Menu
Пpoфeccиoнaлдық лeкcикa
Жалпы халықтық тілде қолданылатын, белгілі тілдің сөздік құрамына енетін сөздер сол тілде сейлеуші адамдардың бәріне бірдей түсінікті болып келеді. Ал жергілікті диалектіге енетін сөздер бір тілде сөйлейтін халықтың тұтас бір облысында, не бірнеше облысында тұратын адамдарға ғана түсінікті болып, өзге облыс адамдарына түсініксіз болады.
Кейде бір облыстағы тұратын адамдардың күн көріс кәсібінін түріне байланысты сөз ерекшеліктері де кездесіп отырады. Мысалы, балық аулаумен кәсіп ететін жердің адамдары үкі (мұз астынан балық аулау үшін ойылған ойық), прогон (бір ойықтан екінші ойыққа дейін мұз астымен ауды жүргізетін ұзын сырық), сүймен (мұз оятын ағаш сабы бар, ұшты жұмыр темір) деген сияқты сөздерді, ал егінді шығырмен суаратын жердің қазақтары ебей (шығыр дөңгелегінің кимасы), ауыт (шығыр суы құйылатын жер), жай (шығыр суы жүретін кіші арық) деген сияқты сөздерді; Қарағанды кеншілері лава (көмір шығаратын жер), крепшілер (көмір алынған жерді ағашпен бекітушілер), қайла (көмір қазатын құрал) деген сияқты сөздерді қолданады.
Сөйтіп, белгілі бір мамандық пен кәсіп түрінің көлемінде ғана қолданылатын құрал-саймандардың, бұйым атауларын білдіретін сөздерді пpoфeccиoнaлдық (өндірістік) лeкcикa дейді.
Профессионалдық лексиканың термин сөздерден айтарлықтай ерекшеліктері бар. Терминдік сөздер ғылымның бір саласының әдеби тілдегі қалыптасқан атауы болса, профессионалдык сөздер ұсақ мамандыққа кәсіптің түріне ғана байланысты болады да, сол мамандықпен айналысатын адамдарға ғана түсінікті болып, сол маңдағы шаруашылықтың өзге түрінде жұмыс істейтін адамдарға түсініксіз болуы да мүмкін. Профессионалдық сөздер қазақтың байырғы сөздерінен тиісті сөз тудырушы тәсілдер арқылы жасалуы да, орыс тілінен енген сөздер арқылы жасалуы да мүмкін.
15.07.2010 08:54 Казахский язык Артем 1636 6990 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход