Menu
Электромагниттiк тербелiстер
Мазмұны:

§ 2.1 Тербелмелi контурдағы еркiн электр тербелiсi. Тербелiс кезiндегi энергияның түрленуi

Уақыттың өтуiмен байланысты қайталанып отыратын процесстердi тербелiстер деп атайды. Қайталанатын құбылыстың табиғатына байланысты тербелiстер әртүрлi, мысалы, механикалық, электрлiк т.с.с. болуы мүмкiн. Егер тербелiстер бiрдей уақыт аралығында қайталанатын болса, онда ондай тербелiстердi периодты тербелiстер деп атайды...

§ 2.2 Контурдағы еркiн электр тербелiсiнiң периоды. Томсон формуласы

Контурда туындылайтын еркiн электр тербелiсiнiң периодын табалық. Ол үшiн, алдымен бұл контурдағы тербелiс кезiнде өзгеретiн физикалық шамалардың бiрiнiң ( заряд, ток т.с.с.) уақыттан тәуелдiлiгiн табу қажет....

§ 2.3 Автотербелiс. Өшпейтiн тербелiстiң транзисторлық генераторы

Нақтылы жүйелердегi тербелiстер белгiлi бiр уақыт өткеннен соң өшедi. Тербелiстердiң бұлай өшуi жүйенiң толық энергиясының бiрте-бiрте қайтымсыз түрде жоғалуымен байланысты. Бұл энергия, механикалық жүйелерде тербелiс болып жатқан ортаның кедергiсiнiң, ал электромагниттiк жүйелерде электр тiзбегiнiң кедергiсiнiң салдарынан шығындалады. Тербелiс өшпеу үшiн осы шығындалған энергияның орнын дер кезiнде толтырып отыру қажет....

§ 2.4 Ерiксiз электр тербелiстерi. Айнымалы ток. Айнымалы ток генераторы

Ерiксiз электромагниттiк тербелiстер деп сыртқы электр қозғаушы күшiнiң периодты өзгеруiнiң салдарынан болатын тiзбектегi ток күшi мен кернеудiң периодты түрде өзгеруiн айтады. Егер сыртқы мәжбiрлеушi ЭҚК-i гармониялық заңдылықпен өзгеретiн болса, онда тiзбекте туындылайтын ток та осы заңдылықпен өзгередi. Тiзбектегi токтың осындай ерiксiз гармониялық тербелiсi айнымалы ток деп аталады. Оны айнымалы токтың генераторлары арқылы шығарып алуға болады. Күнделiктi өмiрде және өндiрiсте айнымалы ток кеңiнен пайдаланылады.

§ 2.5 Айнымалы ток тiзбегiндегi актив кедергi. Кернеу мен ток күшiнiң әсерлiк мәнi

Тұрақты ток тiзбегiнiң заңдары айнымалы ток тiзбегi үшiн де орынды болады. Тек бұл жағдайдағы айырмашылық, айнымалы ток тiзбегiнде физикалық шамалар уақыттың өтуiмен байланысты өзгерiп отыратын болғандықтан, бұл заңдар сәйкес шамалардың берiлген уақыт мезетiндегi лездiк мәнi үшiн орындалады....

§ 2.6 Айнымалы ток тiзбегiндегi сыйымдылық

Айнымалы ток тiзбегiне жалғанған С сыйымдылығын қарастыралық ( 2.6 – сурет ). Конденсатордың астарларына u = Um cos ωt....

§ 2.7 Айнымалы ток тiзбегiндегi индуктивтiлiк

Айнымалы ток тiзбегiндегi L индуктивтi катушканы қарастыралық ( 2.7 – сурет ).
Бұл кедергiсi елеместей аз сымнан оралған идеал катушка болсын делiк. Осы катушка арқылы өтетiн ток
i = Imcos ωt (2.19)
гармониялық заңдылығымен өзгерсе, онда туындылайтын өздiк индукция ЭҚК-i
ε s = -Li" = ωLImsin ωt (2.20)
Ал катушканың актив кедергiсi елеместей аз болғандықтан өздiк индукция ЭҚК-i катушканың ұштарындағы кернеуге шамасы жағынан тең, ал таңбасы қарама-қарсы болады, яғни ...

§ 2.8 Айнымалы ток тiзбегi үшiн Ом заңы

Бiр-бiрiмен тiзбектей жалғанған актив кедергiден, сыйымдылықтан және индуктивтi катушкадан тұратын айнымалы токтың толық тiзбегiн қарастыралық ( 2.8 – сурет ). Егер осы тiзбектiң ұшына жиiлiгi ω, ал амплитудасы Um-ға тең бола отырып гармониялық заңдылықпен өзгеретiн айнымалы кернеуiн берсек, онда бұл тiзбекте
I = Imcos ωt (2.23)
заңдылығымен өзгеретiн ток күшiнiң ерiксiз тербелiсi пайда болады. Ендi осы ток күшi мен кернеудiң тербелiсi амплитудаларының арасындағы байланысты, басқаша айтқанда осы айнымалы ток тiзбегi үшiн Ом заңын табалық...

§ 2.9 Айнымалы ток тiзбегiндегi резонанс

Айнымалы ток тiзбегiнiң ( 2.8 – сурет ) толық кедергiсi (2.27) өрнегiне сәйкес тек тiзбек элементтерiнiң параметрлерiнен ғана емес, сонымен қатар мәжбiрлеушi кернеудiң өзгеру жиiлiгiнен де тәуелдi. Яғни, жиiлiк өзгерген кезде толық кедергi де өзгередi. Тiзбектегi ток максимальдi болу үшiн, Ом заңына сәйкес, оның толық кедергiсi минимальдi болуы керек. Ал (2.27) өрнегiнен толық кедергiнiң мәнi...

§ 2.10 Трансформаторлар. Электр энергиясын тасымалдау

Көптеген жағдайда бiр ток көзiнен әртүрлi кернеуге арналған құралдарды қоректендiру қажет болады. Мысалы, теледидарды 220 В-тық ток көзiне қосқан кезде оның iшiндегi қыздыру шамдарына 6,3 В, транзисторларға 1-2 В, ал электронды-сәулелендiру түтiкшесiне 15000 В кернеу беру қажет. Кернеудi осылай қажетiмiзше көтерiп, немесе төмендету үшiн трансформаторлар деп аталатын құралдар пайдаланылады.
Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков құрастырған. Қарапайым трансформатор ферромагниттi өзекшеге кигiзiлген өткiзгiштердiң екi жақты орамдарынан тұрады ( 2.11 – сурет ). Бiрiншi реттi орам қоректендiрушi кернеу көзiне, ал екiншi реттi орам тұтынушыларға қосылған. Олардың сәйкес орамдарының саны n1 және n2-ге тең.

Есеп шығарудың үлгiлерi

17.04.2010 15:30 Физика Артем 5816 13643 2
gera   12.06.2011 12:15
otprax`te referat
Marsbek   31.05.2011 10:50
Ғылыми жұмыс барма физикадан болса mars_imanov@mail.ru ili aikiira@mail.ru жіберіңші өтініш
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход