Menu
Екібастұз қаласы.
Қазақ жерінің, сырт көзге еленбейтін, сайын даласында бүгінгі күні Қазақстанның түкпір-түкпіріне, әлемге белгілі әсем қала өсіп келеді.                                                                                
Екібастұз деп аталу себебі, осы өңірде тас көмір кені ашылғанға дейін, оның
күншығыс жағында жатқан тұзды көл ерте заманнан бері «Екібастұз » деп мұрағаттық құжаттардан белгілі. Осыған байланысты кейін бұл жерден табылған тас көмір кені де, оның жанына орнаған қалашық пен қала да «Екібастұз »деп аталады.
Екібастұз қаласы өзінің жастығына қарамастан теңдесі жоқ алып кәсіпорындарымен бүкіл әлемге танымал болып отыр.Қысқа ғана мерзім ішінде  Қазақстанның «қара алтынды» жерінде пайда болған қала біздің замандастарымыз үшін аты аңызға айналған қала болып отыр. Тек қана Екібастұзда тұңғыш рет елімізде көптеген алдыңғы қатарлы технология өмірге келді, жаңа үлгідегі құрал- жабдықтар зерттелді..  
Екібастұз қаласы- кеншілер мен энергетиктердің  мақтанышы. Қаламыз орасан зор, әлемдегі бай тас көмірімен танылып отыр.№1, 2-МАЭС- тердің іске қосылуы арқасында Екібастұз жылуэнергетикалық кешенінің ірі орталығы болып отыр.
Бүгінгі таңда үш бірдей – «Богатырь », «Солтүстік », және «Шығыс» кеніштерінде көмір өндіріледі.Екібастұз көмірі Қазақстанның, Орал, мен Батыс Сібірдің электр станцияларының жұмыстарын үздіксіз қамтамассыз етіп отыр.Қала тек географиялық орнымен ғана емес,сонымен қатар тарихи ерекшелігіне байланысты қалыптасты. Екібастұз көмірі мен электр қуаты бүкіл аймақтың кәсіпорындар: Павлодар химия, мұнай өңдеу, алюминий, трактор, Ақсу ферроқорыта зауыттары- Екібастұздағы «қара алтынның» арқасында өркендеп отыр. Сондай-ақ Екібастұз көмірі Қазақстан мен Рессейдің арасын жалғастырушы буын болып табылады.«Шығыс» кеніші -әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет бейімделген көмір қабаты жағдайында көлденең жатқан шектеулі қуатымен жобаланды және көмір шығарудың жаңа технологиясын енгізді.

20.10.2009 20:06 Қазақ тілі Puma 6813 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход