Menu
Новые сообщения Участники Правила форума Поиск RSS
  • Страница 1 из 12
  • 1
  • 2
  • 3
  • 11
  • 12
  • »
Модератор форума: virus_128  
ҰБТ. Химия. Қазақша
virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
12.04.2012, 22:44, Четверг | Сообщение 1
Осы жерде әртүрлі есептерді жаза аласыз (2011-12 тест жинақтары, мектепте тапсыратын сынақ тестілер). Егер, тест жинақтарынан тапсырмаларды жазсаңыз, нұсқа және тапсырма нөмірін, берілгенін және жауабын жазуға ұмытпаңыз.
askhatchik Offline Друзья сайта
Сообщений (13) Репутация (5) Награды (2)
12.04.2012, 23:48, Четверг | Сообщение 2
Маған химиядан реакция жылдамықтарына байланысты есептерді қалай шығаратынын айтып жібермейсіздер ме? Сол есептерді шығаруда қиындықтар көрем
virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
13.04.2012, 00:09, Пятница | Сообщение 3
Quote (askhatchik)
Маған химиядан реакция жылдамықтарына байланысты есептерді қалай шығаратынын айтып жібермейсіздер ме? Сол есептерді шығаруда қиындықтар көрем

Көбінесе, вант-гофф ережесі қолданылады:

V2=V1T2 - T1\10. Бұл жерде: V2 = T2 температура болғандағы жылдамдык. V1=Реакцияның бастапқы жылдамдығы. T1=Бастапқы температура. T2= температура. γ = температуралық коэффициент. (T2-T1)\10 бұл гамманың дәрежесі.

Мысалы: 30"C температура кезінде химиялық реакцияның жылдамдығы 0,01моль/л.мин-қа тең.
Егер температураны 10"C-ға көтергенде,ол 3 есе артатын болса,60"C кезіндегі осы реакцияның жылдамдығы.

V1=0.01 моль\л.мин T1=30 градус γ - белгісіз T2=40 V2=0.03 (бастапқыдан 3 есе артты)

Ең бірінші, гамманы табуымыз керек:
0.03=0.01*λ40-30\10 Яғни, гамма 3-ке тең болады.

Енді ары қарай есептеуімізге болады:
V2=x V1=0.01 T2=60 градус λ=3 T1=30
V2=0.01*33=0.27 моль\л.мин.
askhatchik Offline Друзья сайта
Сообщений (13) Репутация (5) Награды (2)
13.04.2012, 00:10, Пятница | Сообщение 4
Мына есепті қалай шығарады? химия-2012 тест жинағының 12-нұсқасының 21 есебі:
20 л 36,5%-ті тұз қышқылы ерітіндісін (ρ= 1,18 г/мл) даярлау үшін (қ.ж.) қажет хлордың көлемі
virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
13.04.2012, 00:32, Пятница | Сообщение 5
Quote (askhatchik)
Мына есепті қалай шығарады? химия-2012 тест жинағының 12-нұсқасының 21 есебі:
20 л 36,5%-ті тұз қышқылы ерітіндісін (ρ= 1,18 г/мл) даярлау үшін (қ.ж.) қажет хлордың көлемі


Ең бірінші, 20л. ерітіндідегі тұз қышқылының көлемін табамыз:
V(HCl)=20*36.5\100=7.3 л.
Тығыздығы г\мл-де берілгенде, ал көлемі л-де берілгенде, бізге көлемін мл-ға айналдыруға ыңғайлы болады, яғни, V(HCl)=7.3*1000=7300 мл
Енді, m=ρ*V формуласы арқылы, тұз қышқылының массасын табамыз:
m(HCl)=7300*1,18=8614 грамм. Есептеуге ыңғайлы болу үшін, граммды килограммға айналдырамыз:
m(HCl)=8.614 кг.
Енді, реакция теңдеуін құрамыз:

H2 + Cl2 ----> 2HCl
M(HCl)=73 кг.
m(HCl)=8.614 кг.
V(молярл.)(Cl2)=22.4 м3
Пропорция арқылы, хлордың көлемін табамыз:
V(Cl2)=8.614*22.4\73=2.64 м3 Жауабы: С)
askhatchik Offline Друзья сайта
Сообщений (13) Репутация (5) Награды (2)
15.04.2012, 19:50, Воскресенье | Сообщение 6
Мына есепті шығарып, шығару жолын түсінідіріп беріңдерші
Темірдің массалық үлесі 0,95 болатын металдан жасалған 3,54г бұйым бөлшегін ерітуге қажет 14,6% -тті тұз қышқылы ерітіндісінің массасы:
А-45г В-49г С-30г Д-25г Е-50г
virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
15.04.2012, 22:16, Воскресенье | Сообщение 7
Quote (askhatchik)
Темірдің массалық үлесі 0,95 болатын металдан жасалған 3,54г бұйым бөлшегін ерітуге қажет 14,6% -тті тұз қышқылы ерітіндісінің массасы:
А-45г В-49г С-30г Д-25г Е-50г

3.54 грамм бұйымда 95 % темір бар. Біріншіден, темірдің массасын табуымыз керек:
m(Fe)=3.54*95\100=3.363
Енді, реакция теңдеуін жазамыз:
Fe + 2HCl ----> FeCl2 + H2
M(Fe)=56
M(HCl)=2*36.5=73
Осы жерден, темірдің зат мөлшерін табамыз:
ню(Fe)=3.363\56=0.06 моль
Осыдан, керек тұз қышқылының массасын табамыз:
m(HCl)=0.06*73=4.38 грамм
Бірақ, бізге 14.6 проценттік ерітіндінің массасын табуымыз керек. Пропорция арқылы есептейміз:
4.38---------14.6% x=30 г
x--------------100%
Жауабы: 30г С)
Aikosya-_- Offline Студенты
Сообщений (32) Репутация (0) Награды (0)
17.04.2012, 18:57, Вторник | Сообщение 8
Тотығу - тотыксыздану реакциялары туралы айтсаныз,мысалы тоо-тотык реакциялардын кыскаша иондык тендеуи туралы, немесе әркашан тотыктыргыш немесе тотыксыздандыргыш касиет корсететин элементтер?

Добавлено (17.04.2012, 17:57)
---------------------------------------------
мысалы , 1)этиаминнің тұз кышкылымен әреккеттесу реакциясында элементтердің тотыгу дәрежеси кайссыснда озгереди?

2)тот-тотык реакциясыннын кыскаша иондык тендеуі:
a)Fe(+3) + 3OH(-) = FE(OH)3
b)Cu(o) + Hg(2+) = Cu(2+) Hg(o)
c)Pb(2+) S(2-) = PbS
d)Ba(2+) CO3(2-) = Ba CO3
e)Fe(+2) + 2OH(-) = FE(OH)2

virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
17.04.2012, 19:35, Вторник | Сообщение 9
Quote (Aikosya-_-)
мысалы , 1)этиаминнің тұз кышкылымен әреккеттесу реакциясында элементтердің тотыгу дәрежеси кайссыснда озгереди?

2)тот-тотык реакциясыннын кыскаша иондык тендеуі:
a)Fe(+3) + 3OH(-) = FE(OH)3
b)Cu(o) + Hg(2+) = Cu(2+) Hg(o)
c)Pb(2+) S(2-) = PbS
d)Ba(2+) CO3(2-) = Ba CO3
e)Fe(+2) + 2OH(-) = FE(OH)2

1) Азот.
C2H5NH2 + HCl-----> [C2H5NH3]+Cl-

2) b)
Hg -- тотықтырғыш, себебі тотығу дәрежесі кеміп тұр.
Cu -- тотықсыздандырғыш, тотығу дәрежесі артып отыр.

Quote (Aikosya-_-)
әркашан тотыктыргыш немесе тотыксыздандыргыш касиет корсететин элементтер?

Тотығу дәрежесін ең төмен\жоғарғы көрсететін элементтер.

Quote (Aikosya-_-)
кыскаша иондык тендеуи туралы

Бірінші, толық иондық теңдеуді жазу керек. Содан кейін, ұқсас иондарды қысқарту керек. (Әдетте, соңында диссоциацияланбайтын қосылыс түзіледі.) Мысалы:

CuSO4 + 2NaOH ---> Na2SO4 + Cu(OH)2
Толық иондық теңдеуі:
Cu(2+) + SO4(2-) + 2Na(+) + 2OH(-) ---> 2Na(+) + SO4(2-) + Cu(OH)2 (көк тұнба, иондарға ыдырамайды)
Енді, оны қысқартсақ:
Cu(2+) + 2OH(-) ------> Cu(OH)2
Aikosya-_- Offline Студенты
Сообщений (32) Репутация (0) Награды (0)
17.04.2012, 21:19, Вторник | Сообщение 10
Егер орташа молекулалық массасы 1200 екені белгілі болса, поливинилхлоридтегі хлордың массалық үлесі.
virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
17.04.2012, 21:29, Вторник | Сообщение 11
Quote (Aikosya-_-)
Егер орташа молекулалық массасы 1200 екені белгілі болса, поливинилхлоридтегі хлордың массалық үлесі.

Біріншіден, поливинилхлоридтің бір буынының мол-қ массасын табуымыз керек:
M(-CH2-CHCl-)=62.5 г.моль
Енді, пропорцияны құрамыз (62.5 г поливинилхлоридте 35.5 г хлор бар):
62.5---------35.5
1200--------x
x=681.6
Яғни, 1200 грамм поливинилхлоридте 681,6 грамм хлор бар. Енді хлордың массалық үлесін есептейміз:
w(Cl)=681.6*100\1200=56.8%
Жауабы: 56.8 %
Aikosya-_- Offline Студенты
Сообщений (32) Репутация (0) Награды (0)
17.04.2012, 22:08, Вторник | Сообщение 12
калий сульфатынын 240г 15 проценттті ерітіндісіне 60г су косканда алынгын ер-гі калий сульфатынын массалык улеси(12)

10г натрий гидроксидін бейтараптау ушін қажет күкүрт кывшкылынын массасы(12,25)

Шыгармая кой жай гана дурыспа соны айтшы ,сенімді емеспін.
virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
17.04.2012, 22:32, Вторник | Сообщение 13
Дұрыс!
Aldi_styles Offline Друзья сайта
Сообщений (942) Репутация (733) Награды (7)
17.04.2012, 22:33, Вторник | Сообщение 14
Көлемі 250 мл CuSO4 ерітіндісіне массасы 40 г темір тақташасы салынды.Егер реакциядан кейін тақташаның массасы 42 г болса,онда түзілген мыс пен ерітіндідегі темір(II) сульфатының молярлық концетрациясының массасын анықтаңдар.
virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
17.04.2012, 23:14, Вторник | Сообщение 15
Реакция теңдеуін жазу керек:
CuSO4 + Fe ---> FeSO4 + Cu
M(Fe)=56
M(Cu)=64
Реакция теңдеуі бойынша, 1 моль мыс сульфатынан 1 моль темір сульфаты, 1 моль мыс түзіледі (мыс темір пластинкаға жабысады). Яғни, пластинканың массасы (64-56=8г) 8граммға артады. Бірақ, берілгені б-ша пластинканың массасы 2 граммға артты. Пропорция арқылы зат мөлшерін есептейміз:
1моль-----8г
хмоль-----2г
х=0.25 моль.
m(Cu)=0.25*64=16 г.
Ерітіндінің көлемі= 250 мл=0.25л
ню(FeSO4)=0.25 моль
C(молярл.)(FeSO4)=0.25моль\о.25л=1 моль\л=1М
Жауабы: m(Cu)=16 г. С(м)(FeSO4)=1 М
Aldi_styles Offline Друзья сайта
Сообщений (942) Репутация (733) Награды (7)
17.04.2012, 23:37, Вторник | Сообщение 16
50 г 15%-тік мыс сульфаты ерітіндісіне(p=1.12 г/мл) массасы 5 г темір тақташасын салғанда, біраз уақыттан кейін тақташаның массасы 5,154 г-га тең болады.Реакциядан кейін ерітіндідегі мыс сульфатының массалық үлесін табыңдар.Ж;-0,095%

Добавлено (17.04.2012, 22:37)
---------------------------------------------
Құрамында ерімтал тұздары болатын ерітіндіден күмісті бөліп алу үшін ерітіндіні түйіршік мырыш қосып қосып қайнатқаннан кейін, металл массасы 7,5 г өсті.Ерітіндіден қанша грамм күміс бөліп алынған. Жауабы 10,8 г

virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
18.04.2012, 01:06, Среда | Сообщение 17
Quote (Aldi_styles)
Құрамында ерімтал тұздары болатын ерітіндіден күмісті бөліп алу үшін ерітіндіні түйіршік мырыш қосып қосып қайнатқаннан кейін, металл массасы 7,5 г өсті.Ерітіндіден қанша грамм күміс бөліп алынған. Жауабы 10,8 г

Күмістің барлық ерімтал тұздарының аниондарының заряды (-1). Реакция теңдеуі:

2AgX + Zn ----> ZnX2 + 2Ag
M(Zn)=65
M(Ag)=216
Енді, металлдың массасын қаншаға артатынын табуымыз керек:
m=108*2-65=151 грамм
Енді, пропорцияны құрамыз:
2 моль-----151г
х моль-----7.5
х=7.5*2\151=0.99 Жуықтағанда=0.1
m(Ag)=0.1*108=10.8 г
Жауабы: 10.8 г.

Добавлено (18.04.2012, 00:06)
---------------------------------------------

Quote (Aldi_styles)
50 г 15%-тік мыс сульфаты ерітіндісіне(p=1.12 г/мл) массасы 5 г темір тақташасын салғанда, біраз уақыттан кейін тақташаның массасы 5,154 г-га тең болады.Реакциядан кейін ерітіндідегі мыс сульфатының массалық үлесін табыңдар.Ж;-0,095%

Берілгенінде қате, 50 г. емес, 50 мг.

CuSO4 + Fe ----> FeSO4 + Cu
1------8
x------0.154
x=0.01925 моль
m(CuSO4(реакцияға түскен)) =0.01925*160=3,08
m(ерітінді)=50*1.12 - 0.154=55,846
m(CuSO4(ерітіндідегі)) = 56*15\100=8.4 г
m(CuSO4(Реакциядан қалған)) = 8.4-3.08=5.32 г
w(CuSO4)=5.32\55.846=0.095
Жауабы: 0.095
Aldi_styles Offline Друзья сайта
Сообщений (942) Репутация (733) Награды (7)
18.04.2012, 01:19, Среда | Сообщение 18
Тұз қышқылының ерітіндісіне массасы 50 г металл тақташа салынған.Көлемі 0,336 л(қ.ж) сутекті ығыстырғанда,тақташа массасы 1,68%-ке азайды.Тақташа қандай металдан жасалған?
virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
18.04.2012, 01:31, Среда | Сообщение 19
Quote (Aldi_styles)
Тұз қышқылының ерітіндісіне массасы 50 г металл тақташа салынған.Көлемі 0,336 л(қ.ж) сутекті ығыстырғанда,тақташа массасы 1,68%-ке азайды.Тақташа қандай металдан жасалған?

Біріншіден, реакцияға түскен металлдың массасын табуымыз керек:
m(Me)=50*1.68\100=0.84 грамм металлы реакцияға түсті. Бізге Ме валенттілігі белгісіз. Сондықтан 1 валентті металлдан бастап сандарды орынға қоямыз.

1) 2Me + 2HCl ---> 2MeCL = H2
m(Me)=0.84
ню(h2)=0.336\22.4=0.015
ню(Me)=2*0.015=0.03
ню=m\M формула арқылы молярлық массаны өрнектеп аламыз:
M=m\ню
Сандарды формулаға коямыз:
M=0.84\0.03=28 г\моль.
Осындай салыстырмалы атомдык массасымен ешқандай металл жоқ.

Енді, 2 валентті металлмен өрнектеуге көрейік:
Me + 2HCl----> MeCl2 + H2
m(Me)=0.84
ню(H2)=0.336\22.4=0.015
ню(Me)=0.015
M(Me)=0.84\0.015=56 г\моль.
Жауабы: Темір.
Aldi_styles Offline Друзья сайта
Сообщений (942) Репутация (733) Награды (7)
18.04.2012, 01:51, Среда | Сообщение 20
4 г мыс сульфаты бар ерітіндіге кадмий тақташасын салғанда, мысты толық ығыстырғаннан кейін тақташаның массасы 3%-ке азайды.Ерітіндіге салынған тақташаның массасын анықтаңдар.
virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
18.04.2012, 01:59, Среда | Сообщение 21
Quote (Aldi_styles)
4 г мыс сульфаты бар ерітіндіге кадмий тақташасын салғанда, мысты толық ығыстырғаннан кейін тақташаның массасы 3%-ке азайды.Ерітіндіге салынған тақташаның массасын анықтаңдар.

Бұл реакция кезінде, егер 1 моль кадмий қатысса, тақташаның массасы (64-112=-58) 48-ге кемиді.
CuSO4 + Cd -----> CdSO4 + Cu
m(CuSO4)=4
M(CuSO4)=160
M(Cd)=112
m(Cd)=4*112/160=2.8
ню(Cd)=2.8\112=0.025 моль
Пропорцияны құраймыз:
1------48
0,025-х
х=0.025*58=1.2 грамм.
Берілгені б-ша, 1.2 грамм ол 3 пайыз, 100% (Такташаның массасын ) табамыз:
1.2---3%
х-----100%
х=100*1.2\3=40 грамм.
Жауабы: 40 грамм.
Aldi_styles Offline Друзья сайта
Сообщений (942) Репутация (733) Награды (7)
18.04.2012, 02:24, Среда | Сообщение 22
200 мл 0,1 М мыс сульфаты ерітіндісіне массасы 10,112 г темір тақташасы салынған.Ерітіндіден барлық мысты ығыстырғанда ,тақташаның массасы қандай болады?

Добавлено (18.04.2012, 01:24)
---------------------------------------------
1.Массасы 10,4 темір мен магний қоспасын тұз қышқылында еріткенде, 6,72 л(қ.ж) сутек бөлінеді.Қоспадағы әрбір металдың массасын табыңдар.Жауабы:5,6г темір және 4,8 г магний.
2.Жалпы массасы 59,65 г калий перманганаты мен бертолле тұзының қоспасын ыдыратқанда, 6,72 л(қ.ж) оттек бөлінді.Қоспа құрамын анықтаңдар.Жауабы: 47,40 г KMnO4, 12.25 г KClO3
3.Құрамында 4,919 г калий хлориді және бромиді қоспасы бар ерітіндіге күміс қосқанда, нәтижесінде 9,055 г күміс хлориді және бромидінің қоспасы түзілді.Алынған және түзілген қоспаның құрамын анықтаңдар.
Жауабы: Бастапқы қоспа- 3,725 г KCl, 1,19 г KBr
түзілген қоспа-7,175 г AgCl, 1.88 г AgBr
4.Жалпы массасы 1,52 г калий және натрий гидритерінің қоспасын сумен өңдегенде , 1,12 л(қ.ж) газтектес зат түзілді.Гидриттердің қоспасының құрамын анықтаңдар.
Жауабы: 0,8 г KH және 0,72 г NaH

virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
18.04.2012, 02:28, Среда | Сообщение 23
Quote (Aldi_styles)
200 мл 0,1 М мыс сульфаты ерітіндісіне массасы 10,112 г темір тақташасы салынған.Ерітіндіден барлық мысты ығыстырғанда ,тақташаның массасы қандай болады?

Пропорция арқылы, мыс сульфатының зат мөлшерін табамыз:
0.1 моль-----1л
хмоль--------0.2л
х=0.02 моль

CuSO4 + Fe ----> FeSO4 + Cu
1 моль темір тақташасы мыс сульфатына салынғанда, тақташа массасы 7.7г-ға артады (63,55-55,85=7.7)
Енді, тағыда пропорцияны құраймыз:
1------7.7
0.02----х
х=0.154 г.
m(тақташа)=10.112 + 0.154=10.266 г
Жауабы: 10.266 г.
Aldi_styles Offline Друзья сайта
Сообщений (942) Репутация (733) Награды (7)
18.04.2012, 02:38, Среда | Сообщение 24
1.Массасы 10,4 темір мен магний қоспасын тұз қышқылында еріткенде, 6,72 л(қ.ж) сутек бөлінеді.Қоспадағы әрбір металдың массасын табыңдар.Жауабы:5,6г темір және 4,8 г магний.
2.Жалпы массасы 59,65 г калий перманганаты мен бертолле тұзының қоспасын ыдыратқанда, 6,72 л(қ.ж) оттек бөлінді.Қоспа құрамын анықтаңдар.Жауабы: 47,40 г KMnO4, 12.25 г KClO3
3.Құрамында 4,919 г калий хлориді және бромиді қоспасы бар ерітіндіге күміс қосқанда, нәтижесінде 9,055 г күміс хлориді және бромидінің қоспасы түзілді.Алынған және түзілген қоспаның құрамын анықтаңдар.
Жауабы: Бастапқы қоспа- 3,725 г KCl, 1,19 г KBr
түзілген қоспа-7,175 г AgCl, 1.88 г AgBr
4.Жалпы массасы 1,52 г калий және натрий гидритерінің қоспасын сумен өңдегенде , 1,12 л(қ.ж) газтектес зат түзілді.Гидриттердің қоспасының құрамын анықтаңдар.
Жауабы: 0,8 г KH және 0,72 г NaH
virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
18.04.2012, 13:58, Среда | Сообщение 25
Quote (Aldi_styles)
1.Массасы 10,4 темір мен магний қоспасын тұз қышқылында еріткенде, 6,72 л(қ.ж) сутек бөлінеді.Қоспадағы әрбір металдың массасын табыңдар.Жауабы:5,6г темір және 4,8 г магний.

x+y=10.4 г
ню(H2)=6.72\22.4=0.3 моль
x+y=0.3 моль
х-ті граммен аламыз, у-ті мольмен аламыз (эквивалент заңы б-ша, бұлай істеуге болады).
x--------------------------(0.3-y)
Fe + 2HCl ---> FeCl2 + H2
56---------------------------1
x\56=0.3y-1
x=16.8 - 56y
(10.4-x)-------------------------y
--Mg + 2HCl ----> MgCl2 + H2
--24----------------------------1
10.4-x\24=y
24y=10.4-x

Теңдеулер жүйесін шешеміз:
|x=16.8-56y
|24y=10.4-x---->24y=10.4-16.8+56y-----> -32y=-6.4----> y=0.2------>x=5.6 г (Fe)----> m(Mg)=10.4-5.6=4.8 г

Жауабы: m(Fe)=5.6 г, m(Mg)=4.8 г.

Добавлено (18.04.2012, 12:58)
---------------------------------------------
2-й и 4-й сделал, с ответами сошлось. Решение будет чуть позже. Над третьим заданием надо ещё подумать.

Aikosya-_- Offline Студенты
Сообщений (32) Репутация (0) Награды (0)
18.04.2012, 14:52, Среда | Сообщение 26
1)340 г сутек пероксидінде қанша моль оттек атомы бар болса, сонша моль оттек атомы болатын судың массасы.

2)230 г натрий 780 мл сумен әрекеттесетін болса, ерітіндіде түзілген сілтінің масалық үлесі.

3)Іс жүзінде жүрмейтін реакция ??
T_ZHANDOS Offline Друзья сайта
Сообщений (366) Репутация (195) Награды (2)
18.04.2012, 15:46, Среда | Сообщение 27
Маған осы есептердің шығару жолы дереу керек еді
1)56 г полиэтилен жанғанда түзілетін көмірқышқыл газының Қ.Ж. көлемін тап.
Жауабы 89,6л маған шешуі керек еді.

2) пропанол-1 дің 25 грамы мен натрийдің 9,2 грамы әрекеттескенде түзілетің натрий пропилатының массасын тап.
Жауабы 32,8 Шығару жолы керек еді

3)Құрамында 25 пайыз қоспасы бар 500кг кльций карбидінің ацетилленттің қанша көлемін алуға болды№ жауабы 131250 л
Aikosya-_- Offline Студенты
Сообщений (32) Репутация (0) Награды (0)
18.04.2012, 17:19, Среда | Сообщение 28
Quote (Aikosya-_-)
3)Іс жүзінде жүрмейтін реакция ??


H2 + O2 =>
H2 + H2O =>
H2 + S =>
H2 + C =>
H2 + Cl2 =>
virus_128 Offline Друзья сайта
Сообщений (911) Репутация (856) Награды (4)
18.04.2012, 18:25, Среда | Сообщение 29
Quote (Aikosya-_-)
1)340 г сутек пероксидінде қанша моль оттек атомы бар болса, сонша моль оттек атомы болатын судың массасы.

2)230 г натрий 780 мл сумен әрекеттесетін болса, ерітіндіде түзілген сілтінің масалық үлесі.

3)Іс жүзінде жүрмейтін реакция ??
H2 + O2 =>
H2 + H2O =>
H2 + S =>
H2 + C =>
H2 + Cl2 =>

1) m(H2O2)=340 г
M(H2O2)=34 г\моль
ню(H2O2)=10 моль
Яғни, 10H2O2. 10 моль пероксидте 20 атом оттек бар. Яғни, судың формуласы онда болады: 20H2O
m(H2O)=20*18=360 г.
Жауабы: 360 г.

2)
Су артық мөлшерде берілген, р-я теңдеуі:
2Na + 2H2O----->2NaOH + H2
m(H2O)=780г
m(Na)=230 г
M(H2O)=36 г\моль
M(Na)=46 г\моль
M(NaOH)=80 г\моль
m(NaOH)=230*80\46=400 г.
230 г Натрий 180 г сумен әрекеттесіп 400г натрий гидроксидін түзеді. Ерітіндінің массасы:
m(ер.)=780-180+400=1000
w(NaOH)=400*100\1000=40%
Жауабы: 40%.

3) 2H2 + O2 ----> 2H2O
H2+H2O----> реакция жүрмейді.
H2 + S -----> H2S
2H2 + C-----> CH4
H2+Cl2-----> HCl
Жауабы: H2 + H2O

Добавлено (18.04.2012, 17:04)
---------------------------------------------

Quote (T_ZHANDOS)
1)56 г полиэтилен жанғанда түзілетін көмірқышқыл газының Қ.Ж. көлемін тап.
Жауабы 89,6л маған шешуі керек еді.

2) пропанол-1 дің 25 грамы мен натрийдің 9,2 грамы әрекеттескенде түзілетің натрий пропилатының массасын тап.
Жауабы 32,8 Шығару жолы керек еді

3)Құрамында 25 пайыз қоспасы бар 500кг кльций карбидінің ацетилленттің қанша көлемін алуға болды№ жауабы 131250 л


1) (C2H4)n + 3O2 ----> 2CO2 + 2H2O
m((C2H4)n)=56 г.
M((C2H4)n)=28 г\моль.
V((молярл.)CO2)=44.8 л\моль
V(CO2)=56*44.8\28=89,6 л.
Жауабы: 89.6

2) Артық мөлшерге арн-н есеп:
2C3H7OH + 2Na----->2C3H7ONa + H2
m(C3H7OH)=25 г.
m(Na)=9.2 г.
M(C3H7OH)=120 г\моль.
M(Na)=46 г\моль
M(C3H7ONa)=164 г\моль
МФ(C3H7OH)=25\120=0.208
МФ(Na)=9.2\46=0.2
МФ(C3H7OH)>МФ(Na)
Яғни, натриймен есептейміз:
m(C3H7ONa)=9.2*164\46=32.8 г.
Жауабы: 32.8 грамм.

3)
CaC2 + 2H2O----> C2H2 + Ca(OH)2
m(CaC2)=500кг*75\100=375 кг.
M(CaC2)=64 г\моль
V((молярл.)(C2H2)) = 22.4 м3
V(C2H2)=375*22.4\64=131.25 м3=131250 л.

Жауабы: 131250 л.

Добавлено (18.04.2012, 17:18)
---------------------------------------------

Quote (Aldi_styles)
2.Жалпы массасы 59,65 г калий перманганаты мен бертолле тұзының қоспасын ыдыратқанда, 6,72 л(қ.ж) оттек бөлінді.Қоспа құрамын анықтаңдар.Жауабы: 47,40 г KMnO4, 12.25 г KClO3

ню(H2)=6.72\22.4=0.3 моль.
-x--------------------------------------0.3-у
2KMnO4---->K2MnO4 + MnO2 + O2
316------------------------------------1
х=94.8-316у
59.65-x-----------------y
2KClO3----->2KCl + 3O2
245----------------------3
245у=178.95-3х

Теңдеулер жүйесін құраймыз:
|x=94.8-316y
|245y=178.95-3x----->245y=178.95-3(94.8-316y)--->245y=178.95-284.4+948y---->-703y=-105.45--->y=0.15 моль.
х=94.8-316*0.15=47.4 г (KMnO4)
m(KClO3)=59.65-47.4=12.25 г
Жауабы: m(KMnO4)=47.4 m(KClO3)=12.25

Добавлено (18.04.2012, 17:25)
---------------------------------------------

Quote (Aldi_styles)
4.Жалпы массасы 1,52 г калий және натрий гидритерінің қоспасын сумен өңдегенде , 1,12 л(қ.ж) газтектес зат түзілді.Гидриттердің қоспасының құрамын анықтаңдар.
Жауабы: 0,8 г KH және 0,72 г NaH

ню(H2)=1.12\22.4=0.05 моль
x___________________0.05-y
NaH + H2O -----> NaOH + H2
24___________________1
x=1.2-24y
1.52-x_______________y
__KH + H2O----> KOH + H2
__40_______________1
40y=1.52-x

Теңдеулер жүйесін құрамыз:
|x=1.2-24y
|40y=1.52-x----->40y=1.52-1.2+24y----->16y=0.32----->y=0.02 моль
х=1,2-0.48=0.72 г (NaH)
m(KH)=1.52-0.72=0.8 г
Жауабы: m(KH)=0.8 г. m(NaH)=0.72 г.
misis_zhan
18.04.2012, 19:38, Среда | Сообщение 30
қанттың массалық үлесі 20% болатын 1 кг. ерітіндіні 0.5 кг-ға дейін суалтқанда алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі ? а) 35 в) 55 с) 45 д) 50 е) 40
  • Страница 1 из 12
  • 1
  • 2
  • 3
  • 11
  • 12
  • »
Поиск: