Menu
Дәрісханада.
Наурыз - Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Шығыстық данышпандар Махмұт Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Ә. Фердоуси, Ә. Науаи, О. Хаямнан бастап қазақтың Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Сәкен сынды ғұламалары да наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, жақсы сөздер жазып қалдырған. Наурыз шығыс елдері үшін - бірліктің татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.
Наурыздың айрықша тәлім тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттылық, мәрт-жомарттық, қадыр-қасиеттілік нышан белгілері мен таным-ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдылыққа, көргенділікке, ізеттілік пен білімділікке баурайды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек.
Осы ұлы күнге байланысты халықтың әдет-ғұрыптары мен жол-жоралары бар.

20.10.2009 20:39 Қазақ тілі Puma 4890 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход