Menu
Дауысты дыбыстар
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жанаспай жатуы арқылы жасалынады. Олардың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы;
- дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу шығады;
- дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады;
- дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады;
- дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады;
- дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды және дауыссыздармен тіркесе алады.
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы, і.
Дауыстылар құрамына қарай жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстардың жасалуына белгілі сөйлеу мүшелерінің ерекше қатысуына қарай қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар бірнеше топқа бөлінеді. Олар, тілдің қатысу қалпына қарай: жуан және жіңішке; жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып табылады.

2.1. Жуан дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Ооларды кейде тіл арты дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жуан дауысты дыбыстар мыналар: а, о, ұ, ы.
2.2. Жіңішке дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Оларды кейде тіл алды дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жіңішке дауысты дыбыстар мыналар: ә, е, ө, ү, і.
2.3. Ашық дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар деп атаймыз.
Ашық дауыстылар мыналар: а, ә, о, ө.
2.4. Қысаң дауыстылар
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар деп атаймыз.
Қысаң дауыстылар мыналар: ұ, ү, ы, і.

2.5. Еріндік дауыстылар
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.
Еріндік дауыстылар мыналар: о, ө, ұ, ү.
2.6. Езулік дауыстылар
Езудің кейін тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.
Езулік дауыстылар мыналар: а, ә, е, ы, і.

Кесте 1.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Тілдің қатысына қарай жуан а, о, ұ, ы
жіңішке ә, е, ө, ү, і
Жақтың қатысына қарай ашық а, ә, о, ө
қысаң ұ, ү, ы, і
Еріннің қатысына қарай еріндік о, ө, ұ, ү
езулік а, ә, е, ы, і

Дауыстыларды талдаудың үлгісі:
а - езулік, ашық, жуан дауысты;
ә - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
е - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
ы - езулік, қысаң, жуан дауысты;
і - езулік, қысаң, жіңішке дауысты;
о - еріндік, ашық, жуан дауысты;
ө - еріндік, ашық, жіңішке дауысты;
ұ - еріндік, қысаң, жуан дауысты;
ү - еріндік, қысаң, жіңішке дауысты.

12.07.2010 16:52 Казахский язык Артем 3844 103398 5
˜”*°•Сонный♚Миffка•°*”˜   07.09.2015 15:14
рахмет оте катты комектестиндер
Арай   11.02.2015 21:50
көп-көп рахмет
Айка   21.05.2011 16:16
ё,ю,я,ь бізде қазақ тілімізде екі дыбысты береді. ол аріптерді біз дифтонг ариптері дейміз. ол дауысты да дауыссыз да бола алмайды.ол дыбыстарды біз орыс тілінен енген дыбыстардың қатарына жатқызамыз
kainar.kz@mail.ru   13.05.2011 10:24
шпор керек!!! казак адебиетен!
Лаула   18.10.2010 12:21
Алдымен сізге рақметімді айтамын. Сізде менің хатым дұрыс оқыла ма, жоқ па білмеймін. Дегенмен сіздің жауап беруіңізді өтінемін. Негізінен ё, ю, я әріптері дауысты дыбыстарға жатады дейміз, бірақ фонетиканың зерттеулерінде оларды дауысты дыбыстардың ешқандай түріне жатқызбайды. Осы туралы түсіндіріп бересіз бе? Олар өз беттерімен буын құра ала ма? Оларға қатысты тасымал қалай жасалады? Мысалы, "япыр-ау" сөзін қалай буынға бөлуге және тасымалдауға болады.
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход