Menu
Қазақ тілін үйренуге талаптанатындарға арналған тест
№ 1
Омонимді белгілеңіз.
Ол сенен он жас үлкен.
А) сенен
B) үлкен
C) он
D) ол
Е) жас

№ 2
«Арқанның ... жақсы, әңгіменің ... жақсы» мақалына сай келетін антонимдік
жұпты табыңыз
А) алыс – жақын
B) қатты – жұмсақ
C) ұзыны – қысқасы
D) көп – аз
Е) сулы – құрғақ

№ 3
Барыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз.
Асқар көршісіне тез келуді ескертті
А) тез
B) көршісіне
C) келуді
D Асқар
Е) ескертті

№ 4
Еш сөзі қай сөзбен бірге жазылады?
А) еш (бір)
B) еш (бала)
C) еш (адам)
D) еш (мектеп)
Е) еш (жерде)

№ 5
Мезгіл үстеуі бар қатарды көрсетіңіз.
Әкем қаладан кеше автобуспен шықты
А) шықты
B) әкем
C) қаладан
D) автобуспен
Е) кеше

№ 6
Өздік есімдігін тап
А) жалпылау есімдігі
B) сілтеу есімдігі
C) жіктеу есімдігі
D) өздік есімдігі
Е) сұрау есімдігі

№ 7
Болымды етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз
А) ол өтірік атйқан емес
B) досын көрмеді
C) кітапты әкелген жоқ
D) айтқан уақытында келген жоқ
Е) кітабын әкеліп берді

№ 8
Нақ осы шақты білдіретін сөйлемді табыңыз
А) соны білгесін Орта жүз жақсылары салмақтана түсті
B) Қояндыға қарай жүріп кетті
C) үкімет үйінің үстінде Республиканың туы желбіреп тұр
D) кер құнанды Жексенбі атасынан сұрап мінді
Е) кеше Тұрар жатаған торы биемен жолға шықты

№ 9
«Ма, ме, ба, бе, па, пе» қай жерде сұраулық шылау
А) айта көр(ме) бұл сөзіңді батыр
B) әркімді бір келемеждеп, мұқат(па)
C) ғылым таппай мақтан(ба)
D) ерте(ме), кеш(пе), пайдаға(ма), зиянға(ма), сен барыңды бересің
Е) ешкімге жауыздық қыл(ма)

№ 10
Дара етістікті көрсетіңіз
А) су жылжып ағып жатыр
B) Марат ерте тұрып кетті
C) Асқар бүгін не ертең келеді
D) балалар ойнап жүр
Е) олар бір-бірімен әңгімелесіп отыр

№ 11
Мақалды көрсетіңіз
А) жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат
B) далада жаңбыр жауып тұр
C) ол дос жүрегіне сенеді
D) енді сізге айтуға тура келді
Е) едіге ұзақ жол жүрді

№ 12
«Салмақты» сөзінің синонимін табыңыз
А) зерек
B) ұғымтал
C) сабырлы
D) ажарлы
Е) қабілетті

№ 13
Көп мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз
А) ән айту
B) қоңыр күз
C) Арал теңізі
D) иненің көзі
Е) білімді адам

№ 14
Омонимі бар сөйлемді ажыратыңыз
А) сонау бетте сиыр жайылып жүр
B) Асан жұмыс басына кетті
C) кітаптың бетіне үңілді
D) сен маған өкпе айтпа
Е) оқуды басынан бастап жақсы оқу керек

№ 15
Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасы қай сөйлемде қолданылған?
А) сен мектепті бітірерсің
B) сен мектепті бітіргенсің
C) сен мектепті бітірдің
D) сен мектепті бітіретін едің
Е) сен мектепті бітіресің

№ 16
Етістіктің шартты рай түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз
А) көрінеді екен
B) көрінсек дейміз
C) көрінетін шығар
D) көрініпті
Е) көрібек екен

№ 17
Ол ... ете қалған дыбысқа жалт қарады
Көп нүктенің орнына берілген дыбыстық еліктеуіштердің тиістісін қойыңыз
А) жалп-жалп
B) ербең-ербең
C) тарс-тұрс
D) селк-селк
Е) жалт-жұлт

№ 18
Қыстырма сөзі қатысқан қатарда белгілеңіз
Менің ойымша, ол түстен кейін келеді
А) түстен
B) менің ойыша
C) ол
D) кейін
Е) келеді

№ 19
Мезгіл үстеулі сөйлемді табыңыз
А) базарлы елдің сырын біледі
B) мен қайтадан бастап оқыдым
C) ол бүгін келді
D) Абай телеграмманы ақырын оқыды
Е) күн шайдай ашық болды

№ 20
Қыстырма сөзді табыңыз
А) мүмкін
B) сіз
C) балам
D) өзіңіз
Е) барлығы

№ 21
Нақ осы шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз
А) ол сабағын кешке оқыды
B) ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі
C) мен бұл кітапты оқыдым
D) мен жауап беріп тұрмын
Е) ол ылғи ерте тұрады

№ 22
Үстеуді табыңыз
А) тастан түлкі табылар аңдығанға
B) ғылым таппай мақтанба
C) жылдам хабар алғызды
D) қарлығаш шыр-шыр етеді
Е) Еділ үшін егестік

№ 23
Жіктік жалғауы ІІІ жағындағы сөзді тап
А) балалар сөйлеп жатыр
B) ерте келеді
C) ол он жас үлкен
D) көп мағынаға ие болған
Е) сөйлем мүшелерін белгіле

№ 24
Сын есімді көрсетіңіз
А) Отан үшін отқа түс
B) Бірінші байлық -денсаулық
C) жүгіруге болмайды
D) жасыл жайлауға шықтық
Е) биыл мен он үштемін

№ 25
Күшейтпелі шырайда тұрған сөзді көрсетіңіз
А) мектепке ерте келдік
B) Құнанбай елге ерте қайтты
C) қап-қара қарға қонды
D) көре-көре көсем боласың
Е) сарғыш тартқан қағаз әкелді

№ 26
Етiстiктiң қалау райы қай қатарда
А) Әңгiме айтармыз тағы да.
B) Осы кеште Ерболдың жалғыз қалғысы келді.
C) Айта бер, ниетiңдi жасырмай.
D) Егер келсе, үйге кiрсiн.
Е) Келмесе, келмей-ақ қойсын.

№ 27
Еркiн сөз тiркесiн анықтаңыз
А) ақ жүрек
В) ақ жол
С) ақ мата
D) ақ тiлек
Е) ақкөңіл

№ 28
Көп нүктенiң орнына қажеттi сөздi қойыңыз: “Менiң келесі жазда Баянауылға демалуға барғым ...” .
А) келдiң
В) келесiз
С) келермiз
D) келедi
Е) келген

№ 29
Болжалдық сан есiмдi көрсетiңiз
А) Ол бес-бестен бөлді.
В) Ауданының үштен бiр бөлігін құрайды.
С) Жиналысқа жиырма шақты ата-ана қатысты.
D) Бауырым алтыншы сыныпта оқиды.
Е) Жарысқа төрт команда қатысты.

№ 30
Болымсыз етiстiктi көрсетiңiз
А) Марат кітабының қолжазбасын баспаға тапсырды.
В) Ол маған соқпай кетпес.
С) Арпа бидай ас екен.
D) Көрпеңе қарай көсіл.
Е) Ет етке, сорпа бетке.

№ 31
Салыстырмалы шырайды табыңыз
А) Ол ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.
В) Үйдің төбесі биiк.
С) Мына көйлек сәндірек.
D) Бөлме аса үлкен емес.
Е) Сәуленің үйі жұмыстан тым алыс.

№ 32
Мезгiл үстеуі қай қатарда?
А) Екеуiмiздi қонаққа шақырды.
В) Арман кеше де кешiгiп келдi.
С) Бұны босқа айттың.
D) Шүкір, қалым жақсы.
Е) Декан қазақша сөйледі.

№ 33
Етiстiктiң болжалды келер шақ түрiн табыңыз
А) Сен маған қарамай жүре бер.
B) Мен сабақты кешке қарармын.
C) Ол сабағын кеше қараған.
D) Оған бәрі таңқалып қарады.
Е) Бұл мәселені жиналыста қарамақпыз.

№ 34
Туынды етiстiк қай қатарда?
А) Сен оның өзінен сұра.
B) Алманы екіге бөл.
C) Бөлменің еденін сырла.
D) Не болғанын айт.
Е) Ертең маған кел.

№ 35
Етістіктен жасалған зат есімді көрсетіңіз
А) тәртіптілік
В) балықшы
С) адамгершілік
D) көрермен
Е) балалық

№ 36
Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдер қатарын белгiлеңiз
А) Төлеу, сыйлау, санау
В) Емдеу, байлау, санау
С) Кәрiлеу, жаңалау, кiшiлеу
D) Сырлау, дәлелдеу, әзiрлеу
Е) Көрмеу, айтпау, жасамау

№ 37
Сөйлемді жалғастырыңыз: «Жаңа жылды адамдар ... »
А) аязды болады
В) шырша орнатады
С) асыға күтеді
D) қатты қуанады
Е) мерекелік дастархан жасайды

№ 38
Сұраққа жауап берiңiз: “Желтоқсан айында бiз қандай мерекенi тойлаймыз?”
А) Халықаралық әйелдер күнi
В) Наурыз мейрамын
С) Ата заң күнiн
D) Тәуелсiздiк күнiн
Е) Республика күнін

№ 39
Болжалды келер шақта тұрған cөйлемдi табыңыз
А) Мен қарындасыма фотоаппарат сыйлаймын.
В) Ол әкем туралы көп әңгiме айтты.
С) Қайрат оныншы мектепке барар.
D) Сендер жұмысқа тез келiңдер.
Е) Сіз ертең келіңіз.

№ 40
Берiлген сөйлемнiң аудармасын белгiлеңiз: “В следующем году я хочу поступить в университет”.
А) Мен биыл университетке түстiм.
В) Мен былтыр университетке түсе алмадым.
С) Мен ертең университетке бармақпын.
D) Мен келесi жылы мүмкiн университетке түсемiн.
Е) Менің келесi жылы университетке түскiм келедi.

№ 41
“Жаздым, айттым, алдым, көрдiм” етiстiктерi қай қатардағы сөздермен тiркесе алады?
А) хат, сөз, кiтап, кино
В) қалам, кітап, кино, оқу
С) дәптер, кино, сурет, жұмыс
D) би, көрме, оқу, сабақ
Е) сөз, кітап, тақта, жаңбыр

№ 42
Қазақтың ұлттық ойыны қайсы?
А) теңге алу
В) теңге салу
С) теңге айырбастау
D) теңге беру
Е) теңге көру

№ 43
Антоним емес сөздерді көрсетіңіз
А) қатты-жұмсақ
В) кең-тар
С) бай-кедей
D) таза-жарық
Е) ауыр- жеңіл

№ 44
Көп нүктенiң орнына тиiстi етiстiктi қойыңыз:
“Сiз таңертең қай уақытта ... ?”
А) тұрдың
В) тұрдым
С) тұрды
D) тұрдыңыз
Е) тұрдық

№ 45
Қай сөз тiркесiнде сын есiм ауыспалы мағынада қолданылған?
А) қызыл түс
В) алтын сөз
С) биiк үй
D) ақ қағаз
Е) сұлу қыз

№ 46
“Танысайық” деген сөздiң аудармасын табыңыз:
А) Давайте познакомимся
В) Мы знакомы
С) Знакомились
D) Познакомься
Е) Познакомьтесь

№ 47
“Әр” сөзiнiң қай сөзден бөлек жазылатынын көрсетiңiз
А)әр (қашан) күн сөнбесін
В)әр (қайсы) айтып шықты
С)әр (адам) білуі қажет
D)әр (кiм) өзі істесін
Е) әр (дайым) көмектесуге дайынбыз

№ 48
Болымсыз етiстiктi көрсетiңiз
А) Күнде сабаққа дайындалу керек.
В) Қиындықтан қорықпау керек.
С) Өздік жұмыстарды тапсыру керек.
D) Мұны есте сақтау керек.
Е) Айдостың үйіне бару керек.

№ 49
Қай сөз тіркесі ”Жалқау” деген мағынаны білдіреді?
А) жүрек жұтқан
В) көп түкiрсе көл
С) су жүрек
D) шөптің басын сындырмайды
Е) Аты жер жарады

№ 50
Бейтаныс кiсiден жол көрсетiп жiберуiн қалай сұрайсыз?
А) Кешiрiңiз, кiруге бола ма?
В) Сiз қай жерде тұрасыз?
C) Кешiрiңiз, Академик Сәтбаев көшесiне қалай жетуге болады?
D) Сау, болыңыз, жолыңыз болсын!
Е) № 22 автобус өткен жоқ па?

Айза   09.04.2017 17:13
Мұғалімдер мен оқушыларға арналған жақсы көмекші,рахмет!!!
zuko   07.12.2010 23:37
mina saittyn bolgani kandai jaksy smile smile
№48   03.12.2010 22:36
smile smile smile smile smile smile smile smile smile smile smile
Puma   06.05.2010 18:44
Еще один из тестов по казахскому языку для подготовки в домашних условиях! Я обязательно скачаю!
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход