Menu
Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
Ғылым-білім, мәдениет пен өнер саласындағы дарынды жастарды қолдауда «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» орасан зор жұмысты атқарып отыр. Бұл қордың негізгі мақсаты – Қазақтан мемлекеттігін нығайтуға, отансүйгіштікті қалыптастыруға, қоғамымыздың әрі қарай демократияландырылуына, еліміздің мәдени, экономикалық және саяси саладағы халықаралық байланыстарының одан әрі дамуына қолдау жасау, еліміздің интеллектуалдық әлеуетін көтеру. Өйткені, Қазақ елінің атын тарихта қалдыратын, аға толқынның ғылым мен мәдениеттегі жолын лайықты жалғастыратын да осы бүгінгі толқын – жастар болмақ. 2011 жылы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өткізілген Білім конференциясына қатысушылар адамзаттың басын біріктіретін – білім ғана деген байлам жасады. Осы мақсатта Қор жанынан республикамызда және шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін отандық ғалымдардан кеңес құрылды. Жас ғалымдар кеңесі ғылымды дамытуға, оны алға апарар талантты жастардың ғылымға келуіне қамқорлық жасау мақсатында бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыруда. Соның бірі, еліміздегі ғылыми ұйымдар мен жетекші жоғары оқу орындарының жас ғалымдарының іргелі және қолданбалы ғылым салаларындағы зерттеу жұмыстары үшін берілетін гранттар байқауы. Байқау жыл сайын өткізіледі. Жеңімпаздарға гранттар тапсырылады, ал ең үздік зерттеулер үшін Президент қорының арнайы сыйлығы тағайындалған. Республикамыздың жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу белсенділігін арттыру, жастарды нақты ғылыми-зерттеу, сараптау, әлеуметтік және бизнес-жобаларға тарту. Яғни, гранттар алу үшін үздік жұмыстарға жарияланатын байқаулар – бұл дарынды жастарды табу, іріктеу, олардың тұлғалық және кәсіби тұрғыда көрінуіне, өсуіне жол ашу, сонымен қатар еліміздің даму болашағы үшін құнды, бағалы идеяларды ынталандыру, алға апару мүмкіндігі.
02.11.2014 10:06 Қазақ тілі Артем 9351 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход