, күні бойы үнсіз отырды.
13. Құрмалас түрін анықтаңыз.
Мейрам бой жазуға вагоннан түссе, күн қоңыр адырдан асып кеткен екен. В) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.
14. Құрмалас түрін анықтаңыз.
Қатты жел тұрып, теңіздің толқыны күшейді. С) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.
15. құрмаластың түрін анықтаңыз.
Көптік қайда болса, тоқтық сонда. А) Шартты бағыныңқы.
16. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаласты көрсетіңіз. А) Үйдегілер тысқа шықса, таң аппақ болып атқан екен.
17. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз. Е) Өміріңде қауіп-қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.
18. Сөйлемнен сабақтас құрмаласты табыңыз. В) Өзіңді өзің сыйламасың, өзгеден сый дәметпе.
19. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың сұрақтарын табыңыз. А) Қайтсе де?, не етсе де?, қайткенмен?
20. Мақсат бағыныңқылы сабақтасты табыңыз. С) Таныс біреулер кездесер ме екен деп, Жабай жер үйлерді аралап кетті.
21. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. Д) Семинарияны бітіргеннен кейін, мен осы кім боламын деген ой орала беріп еді.
22. Себеп-бағыныңқы сабақтас сөйлемнің сұрақтарын табыңыз. В) Не себепті? неліктен? Не үшін?
23. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. Д) Ақын жауабын аяқтады, жастар тағы сұрақтар жаудырды.
24. Шартты бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз. А) Сен қазір жұмысқа кіріспесең, ертең үлгере алмайсың.
25. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. В) Абай тақап келгенде, үй иесі шыққан еді.
26. Шартты бағыныңқылы, кейде мезгіл бағыныңқылы сабақтасты жасаушы омонимдес қосымшаны табыңыз. Д) - са, - се.
27. Шартты бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз. В) Сіз келісім берсеңіз, мен адал жар болуға серт берер едім.
28. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. Е) Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, астан кейін жатып демалды.
29. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. А) Ұрыста қару-жарақ қандай қажет болса, өмірде білім де сондай қажет.
30. Мақсат бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз. Д) Әңгімені басынан бастамақ болып, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.
31. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз. С) Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді.
32. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз. Е) жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
33. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. В) Қара басыма пайдасыз екен деп, мен көптің мұңын аяққа баса алмаймын.
34. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. А) Ана мен баланың бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей, жүріс-тұрысының сыбдырын сездірмеуге тырысты.
35. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. Е) Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.
36. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз. А) қазір сабағыңды жақсы оқысаң, ертең «5» аласың.
37. 5012302032 - ? В) Сұрғылт тұман дым бүркіп, барқыт бешпент сулайды.
38. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. С) Хакім келіп есік қақанда, Құрбановтікінен шебір жан дыбыс бермеді.
39. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. В) Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.
40. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз. Е) Жақсы ұстаздық етсең,болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің.
41. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз. А) Хакім кітапты ұстаған күйінде, Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады.
42. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. Д) Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта, әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.
43. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз. В) Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің ауылдың екі-үш шақырым шамасы бар.
44. Мақсат бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз. В) Келегендердің бәрі разы болсын деп, жан-тәні қалмай қалбақтауда.
45. Мақста бағаныңқы сөйлемді көрсетіңіз. Д) Ол жаңалық ашпақ болып, қыруар жұмыс істеп жатыр.
46. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. В) Қазір сабағыңды жақсылап оқысаң, ертең «5»аласың.
47. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. Д) Екпей, егін бітпес, үйренбей, білім бітпес.
48. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. Д) Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды.
49. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. С) Біз иесіз тауда жатқан қазынаны биыл меңгермек болып, зор қимылды бастағалы отырмыз.
50. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз. А) Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, ерте жатып қалды.
51. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. Д) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.
52. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. С) Жаңа жұмысшыларға қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
53. Шартты бағыныңқы сабқтас сөйлемді табыңыз. Д) Ұрыста қару-жарақ қандай қажет болса өмірде білім де сондай қажет.
54. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз. Е) Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.
55. Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты табыңыз. В) Ербол ат ерттеп болған кезде, тыстағылар тегіс жиналды.
56. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз. А) Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.
57. Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз. Е) Табиғаттың тілін білсең, ешқашан қор болмайсың.
58. Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз. Д) Неғұрлым көбірек ізденсең, ойың соғұрлым өседі.
59. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. В) Мен тыста жүрген кезде, телефон сұраушылыр да көбейіп кетіпті.
60. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз. С) Біз иесіз тауда жатқан қазынаны биыл меңгермек болып, зор қимыл бастағалы отырмыз.
61. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. В) Пенсияға шықққанмен, ол кісі үйде отырмайды.
62. Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. В) Сізбен амандасайын деп, шаруаларымды тастап келдім.
63. Себеп-салдар сабақтасты көрсетіңіз. А) Одан көп жатуға уақыт мүмкіндік бермей, он шақты күннен кейін мен Павлодар жаққа жүріп кеттім.
64. Себеп бағыныңқы сабақтасты табыңыз. В) Ауылдың қонған жері көкорай шалғын болғандықтан, малдың бәрі ауылдың қасында.
65. Сабақтас құрмаласқан сөйлемді табыңыз. С) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады.
66. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. В) Еңбек етсең, міндет етпе.
67. Қарсылықты А) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешегін таза ұстайтын.
68. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Жетпіс жыл өмір сүрсем де, аз секілді білгенім.
69. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалс сөйлемді көрсетіңіз. С) - Әй, Шығанақ, сыртын айтқанша, ішін айтсаңшы.
70. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Д) Қастарында бөтен кісілер болғандықытан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды.
71. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Д) Айтқандарым жаққан соң, алыс – жақын тыңдайды.
72. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. Е) Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды.
73. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. Д) Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды.
74. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. В) Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды.
75. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Е) Иығындағы ауыр жүгі жеңілдегендей болып, жайбарақат ұйықтап кетті.
76. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Е) Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.
77. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. В) Бір ұстасып қалсам деп, күшіңді байқап шенейсің.
78. Құрмаластардың ішінен шартты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз. Е) Сен келмейінше, мен кетпеймін.
79. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты табыңыз. С) Жетпіс жыл өмір сүргеніммен, аз секілді білгенім.
80. Сабақтас құрмалас сөйлем бойынша тыныс белгісінің дұрысын табыңыз. В) Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды.
81. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. Е) Айтқандарың жаққан соң, алыс-жақын тыңдайды.
82. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Е) Күн сәулесі кеткендіктен, үйдің іші күңгірт еді.
83. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Ол жұмысқа кешігіп келгендіктен, бастық ескерту жасады.
84. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Е) Қалаға ол күн көтерілген соң жетсе де, қорқынышы тарай қоймады.
85. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. С) Көлік болса да, ауылға жете алмадық.
86. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Д) Жаңа техниканы меңгермейінше, істен нәтиже шықпайды.
87. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз. Д) Тұрмыстары жүдеу, дегенмен бәрін алдымызға қойды.
88. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. С) Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылады.
89. Қимыл сын бағыныңқы сөйлемді табыңыз. С) Амантай үйден тез киініп шығып, автобусқа келіп отыр.
90. Сабақтас құрамлас сөйлемді табыңыз. В) Молшылық болса, тойғанша ішер.
91. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас қандай сұраққа жауап береді, табыңыз. С) Неліктен? Неге?
92. Мына сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысының баяндауышының сұрауы қалай, белгілеңіз.
Ағасы көзінің астымен қарап, таңырайған шолақ танауымен шуылдай дем алып тұр. В) Қайтіп?
93. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаластың сұрағын анықтаңыз. Д) Не еткенше?
94. Мына құрмалас сөйлемнің мағыналық түрін ажыратыңыз. Д) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.
95. Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз. С) Жанат орын ұсынып үлгергенше, Манат шығып кетті.
96. Құрмаластардың ішінен шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз. С) Жақсы ұстаздықы етсең, болашақтан тірек табарсың.
97. Құрмаластардың ішінен қарсылықты бағынңқы салаласты табыңыз. В) Бұл менің туған жерім болса да, сырын сізден аз біледі екем.
98. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. В) Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, астан кейін жатып демалды.
99. Мезгіл бағыңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. Е) Сен келген кезде, ол үйде жоқ еді.
100. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді.
101. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Сын түзелмей, мін түзелмейді.
102. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Д) Бұл менің туған жерім болса да, сырын сізден аз біледі екем.
103. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. Д) Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.
104. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. С) ---------көрінбеген ?
105. Сабақтас құрмаластың түріне жатпайтын атауды табыңыз. Е) Талғаулы.
106. Мына сөйлемде болымсыз етістікті көсемше қандай құрмаластікі, белгілеңіз.
Жер тоймай,
Ел тоймайды. Е) Шартты бағыныңқылы сабақтас
107. Шартты бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз. Е) Бір рет айтудан бұрын екі рет ойлап алсаң, екі есе жақсы айтасың.
108. Қарсылықты бағыныңқы сбақтасты көрсетіңіз. А) Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді.
109. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. С) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді.
110. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. В) Мезгілсіз үркіп кеткен ұйқының қайта оралуын тоспай-ақ, жолаушылар тағы да
жолға шықты.
111. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. С) Оның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.
112. Жалғаулықты қарсылықты салаласты табыңыз. Е) Күлген жақсы, бірақ шектен аса күлу – мәдениетсіздік.
113. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз. В) Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
114. Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
---? шартты бағыныңқы сабақтас жоқ.
115. Қарсылықты салаласты табыңыз. А) Мен келдім, - уәде берген досым жоқ.
116. Жатыс жалғаулы есімшенің шарттылық мәндегі қатарын табыңыз. Д) Сен жақсы оқығаныңда, бес алып кетер едің.
117. Жер тоймай, ел тоймайды.
Сабақтасты анықтаңыз. Д) Шартты бағыныңқылы сабақтас.
118. Кімде-кім өлімнен қорықпаса, тірліктегі басқаның бәрінен қорықпайды.
Сабақтас құрмалас бағыныңқысының баянжауышының жасалу жолын белгілеңіз. В) Шартты райлы болымсыз етістік.
119. Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. В) Жаман айтпай, жақсы жоқ.
10.05.2010 23:58 Казахский язык JiRaU 7933 44847 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход