Menu
Шиеліністердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары.
Кез келген ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның дұрыс, тиімді қызмет етуі және қабылданған шешімді ойдағыдай жүзеге асыруы үшін қайшылықты, шиеленісті жағдайларды алдын-ала болжайбілуі қажет. Мұндағы басты мақсат – шиеленістердің алдын алу, егер бастала қалса, оларды шешудің жолдары мен әдістерін білу. Шиеленістердің алдын алу дегеніміз, оларды туғызатын басты себептерді анықтау және оларды жою. Бұл істе кәсіпорын немесе мекемедегі психологиялық қызметтің маңызы зор. Мәселен, Батыс елдерінде соңғы жылдары әр мекемедегі адам ресурстарын басқару бөлімінің шеңберінде арнайы құрылым қызметатқарады. Мұндай құрылым еңбекұжымы шеңберінде қақтығысты жағдайлардың алдын алу, ұжым мен әкімшілік арасында келіссөздер жүргізу сияқты істермен шұғылданады. Бұл істе ұжым мұшелерін психологиялық біліммен қаруландырудың да маңызы үлкен.

Қазіргі кезде Ресейдің көптеген фирмалары мен мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық пікір алысу (тренинг),психологиялық қызметі пайдалану жақсы нәтижелер беруде. Коллективтің табысқа қол жеткізуінің басты шарты – онда қолайлы моральдық – психологиялық жағдайдың болуы. Адамның басқалармен өзара түсіністікте, келісімде өмір сүріп, қызмет ете білуі – тұтас алғанда қоғамның да тұрақтылығына, тұтастығына ықпал ететіндігін естен шығармауымыз қажет.

08.05.2010 11:44 Социология Артем 2596 12309 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход