Menu
Жас отбасы және дәстүр
Екі жастың бас қосып, отбасын құруы — ежелден қалыптасқан дәстүр.

Үйлену тойы – екі жастың, олардың ата-аналарының өміріндегі қуанышты оқиға, адамдар арасындағы жұбайлық қарым-қатынасқа күдік тудырмау үшін жұртқа жария ету салтанаты.

Ойшыл А.Шопенгауэр айтпақшы: «Үйлену дегеніміз - өз құқығыңның жарымын азайтып, міндетіңді екі есе көбейту деген сөз».

Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі.

Ал, қазақта үйлену тойының өзі екі кезеңнен тұрады. Ол қалыңдықтың ұзатылу, яғни қызды шығарып салу тойы, келесісі – күйеу жігіттің ауылында болатын үйлену тойы.

Құда түсу – қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң, құдалықтың жөн-жоралғысы жасалады. Құдалықты басқарып барған адам бас құда деп аталады.

Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Арнайы пісіріп, әзірлеген қойдың құйрық майы мен бауыры туралған табақтан қыз жағының адамдары

Құда, құда деселік,
Құйрық-бауыр жеселік,
Құйрық-бауыр жемесек,
Несіне құда деселік
, - деп өлеңдете келіп, құдаларға, отырған адамдарға айнала құйрық-бауыр асатып шығады.

«Тойдың болғанынан болатыны қызық» демекші, үйлену салты негізінен, үйленуге дайындықтар, құдалық, той және тойдан кейінгі әдет-ғұрыптар сияқты бағыттардан құралады. Той біздің ұлтымыздың ежелден келе жатқан дарқандығын, бар жиған-тергенін тек қуанышқа шашатындығын көрсетеді. Бұрын негізінен шілдехана, ұлды сүндетке отырғызу, мүшел жасқа толу тойы, келін түсіру, қыз ұзату секілді тойларға ерекше көңіл бөлген.
27.09.2014 01:05 Қазақ тілі Артем 4421 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход