Menu
Қазақ тілі сабағы
«Герб» деген термин немістің сөзі, толық аудармасы – «мұра, белгі» деген мағына.
Біздің елтаңбамыз шеңбер ішінде.Шеңбер мағынасы-тіршілік,шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі-шаңырақ. Шаңырақ үй, Отан деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқында «Отан от басынан басталады» деген мақал бар. Отбасы-шаңырақ,сіздің үйіңіз. Шаңырақ-қазақ елінің белгісі, рәмізі.
      Шаңырақ әлемдік геральдика тарихында тұңғыш рет пайдаланып отырған бейне. Шаңырағы бар елтаңба тарихта болған емес. Елтаңба композициясында-ай мүйізді алтын қанатты қос пырақ бар. Ол қазақ халқының тұрмысының негізі.                   
Елтаңбадағы басты белгінің бірі-бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты,негізгі бояуы-алтын түстес.
Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасының авторлары-Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлиханов.

20.10.2009 20:00 Қазақ тілі Puma 7650 0
Мемлекеттік рәміздердің болмысын,мағынасын жақсы білу-бәріміздің әсіресе жас ұрпақтың парызы.
Қазақстанның мемлекеттік туы-біркелкі көгілдір түсті. Тудың ортасында шұғылалы алтын күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, сабының тұсында ұлттық өрнек салынған.
Тудың біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын, бейбітшілікті, тыныштық пен жарқын болашақты білдіреді. Өрнек-өнерінің көрсеткіші. Ерте кезден халықтар ою-өрнек жамандықтан қорғап жүреді деп есептеген. Мемлекеттік тудың авторы-суретші Шәкен Ниязбеков.

20.10.2009 19:59 Қазақ тілі Puma 10247 2
Жұмыс сағат сегізде басталады, сағат бесте аяқталады.
20.10.2009 19:58 Қазақ тілі Puma 6854 0
Қаңтар-январь (лат.Januarius) –римдіктердің Янус (Janus) құдайының атынан алынған.
20.10.2009 19:57 Қазақ тілі Puma 4915 0
Диалог.
20.10.2009 19:56 Қазақ тілі Puma 10389 1
Адамның дене мүшелеріне  бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық, т.б. жатады.  Мұны адамның қаңқасы дейді.
Адамның бас мүшелерінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелеріне орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі көзбен көруге болатын дене мүшелері.
Бұлардың көзбен көруге болмайтын да ағзалары да бар. Оларды дәрігерлер жақсы біледі. Көзге көрінбейтін мына ағзаларды жеке адамдар да сезеді, олар: асқазан, бауыр, бүйрек, жүйке, жүрек, өкпе, тамақ, іш. Өйткені адамдар бұлармен жиі ауырады.
Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щеткасымен тазалап отыру керек.  Шашты сабынсумен жиі жуып, құлақтың ішін сабындысумен жуып тұру керек. Денсаулықтың кепілі-тазалық.

20.10.2009 19:55 Қазақ тілі Puma 41897 12
Біздің қазақ тілі орталығында әр елдің азаматтары жиналады. Олардың араларында бір мақсат бар-қазақ тілін тез үйреніп алу. Дегенмен, олар бір-біріне ұқсамайды.
20.10.2009 19:54 Қазақ тілі Puma 2974 0
Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз.
20.10.2009 19:54 Қазақ тілі Puma 91695 6
Жаңа заман жастарға жаңа даңғыл жол ашты. Жиырма бірінші ғасырда өмір сүретін әрбір жасқа қойылатын талап та айрықша.
20.10.2009 19:52 Қазақ тілі Puma 3262 0
Біздің кітапхана бірінші қабатта. Онда орыс, қазақ, қырғыз және басқа тілдерде кітаптар өте көп. Мен күнде кітапхананың оқу залында боламын. Ол кешкі онға дейін жұмыс істейді.
20.10.2009 19:52 Қазақ тілі Puma 11954 3
Театр ойын-сауық орны. Мұнда ойын-сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәдени шаралар да өтеді. Театр ең алғаш Грецияда ашылған.
 Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы,т.б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.
Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып,ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, Абай ауданында) М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек » трагедиясы тұңғыш рет қойылды.
Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13-де М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды.
Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н.Бекежанов атындағы облыстық театр ғимараты тұр.
Бұл күнде Қазақстанның барлық облыс орталықтарында драма театрлар ашылды. Соңғы жылдары театр репертуары байи түсті.

20.10.2009 19:51 Қазақ тілі Puma 29020 1
Қазақ Мемлекеттік Заң университеті 1994 жылы 14 наурызда Заң институты болып ашылған еді. 1996 жылы университет дәрежесіне көтерілді. (Бұл университет Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі алғашқы ашылған Заң университеті).<
20.10.2009 19:50 Қазақ тілі Puma 5314 1
Мен ұзақ жыл оқып, білім алдым. Мамандығым - инженер-құрылысшы. Оқып жүрген кезде тезірек оқу бітіріп, жақсы үйлер салуды армандаушы едім. Оқуды бітірген соң үйленіп, жұмыс істеуге жіберген мекемеге уақтысында бардым. Бірақ мен барған құрылыс мекемесі бір жылдан бері тоқтап тұр екен. Мені жұмыс жоқ деп қабылдай алмады. Міне, содан бері 1 жыл 6 ай болды, жұмыс іздеп жүрмін. Мен 5 жыл оқып, мемлекет қаржысын босқа шығындадым ба? Қазір не өзіме ұнайтын жұмыс жоқ, не болашағымды асырайтын қаражат жоқ, көшеде қаңғырьш қалдым. Бұлай жүру дипломы бар маманға келіспейтін секілді. Сондықтан да менің жұмыс істегім келеді. Маған жұмыс беріңіздер, көмектесіңіздер.
Жұмыссыз инженер-қүрылысшы.

20.10.2009 19:49 Қазақ тілі Puma 2492 1
Мен бүгін ерте түрдым. Сағат жеті жарымда үйден шықтым. Жұмыс сағат сегізде басталады, сағат бесте аяқталады. Біздің мекемеде адам көп.
20.10.2009 19:49 Қазақ тілі Puma 3534 0
Мамандығым — инженер. Құрылыста істеймін. Сағат алтыда оянамын. Дене шынықтыру                         жаттығуларын жасаймын. Сонан соң жуынамын, қырынамын, таранамын, Әйелім ас әзірлейді. Бірге тамақтанамыз. Жеті жарымда киініп, далаға шығамын, автобус аялдамасына барамын. Сағат сегізде жұмыста боламын. Түскі үзіліс сағат он екіден бірге дейін. Сағат төртте жұмыс бітеді. Дүкенге барып, азық-түлік аламын. Сағат бес жарымда үйде боламын. Әйелім екеуміз бір сағаттай таза ауада қыдырамыз. Сағат сегізде кешкі асты ішеміз. Теледидар көріп, радио тыңдап, газет оқимыз. Сағат он бірде ұйықтауға жатамыз.
20.10.2009 19:48 Қазақ тілі Puma 12262 0
« 1 2 ... 14 15 16 17 18 »
Высшая математика
Методические разработки, лекции, самостоятельные работы, практические занятия, экзаменационные вопросы, тесты по высшей математике
Физика для студентов
Лекционные занятия по физике для студентов 1 и 2 курса, практические работы с решением задач.
История Казахстана
Учебные планы, полный курс лекций, перечень литературы, словарь терминов, глоссарий и методическое пособие для студентов Казахстана.
Экономика
Лекции занятия, СРС, СРСП, методические указания, шкала баллов, экзаменационные вопросы и тесты.
Экономикалық теория
Оқу-әдістемелік кешен құрылымы, типтік оқу бағдарламасы.
Информатика
Лекционные занятия, СРС, СРСП, методические указания, рубежный контроль и экзаменационные вопросы по информатике
Экология и устойчивое развитие
Лекционные занятия, СРС, СРСП, экзаменационные вопросы и тесты.
Основы права
Роль государства и права в развитии и совершенствовании общественных отношений. СРС и экзаменационные вопросы.
Физическая культура
Основные методики занятий физкультурой и физическими упражнениями.
Қазақстан тарихы
Қазақстан тарихы кiтап
Қазақ тілі
Қазақ тілі сабағы
Психология
Лекции по психологии для студентов, силлабус и задания для СРС
ОБЖ
Организационные основы обеспечения безопасности жизнедеятельности.
Политология
Учебное пособие для студентов вузов по политологии.
Философия
Сборник лекций по философии, рекомендуемая литература и самостоятельные задания для студентов.