Menu
Лексика туралы жалпы түсінік
Лексика — тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады.
Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология гректің лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бүл сөздердің грек тіліндегі мағынасы — сөз туралы ілім деген ұғымды береді.
Басқа тілдер секілді, қазақ тіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қатиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б.
Сонымен, лексикология дегеніміз — тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа түрғыдан қарастырады.
Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Семасиология лексиканың сөз мағыналарын және ол мағыналардың өзгеруінің себептерін зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады.
Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі — лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен барабар келетін тұрақты, фразологиялық сөз тіркестері де қарастырылады.
Сөз дегеніміз — басқаға тәуелсіз, жеке қолдануға болатын, жеке тұрып-ақ белгілі бір мағынаны я ұғымды білдіретін тілдің бір бүтін мағыналы бөлшегі. Сөздердің атқаратын ең негізгі функциясы — атауыштық қызметі. Сөз арқылы адам белгілі бір затты, құбылысты, оқиғаны яемесе солардың сындық, сандық силатын, іс-әрекетін атайды. Бірақ атауыш сөздер өздері атау болған заттың, құбылыстың ішкі сырын, мәнін ашып бере алмайды, ол екеуінің арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды.
13.07.2010 00:41 Казахский язык Артем 7232 122334 8
Аружан   14.05.2014 19:01
я нашла лексику ура ура спасибо
мубаряк   11.04.2014 23:38
хорошая страница мне она понадобилась)))
жонс   03.11.2012 13:50
это все от учебы
Anuar   27.12.2011 17:52
Klasni Sait Viru4iL)
Бобек   20.10.2011 12:33
маган жастардың ұйымдары мен қозғалыстары туралы мәлімет керек тауп берндерш!
Ақкүміс   16.10.2011 16:40
Маған лексика сұрақтары керек.
Айжан   30.03.2011 13:06
blahblah book cake crazy dont eek fool fear help icecream killed no prof shutup shock shutup santa snap smok sleep teehee unsure xmas weep sad surprised wacko wink wacko wink surprised cry это все от учебы
Айжан   30.03.2011 12:55
help Помогите мне найти анекдоты плиз
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход