Menu
Қазақ жерлерінің Ресей империясының құрылымына кіріу
15 ғ.- 18 ғ.б.ж. қазақтардың қоғамдық қатынасын зерттеушілердің көпшілігі оны патриархалдық-феодалдық қарым-қатынас деп есептейді. Соның өзінде көшпелі және жартылай көшпелі мешеу мал шаруашылығы басым болған, ал қоғамдық өмір, әлеуметтік қарым-қатынасы көптеген патриархалды - рулық элементтері мен ескілік сарқыншақтарын сақтаған далалық аудандарға қарағанда Оңтүстік Қазақстанның экономикалық жағынан неғұрлым дамыған аудандарында феодалдық қарым-қатынастырдың көбірек қанат жайғандығы атап көрсетіледі.Іс жүзінде қазақ қоғамы мемлекеттілігі екі әлеуметтік-экономикалық құрылысқа негізделді және мұның өзі үлкен орнықтылық пен тұрақтылық берді.

Кейінгі орта қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылысының қалыптасуына монғол үстемдігі кезінде орын алған, қала мәдениетінің кері кетіп, егіншіліктің Оңтүстік Қазақстанда қысқаруы және Оңтүстік Шығыс Қазақстанда толық құлдырауы, көшпелі мал шаруашылығының үлес салмағының артуы сияқты зардаптар әлі де болса тым елеулі түрде ықпал етіп тұрғаның ескерген жөн. Экономикалық базаның өзгеруі қоғамдық қатынастардың тұтас алғанда патриархалдық жаққат қарай ойысуына әсер етті.

Далалық аудандарда жерді пайдаланудың қаумдық түрі үстемдік құрды. Жайылымдарды пайдалану құқына көшпелі рулар менқауымдардың барлық мүшелері ие болды. Соның өзінде қоғамның рулық-тайпалық тұрғыда ұйымдастыру ру-тайпа ақсүйектері менқатардағы көшпелілердің жерді, жайылымды пйдалануға іс жүзінде тепе-тең қатыса алмайтынын жасырды. Ақсүйектердің қоныстарға иелік ету, өзінің отарлары мен жылқы үйірлері үшін, өз жақын-жұрағаттары үшін жақсы жайылымдарды, аңшылық құратын жақсы өңірлерді пайдаланатын құқы болды.

Мал жағына келсек. Ол жеке адамның және отбасының меншігінде болды. Өз малдарын өсірумен жоғары ақсүйектер тобы да, тайпалар мен рулардың көсемдері де және рудың қатардағы мүшелері де шүғылданды. Мал көшпелілер байлығының, олардың тұрмыстық жағдайының басты өлшемі болды.

Ибн Рузбехан мен Мұхаммед Хайдардың мәліметтері бойынша бірнеше ондаған және тіпті жүздеген мың баспен есептелгетін мыңғырған малға ие бола тұрып, басқарушы ақсүйектердің жайылымдарды іс жүзінде билеп-төстеу құқын өздерінде қалдырғандығы әбден табиғи нәрсе. Тұтас тайпалар да, рулар да жерге деген тепетеңсіздік жағдайда қалып қойып отырды. Олардың арасында адам саны неғұрлымкөптері артықшылық жеңілдіктермен пайдаланды, сонымен бірге майдалары, адам саны аз кедейлері де болды. Неғұрлым құдіретті рулар мен тайпалар ежелден-ақ жақсы жайылымдар мен қыстауларды жайлады. Тұтасынан алғанда халықтың бүкіл территориясы Шығыс әулеттерінің басқарушы руларына тиесілі деп есептеліп келді.Жерлердің жоғарғы басқарушысы – оларды сұлтандар арасында бөлетін немесе солардың ұлысы үшін жерге (үйлерге) құқын қуаттайтын тек хан болды. Демек, көшпелі халық бұқарасына малдарын жайып бағуға берілетін жерлер билеуші әулеттің меншігінде болып қана қойған жоқ, сонымен бірге нақты іс жүзінде де олардың бүған құқы заңмен бекітілді, дәстүр мәдениет-ғұрыппен қуатталды. Шыңғыс әулеттерінің қандай да бір тармағының бұл құқықты, жоғарыда айтылғандай, табанды күреспен жаулап алуларына тура келгендігі, әрине, басқа мәселе. 15-17 ғғ. Көшпелі аудандарда жерді иеленудіңмұндай өзгеше түрі ертеден қалыптасқан дәстүрлерді жалғастырды, оларды сақтау жәнеорнықтыру басшы топтар үшін пайдалы болды.

Қазақстанның оңтүстік аудандарында феодалдық шартты жериеленушілік пен жерге меншіліктің тұрақты түрлері қалыптасты. Осынан, Сырдария бойы қалаларының аймағынан қазақ қоғамын феодалдандыру процесі өріс алып жатты, көшпелілер осында неғұрлым күрделі қоғамдық қатынастарға тартылды. Түпкі материалдар жер иеленушілік пен оған меншіліктің сойырғал, ықта, милық, бақып сияқты және басқа түрлерін атайды. Қала мен оның егіншілікті өңірлері үлес жер басқарушысы – сойырғал иесінің билігіне бағынды, ал оған бұл жер әскери немесе азаматтық қызмет атқарғындықтан сый ретінде берілді. Темір, Шайбани әулеттері тұсында осылай болды. Оңтүстік Қазақстан аймағы бұрын Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы құрамына кіргендегідей Қазақ хандығының құрамына енгеннен бастап Сырдария қалалары егіншілікті өңірлер мен қоса ханның жақын туыстарының, көшпелілер ақсүйектері мен уәкілдерінің иелік етілуіне таратылып берілді.

Даурен   19.07.2016 19:39
рахмет
Назерке   21.10.2011 07:22
спосибо большое
Gulnaz   05.01.2011 17:42
S.p.s. bol6oe!!! smile
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход