Menu
Қазақстан және оның табиғаты.
Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет.  Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шаршы шақырымнан асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань (Ереңқабырға) шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан жерінің  өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық, әрі құрғақ болады.  Бірақ ол аймақтың байлығы-тау өзендерінің мол суы.
Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда жауын-шашын мол, жазы да ыстық емес.
Қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Республикамыз мәдениеті мен ғылымы қатар өркендеген өркениетті елдердің  қатарына қосылуға ұмтылып келеді.
№3 Мына мәтінді орыс тіліне аударып ішінен қимыл-сын  үстеудің түрлерін табыңдар.
Алматы- көне қала. Археологтардың айтуы бойынша бұдан екі мың жыл бұрын Алматының орнында бұрын да қала болған. Ежелгі заманның өзінде Алматы деп аталған. 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің бойында іргетасы қаланған. Сол кезде ол әскери бекініс болатын. Алматыға «Верный» деген ат берілді.
1921 жылы қалаға ежелгі Алматы аты берілді. 1929 жылы Алматы Қазақстанның астанасы болды. Сол жылы Алматыға алғашқы пойыз келді.
Қазіргі Алматы-өндірістің, ғылым мен мәдениеттің, өнердің аса ірі орталығы. Қазіргі кезде миллионнан астам көп ұлтты халқы бар. Республика Тәуелсіздігінің белгісі-Алтын адамның биік бағана үстінде орнатылған мүсіні алыстан көз тартады.

20.10.2009 22:16 Қазақ тілі Puma 9328 3
KAZAKH BOMB   12.10.2011 18:55
Текст и внатуре не совсем про природу...
А ты Коза, когда-нибудь попадешь за свои слова.
ҚАЗАҚ   06.12.2010 21:49
сначала научись уважать другие народы и языки! не *казбецкий* а казахский!!! angry
Настюша   14.12.2009 18:14
sad всё не то что надо... у кого есть ссылка про природу на казбецком? нигде не могу найти.... cry
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход