Menu
Экономика - әлеуметтанудың зерттеу объектісі.
Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік инститіттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар (АО) корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.) ; экономикалық процестер, өндңрңс саласындағы қатынастар (үстемдік ету – бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапсының артуына әсері, т.б. жатады.

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждығы, талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рөлдер, яғни қызмет атқарады, осыған сәйкес оған қоғамда әр түрлі орында, жағдайда, беделде, т.б. болады. Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретіндеэкономиканың өзалдына жүйе деп қарайды. Ал, экономикалық жүйеде- өндіріс-бөлу-айырбастау-тұтыну жүзеге асырылады. Ал, бұл процестің нарықтық түрі: “Сұраныс және ұсыныс”. Нарық дегеніміз, тар мағынада- азық-түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны. Ғылыми тілмен айтқанда, ол тауар айналымының өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Таурларды ұсыну жіне оған деген төлеу қабілеті бар сұраныс. Нарық теориясы ұдайы өндіріс (воспроизводство) теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туып, өсуімен қатар пайда болып, дами бастайды, әсіресе ол қала мен ауылда натуралдық шаруашылық ыдырап, қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді.

Әлеуметтік зерттеуде бұл екі процес, яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады, өйткені, зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың, олардың топтарының мінез-құлқына аударылады. Адам және оның топтары – жұмысшы, қызметкер, тұтынушы, айырбастушы, стаушы, сатып алушы, т.б. ретінде қарастырылады. Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп, талдап отыру керек. Мысалы, әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері-инабаттылығы, еңбек сүйгіштігі, оған қатынасы, ынталығы, ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі, жауапкершілігі, белсеңділігі, шаруа қорлығы, т.б. қоғамдық өндірісті дамытып, оның өнімін көбейтіп, сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.

Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлері, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы, әділеттілігі, белсеңділігі, жауапкершілігі, т.б. қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер ететінің де зерттейдң.

Экономикалық әлеуметтанудың бір ерекшелігі сол, ол экономика құбылыстар мен процестерді жеке адамның топты оның ішінде жіктің экономикалық жағдайы, материалдық әл-ауқаты, одан туатын сана, ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмдерін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды, экономикалық ынта, ықылас, мәдениет, т.б. мәселелерді зерттейді. Міне, осылардың бәрі экономиканы әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің ең басты мәселелері.

Қазіргі уақытта біздің еліміз нарқытық экономикаға өтуде. Ал, нарықтық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайын айтамыз. Нарықтық қатынастар- бұл экономикалық қатынастар.Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа экономикалық құбылыстар мен процестер (жекешелендіру, акционерлендіру, аренда, фирма, корпорация, аукцион, биржа, т.б.) өмірге келіп, жаңа ұғымдар, түсініктерді туғызды. Бұл құбылыстарды, оларды бейнелейтін ұғымдарды экономикалық теория тікелей зерттейді. Ал, әлеуметтану осындай экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен, адамның, әлеуметтік топтың, жіктің экономикалық мінез-құлқын қарайды. Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалық қшбылыс, процес болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен, олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.

Сонымен, экономикалық жүйедегі адам, оның нысаны бағыттары, тіртібі – міне экономикалық әлеуметтанудың құбылыстары мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері. Дәлірегі, адамның өмір сүріп, отырған ортасы – қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерітсерге (ой-пікірлері, көзқарастары), нарықтық қатынастарға, ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді. Алғашқы кезде көпшілік халық нарықтық қатынастарға, экономикаға көшкісі келмей оған бөгет жасады. Елде мұндай жағдайдың болуы ескі стереотипті ойлаудың болып жатқан іс-әрекеті сол уақыттағы кер тартпалылығымен түсіндіруге болады. Тек қана кейінгі 2-3 жыдарда ғана халық нарықтық экономиканың қай жағынан болсын, пайдалы, тиімді екенін түсініп, мойындайды. Сөйтіп қазіргі халықтың басым көпшілігі нарықтық экономикалық қатынастарды жақтап, оның ілгері джамуына күш салуда. Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді. Олар:

1.Қандай да бір экономикалық процестерді зерттеу объектісіне айналдырғанда экономикалық әлеуметтану өндірістегі әрбір таптың оның ішіндегі топтың, мұң-мұқтажы, мүдде, талап-тілегі тұрғысынан зерттейді.

2.Қандайда бір әлеуметтік талдау жүргізбесін, экономикалық әлеуметтану өндірістегі әлеуметтік топтардың, оның жіктерінің меншік формасына қатынасын, әл-ауқатының дәрежесін, өмір сүру жағдайларын нақтылы еске алып отырады.

3.Экономиканы, ондағықатынастарды дамытуға әлеуметтік факторлардың тигізетін әсерін және экономикалық қатынастардың әлеуметтік қатынастарға, процестерге тигізетін әсерін ескереді.

4.Әлеуметтік-экономикалық міндеттері шешуде әлеуметтік, яғни,адам факторына басты назар аударады.

5.Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді тығыз байланыста қарап, шешілетін практикалық мәселелерді де бірыңғай байланыста қарауға бағыттап отыралы,

6.Шаруашылық тетігімен салыстырғанда әлеуметтік тетіктің ықпалы басым түсінетінін әр уақытта ескеруді қажет етеді;

7.Экономикалық және әлеуметтік саяси тығыз байланыста болатынын есте ұстау.

Айта кететін бір жайт, экономикалық әлеуметтану жеке дара әлеуметтану теорияларымен, мысалы, еңбек әлеуметтануы ұйым және басқару әлеуметтануымен де айналысады. Экономикалық әлеуметтанудың зерттеуііндегі басты айырмашылық – ол жалпы экономикалық және әлеуметтікқұбылыстар мен үдерістердің даму заңдылығын зерттейді. Ал, заңдылықтар деген не ? олар осы байланыс, қатынастардың ең тұрақты, қайталанатын,қажетті, мәнді, басты жақтарының жиынтығы. Әлеуметтануда заңдылықтарды даму тенденциялары деп те айтады.

Осы құбылыстар мен процестердің қатынастары мен байланыстарының негізінде экономикалық әлеуметтану, бір жағынан, әлеуметтік алуан түрлі топтардың, жіктердің мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілегін қанағаттандырып, іске асыру жағын ойластырса, екінші жағынан, жалпы экономикалық дамудың факторлары мен алғы-шарттарын, экономикалық және әлеуметтік дамудағы байланыс-қатынастардың мәнін зерттеп, анықтайды. Экономиканың әлеуметтік қатынастарға ықпалын, әлеуметтік топтарға бөлінудің экономикалық себептерін ашу, экономика дамуының әлеуметтік факторларын талдап көрсету қажет. Мысалы, экономиканың кейбір әлеуметтік мәселелері, атап айтсақ,қызметкерлердің білім және мамандық, үй-тұрмыс, жалақы, табыс, кірісі, бала тәрбиелеу, т.б. біршама дұрыс шешеілген, ал, өндіріс жүйесіндегі топтардың, олардың ішіндегі жіктердің қоғамдық өндіріс орындарындағы іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары әлі осы уақытқа дейін зерттелмей келеді. Бұл өте маңызды, өзекті мәселе. Бұл мәселені дұрыс шешпейінше өндіріс қарқынмен дамиды, еңбек өнімділігі жоғарылайды, сапалы тауарлар көп шығарылады деп айту қиын. Өйткені өндірістегі өндірілген өніімді бөлу, айырбастау, тұтыну, оларды жоспарлап, жұмысты дұрыс ұйымдастыру арқылы жүргізу осындағы әр түрлі адам топтарына – олардың мінез-құлқына тікелей байланысты.

Ал, мінез-құлық адамның іс-әрекетінің, қызметінің субъективтік жағын құрайды. Адамның мінез-құлқы оның өз алдына қойған мақсатын терең білу, оны жүзеге асыру арқылы реттеліп, басқарылып отырады. Адам ісінің мазмұны біршама қатаң ережеге негізделеді де, оның өндірістегі көрінісі және басқаларға әсері төмен болады.

Экономикада адамның тәртібін басқарып, реттеп отыратын құрал-ол шаруашылық механизмі. Бұл механизм өндірістегі жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау және ынталандыру құрал-әдістерін толық қамтиды. Ол өндірістегі адамдардың жұмысын, тәртібін, басқалай да жағдайларын қадағалап отырады, бұларды бұзса,оларға құқық ережелерін (санкция) қолданады, осылай еңбекке ынталандырудың бүтіндей жүйесін қалыптастырады. Сөйтіп ол өндірістегі еңбек ұжымын, жеке жұмысшы, қызметкердің, маманданған топтардың іс-әрекетін, жұмысын әр уақытта реттеп басқарады және өндірісте қажеттібағытта жүргізуге зорықпалын жасайды. Екінші жағынан,өндірістегі адам факторы өндірістің дамуына, еңбек ұжымының тәртібіне, әсіресе, олардағы әлеуметтк реттеу, басқару құралдарына күшті әсер етеді.

Өндірістегі әлеуметтік реттеу, басқару құралдары депондағы экономикалық тұрақты тәртіп жүйесі мен алуан түрлі әлеуметтік топтардың өзара байланысын, әлеуметтікфакторлардың іс-әрекетін реттеуді айтады. Сөйтіп бұл механизм әлеуметтік-экономикалық объектілердің іштей бірлігін, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуын сәйкестендіріп отырады.

Енбекті, өндіріс ұжымдарын әлеуметтік құралдар арқылы басқару, реттеудің негізіндеқызметкерлердің белгілі бір типі қалыптасады. Қалыптасқан бұл тип, бір жағынан, олардың ең жоғары адамгершілік қасиеттерін танытса, екінші жағынан, олардың кейбір жағымсыз қылықтарын де ашады.

Жоғары адамгершілік қасиеттерге еңбек сүйгіштік, сенімділік, әділеттілік, еңбекке саналықпен қарау, еңбекті сапалы әрі тез істеу, адамның еңбек процесінде өзінше шешім қабылдауы, жауапкершілік, белсенділік, т.с.с. жатады. Ал, керісінше, кейбір еңбеккерлер мен қызметкерлердің өзінің Отан, ел, халық алдында борышына, немқұрайлы, тапсырылған жұмысты, қызметті қалай болса солай істеу, оларға жауапсыз қарау сияқты келеңсіз мінез-құлықтары да орын алып отырды.

Осыларға сәйкес әрбір жұмысшы мен қызметкердің типін анықтау үшін экономикалық әлеуметтану олардың әрқайсысының барлыққасиеттерін терең талдап, содан кейін оның мінез-құлқының, тәртібінің өндірісте қай жағыбасым екенін салыстыру өлшемі арқылы адам типін анықтайды. Осыған орай өндірісте алуан түрлі еңбек ұжымдары, топтары қайта құрылып, қалыптастырылады.

08.05.2010 11:20 Социология Артем 13738 31912 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход