Menu
Палеолит
Ерте палеолит. (2 млн. – 140 мың жыл бұрын) Шелашел кезеңі. Шамамен алғанда бұдан 800 мың жыл бұрын – Қазақстан территориясында (Оңтүстіқ аудандар мен Балхаштың солтүстігі) ежелгі дәуір адамының пайда болуы (питекантроп пен синатроп)

Ертедегі палеолит ірі – ірі үш дәуірге бөлінеді, олар: олдувай (2,6 млн. – 700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың – 150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың жыл бұрын) дәуірлері. Ерте палеолит алғашқы қауымдық табын дәуірі - бұл жалпы алғанда әлеуметтік, ең алдымен алғашқы қауымдық ұжымдық қатынастардың қалыптасу кезеңі. Кулді тас ғасыры бойында еңбек қүралып жасау жолындағы басты рөлді тас атқарады. Сол себептен ежелгі тұрақтардан көбінесе тастан жасалған бұйымдар табылады, ал неолиттік тұрақтардан жануарлар сүйектерінен істелген бұйымдар да кездеседі. Түрі мен ерекеше сипатына қарай тас бүйымдар шапқыш, қырғыш, үшкіртас, соққыш, пышақ, тескір және басқаға бөлінген. Көңірдек поселкесі қасынан табылған, тікбұрышты зілдей кремний сындырғіші ең ескі еңбек қүралдары орын алады№

Ашель дәуірінің тұрағы Бөріқазған мен Тәңірқазған бәрінен де көбірек назар аударады, олар малтастар, доломиттер мен алевролиттер тәрізді тау жыныстарынан тұратын, үсті тегі заңғар басында. Осынау олжа табылған жер Жамбыл облысында еді. Бөріқазған мен Тәңірқазғаннан табылған ежелгі палеолит заттарын Х.А. Алпысбаев төрт топқа: бір жақты, екі жақты шапқыш құралға; көне заманның салмақты сындырғышына; ірі – ірі кедір – бұдыр домалақ тастарға бөледі.

Төменгі палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған – оларды бір ө біріне соғатын болған.

Мұндай тәсілді жарып түсіру техникасы яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен, өйткені шикізат ретінде көбінесе өзен малтастары қажетке асырылған. Кейін соққыштар пайда болды.

Ашель дәірінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Мұнда қуралдар қара және сұрқай – жасыл түсті кремний жынысынан дайындалған. Осындай тұрақтардың бірі – Құдайкөл Сарыарқаның теріскей – шығыс шетінде орналасқан. Құралдар арасынан бифастарды, яғни тастың екі жағын да өңдеу арқылы жасалған құралды, жануарлар терін илеп, ағаш өңдеіге қолданылатын қырнауыштарды, сол сияқты толып жатқан домалақ тастарды атауға болады, соңғыснан сындырғыштар мен қалақтар жарылап алынып, еңбек құралдары ретінде пайдаланылған. Орталық Қазақстанның басқа да ашельдік ескерткіштері ішінен Обалысай тұрақтарын бөліп айтқан жөн. Тас бұйымдар арасынан жел – құздан мүжілген шапқыш құралдар айырықша назар аударады. Сонымен қатар археологтар Қаратау тауларынан, Бөріқазғаннан, Шабақтыдан (Жамбыл облысы), Қазанғаптан (Шу өзені) және басқа жерлерден адамадрдың негізгі кісібі аң аулар, ұжымдасып жабайы жануарларды ұстау, қару жарағы – шоқпар, жебе, дөрекі өңделген тас болды. Өздігінен өсетіп дәндерді, жеміс – жидек теріп жеу оларрдың өмірінде үлкен рөл атқарды. Синантроптар сол кездің өзіндеақ отты пайдаланды, бәлкім олар отты шағару әдісін де игерген болар. Піскен ет пен өсімдікті тамақ ету адамның дамуында игі әсер еткені сөзсіз. Қоғамдық ұйымы – адамдар тобыры болды. Адамдар үйірі бірігіп қорғану, шабуыл жасау, аң аулау және терімшілікпен айналалысу қызметін, қызметін атқарып, тасты жару үшін жұмыр тас қалданды.

Өрта пареолит. (140-40 мың жыл бұрын) Мустье дәуірі. Бұл кезеңнен қөғамдық ұйымы – ірі қауым болып табылады. Осы кездеадамның неандерталь түрі пайда болды. Қазақстан территориясының оңтүстік, орталық және шығыс бөліктерінде таралды. Сондай орталық мекендердін бірі – Қаратау таулары. Сондай орындары – Алғабас, Өгізтау 1,2,Үлкен Ақ-Мая және басқалары. Бүгінгі таңда Қозыбай деген олжалы жер – ШығысҚазақстан облысы территориясындағы ең ежелгі ескерткіш болып табылады. Бұл тұрақ Қолғұты өзенінің бойында Көршім ауданының Қараторғай ауылына таяу бір бүйірде. Алғашқы қауым адамның қолымен жасалған тас бұйымдары, олардың ішінде шапқыш құрал, екі жағы да өңделген құрал және қара түсті кремний жынысынан істелген сындырғыштар бар.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход