Menu
Моңғол империясының құрылуы
Ұлы Дала әлемі моңғол дәуірі қарсаңында, яғни Шыңғысқан жаугершілігі қарсаңында Қазақстанның және Шығыс Еуропаның Алтай мен Дунай аралығын қоныстаған қыпшақтардың түркі тайпаларынан құралды.

Ұлы Қытай қабырғасынан Селенга өзеніне дейінгі кең байтақ жерлерді моңғол көшпенділері, сондай-ақ Онон өзені бойын мекендеген жалайырлар, Хангай және Хантэй қыраттары аралығында – керейттер, Хангай және Алтай таулары аралығында малдарын баққан наймандар әлі шыққан тегі де анықталмаған, түркілер ме әлде моңғолдар ма екендіктері белгісіз қоңыраттар, яғни сан алуан халықтар мекендеген.

Осы халықтар тарихымен жаңа бет ашылады. Қазақстанның генеологиялық аңыздарына қарасақ, осы халықтардың бәрі қазақ халқының құрамына кірген.

Әсіресе, қыпшақтардың ролі үстем болған, олар Қазақстанның және Қара теңіз жағалауының кең байтақ далаларында билік етіп қоймай, отырықшы халықтардың Ұлы державаларында да үстемдік еткен.

Грузия мен Византия – тек қыпшақтардың көмегімен сельджук империясы печегендер тысқыруынан, Еуропа кресттағушыларынан аман қалды. Сол сияқты Венгрия мен Киев Русі олардағы княздар арасындағы кикілжіңде, көне орыс княздарының және венгр корольдерінің туысқандары – қыпшақтар салмақты роль атқарды.

Сол заманда әлемде керейттер мен наймандар билеушілері де ерекше орын алды. Олардың бұл кезде өз мемлекеттері – ұлыстары болған және хат таныған және христиандыққа қамтылған.

Х-ХІІ ғасырлар Қазақстан қалаларының гүлдену кезеңі ескі - Отырар, Тараз, Испиджаб, Кулан, Янгикент қалаларымен қатар жаңа Каялык, Ашнас қалалары пайда болды. Тек Іле алқабында ХІ-ХІІ ғасырлар алдындағы 10 қаладан басқа тағы да 50 қала пайда болды.

Қазақстанның сол кезендегі қалалары сол заман үшін көркемдігімен ерекшеленді, су құбырлары, моншалары болды. Қазақстанның оңтүстігінде және Жетісуда қол ақша саудасы кеңінен тарады, Алатау тауларында алтын, күміс, мыс алынды. ХІІІ ғасырдың екінші оңжылдығында Қазақстанның оңтүстігінде билік Хорезм шахтарының қолына көшті, ал Жетісу қарақытай қолында қалды.

Бұл қалалар тек билік орталығы емес, оазис пен даланың, батыс пен шығыстың сауда, қолөнер орталығы болды.

Орта ғасыр тарихында билік басына келісімен көптеген халықтардың және Орта Азия, Қазақстан тағдырының өзгеруіне әкелген адамның есімі пайда болды.

Ол есім – Темичун. Темучин кейбір деректер бойынша 1162 ж, кейбір деректер бойынша 1155 жылы моңғол ақсүйегінің тұқымы Есугей – бахадурдың отбасында дүниеге келген. Моңғол аңызы бойынша Темучин қият боржын - әкесі жағынан руынан, ал шешесі – қоңырат тайпасынан тараған.

Темучин әкесінен ерте айрылып көп қиындық көрген, қуғыншылардан жасырынып Оран өзені бойындағы тоғайды мекендеп, шикі балықпен қоректенген. Оның өміріне бірнеше рет қауіп төнді. Өмір үшін күрес, одан қоғамның заңына жиіркенішпен қарайтын, өзіне қаншама қатыгез болған ортаға қарсылық көрсете алатын адамды қалыптастырды. Ол өз маңайына өзі сияқтыларды жинады. Ол тек күшке ғана табынды.

Ол өзінің сақабайларынан дружина жинап, айдап әкеткен табындарын қайтарып алды. Сәтті жортуылдарымен өжет жауынгер атағына ие болып, ХІІ ғасырдың аяғында Орта Азия даласының беделді қолбасшысы болды. Біресе бір, біресе екінші билеушілермен одақтаса отырып ол бұрынғы одақтастарына қарсы шыға бастады. Темучин біртіндеп Орта Азия тайпаларын біріктіріп, бағындырды. Шыңғыс ханның дала билігі үшін таластағы ең негізгі бақталасы керейлер мен наймандар да осының кебін киді. Тогорил Ванханның көмегімен найман ұлысы Даянханды талқандап, Шыңғыс хан бұрынғы одақтасына бас салды. Ол Орта Азия даласында ең құдіретті билеуші болып, оны саяси түрде бекітті. 1206 жылдың көктемінде наймандарды тағы да Бұхтарма өзенінде Шығыс Қазақстанда талқандап, Онон өзенінің көзінде көшпелі ақсүйектер, Темучинді жақтаушылардың құрылтайында ол салтаннаты түрде ұлы хан болып жарияланып, өз есімінің орнына Ұлы хан деген мағынаны білдіретін Шыңғысхан титулын алды.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход