Menu
Қазақ тілінің фразеологиясы
Фразеология деген грамматикалық термин гректің фразис (сөйлемше), логос (ілім)-деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған. Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы тұрақты сөз тіркестері деген ұғымды береді. Сондықтан фразеология деудің орнына кейде грамматикада тұрақты сөз тіркестері деп те қолданылады.
Тілдегі жеке сөздер грамматиканың қарамағына еніп, белгілі морфологиялық тұлғаларды қабылдап, өзара бір-бірімен тиісті грамматикалық байланысқа түсіп, сөз тіркестерін құрайды. Сөйлемдегі сөздер, ең алдымен, өзара байланысқан бірнеше тіркестерден тұрады. Мысалға Бұл оқиға бір кішкене қалада болған еді (A. K,.) деген сөйлемді алатын болсақ, бұл сөйлемде жеті сөз бар. Ол сөздер өзара байланысқан бұл оқиға, бір кішкене, кішкене қалада, болған еді, оқиға болған еді, қалада болған еді деген жеті түрлі сөз тіркестерін құрап тұр. Бірақ тіркестер тарихи қалыптасқан, жігі ажырамайтын тұрақты тіркестер емес, әрбір сөздің бастапқы мағыналары мен грамматикалық мағыналары толық сақталған, морфологиялық тұлғалары мең тіркестегі орындарын ауыстырып қолдануға келетін ерікті тіркестер.
Тілдің тарихи даму процесінде бірқатар сөздер белгілі морфологиялық тұлғада бірте-бірте қалыптасып, белгілі бір мағынада қолданылатын тұрақты сөз тіркестеріне айналады. Қабырғаңмен кеңес, жігері құм болды, қой аузынан шөп алмайтын, деген сөз тіркестері ойла, ойлағаны болмады, момын деген ұғымдарда қолданылып тұр. Бұл тіркестегі сөздердің жеке мағыналары мен тіркес күйіндегі беретін мағыналары бір-біріне сәйкеспейді және бұл тіркестегі сөздерді синтаксистік apa-қатынастарын ажыратып талдауға келмейді. Біртұтас тілдік тіркес ретінде, бір ұғым түрінде қолданылып тұр. Бұл сияқты сөз тіркестерінігі қалай жасалып, қалай бір ұғым ретінде қалыптасқандығын дәлелдеу қиын.
Сөйтіп, бір ұрымда қолданылатын, сөйлем мүшелеріне ажыратуға келмейтін, грамматикалық мағыналарын өзгертіп, тіркестегі орындарын алмастыруға болмайтын тарихи қалыптасқан тұрақты сөз тіркестерін фрaзeология дейді. Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері беретін мағыналарына, тілдегі қолданылатын қызметіне қарай өзара идиомалық тіркестер және мақал-мәтелдер болып бөлінеді.
15.07.2010 11:20 Казахский язык Артем 3211 14491 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход