Ортаазиялық хандықтармен Қазақстан арқылы аралық сауда жолдарын дамытуға мүдделі болған көпестер керуендерінің өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысты, ал орыс мемлекеті мұндағы саяси жағдайға және қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасына жанды ықылас білдіріп отырды. Сондықтан Мәскеулік тақсырлар да қазақ хандарымен тікелей байланыс орнатуға талпынды. Бұл мақсатқа жетуде елшілік байланыстары үлкен рөлатқарды. Мысалы, Мәскеудің басшысы Иван ІҮ 1573 жылы Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігін қазақ даласына жіберді. Елшілік қазақтармен сауда жасасуды жөнге салу міндеті жүктелді. 1594 ж. Мәскеуге бірінші қазақ елшілігі келді. Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед орыс ұкіметімен достық келісімін жасасуға тапсырма алған болатын.
Қазақстанмен, Сібірмен, Орта Азиямен байланыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жаңа қоныстаушыларды, көпестерді, елшіліктер мен әскери отрядтарды жіберумен қатар Қазақстанмен шекарасында нығайтылған бекініс пункттерін салуға қарқынды кірісті.
Орыс мемлекетімен неғұрлым сенімі қатынастар орнатуға сыртқы қауіп-қатер ұдей түскен жағдайда өзінің халықаралық позициясын нығайтуға ұмтылған қазақ хандығы да ынталылық көрсетті.
Жоңғар хандығының құрылық Кіндік Азияға елеулі өзгерістер енгізді. Билік жүргізуші феодалдық топтың мүддесін білдіруші, алысты болжайтын саясатшы Тәуке хан өз мемлекетінің шекараларын нығайтуға үзбей талпынды, Тәукенің Ресейге тілектестік қарым-қатынасы оның Ресеймен байланыс жасай отырып, Қазақстанның жағдайын нығайту ниетінен туған еді.
Жоңғар басқарушылары Ресеймен қарым-қатынаста аңысын андау позициясын ұстаса, қазақ рулары жөнінде өздерінің агрессиялық ниеттерін жасырмады. Солтүстік-шығыс шекараларындағы шиеленісті жағдай қазақ хандары мен сұлтандарын Петр І үкіметімен келіссөздер жүргізуге, сөйтіп, Сібірдің шекаралық өкіметі арқылы Ресеймен бір одақта Жоңғарияға соғысуға ниеттері бар екенін мәлімдеуге етті.
1717 жылы қазақтардың жекеленген басшылары, Қайып пенӘбілқайыр сұлтандар қазақ руларының сыртқы саяси жағдайының күрделілігін және сыртқы жаулар тарапынан нақты қатер төніптұрғанын ескеріп, Петр І-ге өздерін бодандыққа алуды өтіне сөзсалды. Ал ол Швециямен соғысудан қолы босамай жатқандықтан және қазақ руларының ішкі ырың-жырың мен өзара талас-тартысы туралы мәліметтері болғандықтан, қазақ істеріне араласуға тәуекел ете алмай, Қазақстандағы, Орта Азиядағы және Жоңғариядағы оқиғаларды әзірше қадағалай тұруды жөн көрді. Петр І-дің Ресей мемлекеті құрамында қырғыз-қайсақ ордасының болуын қалаған ынта-ықыласы оның өз мемлекеті шептерін тек кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге Ресейдің шығыс шекараларын қауіпсіздендіруге талпынған ниетін білдіреді. Құпия істердегі аға тілмәш және кейіннен дипломат болған А.Тевкелев хаттарының бірінде былай деп жазады: «....императорлық ұлы мәртебелі тақсыр император Ұлы Петр парсы жорығынан оралысымен өзінің отаны Ресей империясы үшін ежелден есітіліп жүрген және ол уақыттары белгісіз дерлік қырғыз-қайсақ ордасын Ресейдің бодандығына алуды көздеген ниетін білдіруді қалады және де сол өз монархым әсіресе төменгі дәрежедегі мені соған ол орда дәл бодандыққа өтуді қаламаса, бір бет қағазбен Ресей империясының қолдауында болуға міндеттенгенше, зор шығындарға қарамастан, менің тіптен бір миллионға дейін (сом) ақшаны шығарсамда, тырысуым керектігін айтты».