Menu
Омоним сөздер
Дыбысталуы, сыртқы тұлғасы бірдей, бірақ ешбір мағыналық байланысы жоқ сөздер омонимдер деп аталады. Мысалы: Біз 21-ші жылы қысқа қарсы келдік (Ж. Ай.). 2. Етікші бізге жарымайды (мақал).
Осы келтірілген мысалдардағы есімдік біз деген сөз бен құралдың аты, зат есім біз деген сөздің дыбысталуы, тұлғасы бірдей, ал мағыналары әр басқа сөздер.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің өзара жақындығы бар. Осыдан келіп, кейде оларды бір-бірінен айыру қиындыққа соғады. Бірақ көп мағыналы сөздерден омонимдерді айырудың қиындығы барлық омонимдерге бірдей қатысты емес. Мысалы, — өкпе (өкпесі қабыну) деген сөз бен «реніш» деген мағынаны білдіретін өкпе деген сөздін омонимдес сөздер екені бірден ашық аңғарылады. Көп мағыналы сөздер әр түрлі заттың атауы болғанмен, олардың арасында қанда да мағыналық жақындық, ұқсастық болады. Ал омоним сөздер арасывда ондай мағыналық жақындық, ұқсастық болмайды.
Бас деген сөздің көп мағыналығы мен омонимдік мағынасын былайша салыстыруға болады:

Көп мағыналы сөздер Омоним сөздер
адамның басы таудын басы судың басы адамның басы аяғыңды жай бас көрікті бас
Омоним сөздердің айырықша бір түрі есебінде омофондар мен омографтардың сөз тіркестеріндегі орфографиямен, opфоэпиямен қарым қатынасын ескермей болмайды.
Омофондар дегеніміз — біркелкі айтылып, түрліше жазылатын сөздер. Мысалы, Асшы — ac даярлайтын адам. Ащы — қарсы мағынасы — тұщы. Екеуінің де айтылуы — ашшы. Қарала — қарама-қарсы мағынасы — ақта. Қapa ала — Қapa mүc пен ақ түстің аралас келуі; екеуінің айтылуы — қарала.
Омографтар дегеніміз — біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер. Мысалы: бөлме («үйдің бөлігі») бөлме (бөл деген етстіктің болымсыз түрі), mapmna («столдық қағаз салатын жәшігі»), mapmna (тарт деген етістіктің болымсыз түрі). Жұп-жүбымен келген осы секілді омографтардың сыңарлары айтылуда екпін арқылы ажаратылады. Екпін аталған сөздердің зат есім сыңарларының соңғы буынына түседі де, етістік сыңарларының бас буынына түседі.

13.07.2010 16:52 Казахский язык Артем 4653 119043 7
айдана   16.10.2016 17:20
Омонимдері керек жөң,ең ,жер, ақ, қара.
нурпиис   09.10.2015 10:54
маган солем керек жок маган макалдар керек
бакоси   23.09.2012 23:25
маган омонимге мысалдар керек.Сойлем емес создер.
anaisel.90   18.09.2011 16:28
маган омоним соз керек
қаиырхан   01.02.2011 22:23
омонимы бар мақал керек
Ералы   09.01.2011 21:23
такырыптық тесттер дүние жүзі тарихынан бар ма ?
артем   08.01.2011 23:41
спасибо! оч помогли
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход