Menu
Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер және демографиялық мәселелер.
Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі. Еркек пен әйелдің өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін әлеуметтік форма. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандагы № 321-1 Заңының 10-бабына сәйкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Некеге тұру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.

Неке қию екі түрлі болады. Біріншісі қаладағы жас жұбайлар сарайына барып, немесе оның қызметкерлерін (ЗАГС-тің) тойға шақырып, сонда некеге отыру. Екіншісі мешітке барып, немесе молданы тойға алдыртып неке суын ішіп, некелерін қидыру.

Неке сақинасы. Этнографтардың зерттеуінше, неке сақинасын алмастыруды мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек қалыбы (формасы) – мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты бейнелейді.

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Демографиялық проблемаларды шешу жолдарын таңдау қандай да бір мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени деңгейіне байланысты болады.

Мемлекеттік демографиялық саясат мына қағидаттарға негізделеді:

• нәсіліне, ұлтына, дініне қарамастан елдін барлык, азаматтарының тендігі;
• осіп-өнуді және өтбасын жоспарлауды еркін таңдау;
• аса маңызды әлеуметтік функция ретінде аналықты, БҰҰ-ның «Баланың құқықтары туралы» Халықаралық Конвенцияларына сәйкес балалардың мүдделерін сақтау кезінде өз балаларын тәрбиелеуде ата-ананың тең міндеттерін тану;
• тууға, өлімге, өмірдің ұзақтығы мен демографиялық және көші-қондық процестердегі жаңа тенденцияларды ескере отырып, көші-қонға ықпал етудің түрлі шараларын қамтитын кешенді көзқарас;
• демографиялық саясатты іске асыруда бірыңғай негізін қалайтын нормалардың негізінде орталық және аймақтық органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін аймақтық ерекшеліктерді есепке алу;
• халықтың экологиялық қауіпсіздігі, биологиялық әр-алуандықты сақтау және табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру.
27.09.2014 01:05 Қазақ тілі Артем 3944 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход