§ 4.1 Дененi электрлеу. Заряд. Зарядтың сақталу заңы
Электродинамика – бұл материяның ерекше бiр түрiнiң – электромагниттiк өрiстiң табиғатының заңдылықтары мен қасиеттерi туралы, және электрлiк зарядталған денелер немесе бөлшектердiң арасында өзара әсерлесуiн зерттейтiн ғылым.
Ғылымда ашылған (белгiлi) iргелi әсерлесудiң төрт түрi бар: гравитациялық, электромагниттiк, күштi (ядролық) және әлсiз (элементар бөлшектердiң өзгеруiн тудырады). Олардың арасында әр алуан әрi кең тараған электромагниттiк күштер – иiмдi күштер, үйкелiс, бiздiң бұлшық еттерiмiздiң күшi және басқалар.
§ 4.2 Кулон заңы – электростатиканың негiзгi заңы
Егер денелер арасындағы арақашықтық олардың өлшемдерiмен салыстырғанда бiрнеше есе артық болса, онда зарядталған денелердiң формасы да, өлшемдерi де олардың өзара әсерлесуiне елеулi әсер етпейдi. Бұндай жағдайда ол денелердi нүктелiк дене ретiнде қарастыруға болады.
§ 4.3 Электр өрiсiнiң кернеулiгi. Күш сызықтары. Нүктелiк заряд өрiсiнiң кернеулiгi. Суперпозиция принципi
Ұлы ағылшын ғалымы Майкл Фарадей, электр зарядтары бiр-бiрiне тiкелей әсер етпейдi деп жорамал жасайды. Олардың әрқайсысы қоршаған ортада электр өрiсiн туғызады. Бiр зарядтың өрiсi екiншi зарядқа әсер етедi, және керiсiнше. Зарядтан алыстаған сайын өрiс төмендейдi.
§ 4.4 Электр өрiсiндегi өткiзгiштер
Электр өрiсi тек қана бостықта ғана емес денелерде де бар бола алады. Шартты түрде бұндай денелердi өткiзгiштерге және диэлектриктерге (изоляторларға) бөледi.
Өткiзгiштер деп зарядталған бөлшектерi бар және олар электр өрiсiнiң әсерiнен орынауыстыруға қабiлеттi денелердi айтады. Бұл бөлшектердiң заряды еркiн зарядтар деп аталады.
§ 4.5 Диэлектриктер. Диэлектриктердi поляризациялау
Диэлектриктер (немесе изоляторлар) деп электр тогын өткiзбейтiн денелердi айтады.
Изолятордың немесе диэлектриктiң еркiн электр заряды жоқ нейтраль атомдарда электрондар мен ядролар бiр-бiрiмен байланысқан және электр өрiсiнiң әсерiнен бүкiл денеге орынауыстыра алмайды.
§ 4.6 Зарядтың орынауыстыруы кезiнде электр өрiсiнiң жұмысы
Заряд q орынауыстырған кезде, оған өрiс тарапынан әсер ететiн күш жұмыс жасайды. Сәйкесiнше, электр өрiсiндегi зарядталған дене энергияға ие болады.
§ 4.7 Потенциал. Потенциалдар айырымы
Потенциал φ – электростатикалық өрiстi энергетикалық сипаттайтын скаляр шама. Ол өрiс зарядының потенциалдық энергиясының осы зарядқа қатынасына тең...
§ 4.8 Кернеу. Бiртектi өрiс кернеуi мен кернеулiгi арасындағы байланыс
Бiртектi өрiс кернеулiгi мен потенциалдар айырмасы арасындағы байланыс келесi түрде жазылады..
Потенциал Δd, арақашықтықта неғұрлым аз өзгерсе, электростатикалық өрiс кернеулiгi соғұрлым аз болады; егер потенциал тiптi өзгермесе, онда өрiс кернеулiгi нөлге тең.
§ 4.9 Электр сыйымдылығы. Өткiзгiш сфераның электр сыйымдылығы
Қандайда бiр әдiспен екi өткiзгiштi зарядтағанда оның бiрi шамасы q оң зарядталып, ал екiншiсi шамасы дәл сондай терiс зарядталады. Өткiзгiштер арасында электр өрiсi пайда болып, потенциалдар айырымы (кернеу) туындайды. Егер электр өрiсi жеткiлiктi күштi (кернеу жоғары) болса, онда диэлектриктiң iстен шығуы орын алады: диэлектрик өткiзгiшке айналады, онда өткiзгiштер арасында ұшқын пайда болып, олар разрядтала (зарядтарын жоғалта) бастайды. Табиғатта бұл құбылысты күн күркiрегенде найзағай ойнағанынан байқауға болады. Өткiзгiштер арасындағы кернеу тез өсуi бәсеңдеген сайын олардың зарядтарының көбейгенi, көп заряд ұстап қалуға мүмкiндiк бередi.
§ 4.10 Конденсатор. Жазық конденсатордың электр сыйымдылығы
Конденсатор деп диэлектриктердiң жұқа қабатымен бөлiнген модульдары бойынша тең әр аттас зарядталған зарядтардың екi өткiзгiштен тұратын жүйесiн айтады.
Бұл жағдайда конденсатордың орамдары деп аталатын өткiзгiштердiң формасымен бiр-бiрiне қатысты орналасуы олардың тудыратын электр өрiсi кеңiстiктiң шектеулi аймағына бағытталатындай болуы керек.
Конденсаторлар жазық, сфералық және цилиндрлiк деп ажыратылады.
§ 4.11 Электр өрiсiнiң энергиясы. Конденсаторды тiзбектей және параллель жалғау
Зарядталған конденсатор энергиясы мына формуламен анықталады.
мұнда q – конденсатор орамының заряды, U – орамдар арасындағы потенциалдар айырымы.
Зарядталған конденсатордың энергиясы деп олардың электр өрiсiн жасайтын энергияны айтады.
Есеп шығару үлгiлерi
Түсiнiктеме сөздiк
талшын 29.04.2012 19:46 формулалар неге жазылмаган?
|
Гума 11.12.2011 19:44 осы физиканы тусынбеймын!
|
Айзере 01.12.2011 16:21 унамады формулалар мен есептеримен неге жазылмаган?
|
Arailym 30.11.2011 17:48 Физика сабагы катты унайды
|
Aizhan 03.05.2011 15:15 norm. mozhno skazat super
|
KaZaH 20.02.2011 15:34 не мынау рефератпа тусінбедім
|