Menu
Магнит өрiсi
Мазмұны:

§ 6.1 Токтардың өзара әсерi. Бұранда және сол қол ережесi.Магнит индукциясы. Магнит өрiсi
Қозғалмайтын электр зарядтары электр өрiсiн туғызады, қозғалатын зарядтар басқа өрiс – магнит өрiсiн туғызады.
Бұған иiлмелi өткiзгiшмен жасалған тәжiрибеден көз жеткiзуге болады. Егер екi параллель өткiзгiштер бойымен бiр бағытта ток өтсе, өткiзгiштер бiр бiрiне тартылады, ал егер ток бағыттары қарама-қарсы болса, онда өткiзгiштер бiр-бiрiнен тебiле бастайды.

§ 6.2 Ампер күшi – магнетизмнiң негiзгi заңы
Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан әсер ететiн күштi Ампер күшi деп атайды.
Ток элементiмен α бұрышын құрайтын индукциясы болатын магнит өрiсi тарапынан I тогы бар өткiзгiштiң аз ғана кесiндiсiне әсер ететiн Ампер күшiнiң модулi F мына формула бойынша анықталады...

§ 6.3 Лоренц күшi
Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит ағыны тарапынан әсер ететiн күштi Лоренц күшi деп атайды. Магнит өрiсiнде қозғалатын электрондардың бастапқы бағытынан ауытқуына әкелiп соғатын Лоренц күшi, табиғаттың көптеген құбылыстарында кездеседi. Мысалы, «полярлық шұғыла» құбылысы

§ 6.4 Заттың магниттiк қасиеттерi. Ферромагнетиктер
Заттың магниттiк қасиеттерiн қарастырғанда оларға магнетик деген терминдi қолданады.
Магнит өтiмдiлiгi μ - бұл ортаның магниттiк қасиеттерiн сипаттайтын өлшемсiз шама және ол ортаның магнит индукциясы векторының модулiнiң кеңiстiктiң сол нүктесiндегi вакуумдағы 0 магнит индукциясы векторының модулiне қатынасына тең

Есеп шығару үлгiлерi
Түсiнiктеме сөздiк

25.04.2010 00:01 Физика Артем 12495 10289 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход