Menu
Отбасы және қатынастары әлеуметтік зерттеу объектісі ретінде.
Жалпы әлеуметтануда отбасы және қатынастары терең зерттелген тақырып.

Адамдар бір-бірімен араласады, кездеседі, танысады,достасады,т.б. жастар неке қидырады. Осылардың негізінде берік немесе әлсіз отбасы құрылады.

Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оны әлеуметтік ретінде талдап, зерттейді.

Отбасы – бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстытық байланысқа және жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі.

Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметіне көнінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп,өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі – ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып отырады.

Отбасының объективтік өзгеру процесі оның топ ретіндегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы – неке және балалардың денсаулығын сақтау, оларды тәрбиелеу құқықтық және моральдық жауапкершілігі бар институтционалдық бірлік ретінде зерттеледі.

Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері болады.

1. Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне әкеледі.

Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас және жеке болады, оның басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде шектеулі болады;

Отбасы – бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-теңдікті сақтауға тырысады.

Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындауме бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мұқтажын орындауды қамтамасыз етеді.

Отбасы жеке-дара институт ретінде – оның тұрмыстық салты қоғамдық салты қоғамдық мүддеге сәйкес немесе сәйкес келмейтін жағдайларда зерттелінеді.

Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ отбасының өзгеру үлгісін жасайды.

08.05.2010 11:34 Социология Артем 2811 11616 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход