Menu
Қазақстан 1917-1920 жж
Бірінші орыс революциясының жеңілісімен елде шеру, жиындарға тыйым салынды. Орал, Семей, Верный, Перовск және басқа социал-демократиялық ұйымдар мен кәсіподақтар талқандалды. Қазақтар сайлау құқынан айрылды. Қазақтардан жерді тартып алу, отарлау саясатын насихаттау үшін 17 млн. дес. отырықшылыққа бағытталды.

Қазақ қоғамында ұлттық қозғалыстың әр түрлі саяси ағымда болды, олардың қозғаушы күші ұлттық зиялы қауым болды. Ұлттық зиялы қауымның саяси көзқарастары “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетінде жарияланып тұрды. Онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, Б.Қаратаев қызмет етті, “Айқап” журналында. “Қазақ” газеті 1912ж-1918ж дейін шықты, либерал-демократиялық бағытта. Онда жалпыұлттық қозғалыстың көшбасылары оқымысты ғалымдар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов қызмет етті. Негізінен аграрлық мәселеде жерді мемлекеттік меншікті (Ресей империясының) алып тастауды, оны қазақ халқының меншігіне беру, сатуға тыйым салуды талап етті.

1910-11 жылдары Қазақстан ереуілдеп көбейе бастады. 1912ж Ленск алтын прийскісінің ереуілі болды, онда патша әскерлері 270 адамды атып өлтіріп, 750 жарақаттанды.

Ресейдің бүкіләлемдік империалистік соғысқа кіруі, Қазақстанның еңбекшілерінің жағдайына кері әсер етті. Алым салық көбейді, егін салатын жерге шектеу салынды. Соғыс жылдары ұлттық отарлау езгісі күшейді. Орыс шаруаларынан мұсылман еңбекшілеріне қарсы қаруланған отрядтар жасақталды. Олар ауылдарға шабуыл жасап, малдарын қуып, өздерін тонап кетіп отырды.

І ші дүниежүзілік соғыс 1914ж 19 шілдеде басталды. Ресей соғысқа дайын емес еді, әскери техникалық қамтамасыз етілмеген. Соғыс басталысымен өндіріс күштері құлдырай бастады. І дүниежүзілік соғыс Қазақстандағы экономиканың құлдырауына әкелді. Егіншілік тұрақты дамымаған. Бүкіл ер адамдарды соғысқа әкету, малшаруашылығының құлдырауына әкелді.

Мал басы азайды, жайылым мен жердің алынуына байланысты. Соғысқа қолдағы аттар мен түйелері, ірі қара малды да әкетіп отырды.

Өнеркәсіп те әскери қажетке жұмыс істеді. Өспен, Сасық Қарасу рудниктерінде. Риддер, Соколов рудниктері түсті металлургияны дамытуға негіз алды.

Екібастұз қорғасын цинк зауытына Ресейде пара пар өнеркәсіп орыны болған жоқ. Мыс рудасы Спасск мыс қорыту зауытында шығарылды. Отын базасы – Қарағанды көмір бассейні. Ірі шетел магнаттары мұнай өнеркәсібіне де кірісті. Патша үкіметі оларға жол ашты, себебі шетелдің көмегіне мұқтаж болды. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде әскери өнеркәсіп комитеттері құрылды. Осындай комитеттер Қазақстанның барлық қалаларында құрылды.

Өңдеу өнеркәсібі әскерге соғыс мұқтажына ет-сүт өнімдерін, тері бұйымдарын жөнелтті.

Соғыс жылдарында да патша үкіметі қазақтардың жерін тартып алуды тоқтатқан жоқ, отарлық саясат күшейе түсті. Шаруа толқулары, ереуілдер көбейді. Солдаттар арасында бас көтерулер басталды.

Соғыс жағдайында қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Дулатов “Қазақ” газеті аясында бірігіп, өз қатарларына шара – жұмысшыларды тартты. Міржақып Дулатовтың “Оян, қазақ” өлеңдер жинағы 1909ж басылып шықты Соғыс Ресей империясындағы кризисті күшейтіп, 1916ж ұлт азаттық қозғалыстың басталуына себеп болды. Басты себеп, әлеуметтік экономикалық және саяси сипат: отарлық саясаттың күшеюі, алым салықтың көбеюі, жерді тартып алу, орытсандыру саясаты. Сонымен бірге 1916ж 25 маусымдағы патша үкіметінің “Қазақстанның Орта Азия, Сібір халықтарын тыл жұмыстарына алу” туралы жарлығы. Бұл жарлық негізінде 19 дан 43ке дейінгі барлық ер адамдар майданға шақырылды. Жарлық туралы мәлімет жер-жердегі болыс басқарушыларға жеткізілді, олар халықпен түсінік жұмысын жүргізу керек еді. 1916ж қозғалыс патшаның осы Жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Әуелі стихиялық түрде нараылық көрсеткен халық, кейін ұйымдасқан қозғалысқа шықты. Олар әкімшілік шешуліктерге болыс, билерге бас салды, әскерге алынатындар тізімін өртеді.

Қозғалыстың негізгі орталығы Жетісу мен Торғайда болды. 1916ж көтерілістің мақсаты: ұлттық және саяси бостандыққа қол жеткізу. Сондықтан ол ұлт азаттық сипат алды. Ол сонымен бірге көп ұлтты, себебі қазақтармен бірге, ұйғыр, өзбек, қырғыз, дұнғандар болды.

Патша жарлығына қарсы шығып, халықты бастаған қазақ зиялылары Тоқаш Бокин, Тұрар Рысқұлов, Әубәкір Жүнісов т.б. Ал либерал-демократтар зиялысы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов “Қазақ” газеті арқылы халықты көндіргісі келді. Себебі олар патшаға қарсы шығып, қуғын сүргінге ұшырайды деп қорықты.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход