Menu
Астана қаласы.
Қазақстан Республикасының астанасы-Астана. Астана қаласы 1832 жылдан Ақмола қаласы деп  аталып келді. 1961 жылы Н.С.Хрущевтің ұсынысымен ол «Целиноград» деп аталды. 1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа  қол қойды. Сөйтіп, енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды.
Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия  университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады. Астананаң болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ. Астана-Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік,экономикалық мәдени орталығы.
1998 жылдың 10-шілдесінде  Қазақстан Республикасының жас астанасының тұсау кесер тойы болды.  Қазір Астана-Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады.
Астана 20-шы ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді. Ол өте көркем қала.
20.10.2009 20:03 Қазақ тілі Puma 25944 8
maryamaltun   24.06.2011 11:30
Қазақтар, шала қазақ болғанды қою керек қой. Сұрақтарыңды ең болмағанда қазақшалап, мағыналы етіп қойсаңдар болады ғой.
Темирлан   29.05.2011 23:09
СПС
Leila   11.05.2011 23:27
spasibo )))))
to chto nado))))
karya   07.12.2010 21:46
о что надо! спасибо))) biggrin
айгуль   01.12.2010 23:47
тексте кателер баргой
Марал   20.11.2010 22:35
Астана қаласының экономикалық және географиялық орны жайында материал керек ед1!!! көмектес1ндерш!!!!
Мадина   24.10.2010 21:19
Точно не то...
Диана   06.10.2010 21:47
sad не то.....
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход