Дыбыстардың құрамы
Қазақ тілінің белгілі дыбыстық құрамы бар. Қазақ тіліндегі 28 дыбыс дауысты және дауыссыз болып екі үлкен топқа бөлінеді. Оның ішінде дауыстысы – 9 дыбыс-фонема; дауыссызы – 19 дыбыс-фонема. Тілдегі дыбыстардың мұндай екі топқа бөлінуі олардың жасалуына үн (тон) мен салдырдың қатысына байланысты.
Үн өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар жүйесі
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жанаспай жатуы арқылы жасалынады. Олардың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы;
- дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу шығады;
- дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады;
- дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады;
- дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады;
- дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды және дауыссыздармен тіркесе алады.
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы, і.
Дауыстылар құрамына қарай жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстардың жасалуына белгілі сөйлеу мүшелерінің ерекше қатысуына қарай қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар бірнеше топқа бөлінеді. Олар, тілдің қатысу қалпына қарай: жуан және жіңішке; жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып табылады.
2.1. Жуан дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Ооларды кейде тіл арты дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жуан дауысты дыбыстар мыналар: а, о, ұ, ы.
2.2. Жіңішке дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Оларды кейде тіл алды дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жіңішке дауысты дыбыстар мыналар: ә, е, ө, ү, і.
2.3. Ашық дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар деп атаймыз.
Ашық дауыстылар мыналар: а, ә, о, ө.
2.4. Қысаң дауыстылар
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар деп атаймыз.
Қысаң дауыстылар мыналар: ұ, ү, ы, і.
2.5. Еріндік дауыстылар
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.
Еріндік дауыстылар мыналар: о, ө, ұ, ү.
2.6. Езулік дауыстылар
Езудің кейін тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.
Езулік дауыстылар мыналар: а, ә, е, ы, і.
Кесте 1.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Тілдің қатысына қарай жуан а, о, ұ, ы
жіңішке ә, е, ө, ү, і
Жақтың қатысына қарай ашық а, ә, о, ө
қысаң ұ, ү, ы, і
Еріннің қатысына қарай еріндік о, ө, ұ, ү
езулік а, ә, е, ы, і
Дауыстыларды талдаудың үлгісі:
а - езулік, ашық, жуан дауысты;
ә - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
е - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
ы - езулік, қысаң, жуан дауысты;
і - езулік, қысаң, жіңішке дауысты;
о - еріндік, ашық, жуан дауысты;
ө - еріндік, ашық, жіңішке дауысты;
ұ - еріндік, қысаң, жуан дауысты;
ү - еріндік, қысаң, жіңішке дауысты.
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесі
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде - бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:
- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;
- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары;
- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.
1. Қатаң дауыссыздар
Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.
Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш
2. Ұяң дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады.
Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.
3. Үнді дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.
Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді:
- ауыз жолды: й, л, р, у;
- мұрын жолды: м, н, ң.
Сын есімнің семантикалық түрлері.
Сын есім, обозначая признак и качество предмета, отвечает на вопросы қандай, қай? (какой? какая? какое?)
В предложении сын есім выступает в качестве определения и стоит перед определяемым словом. Когда прилагательные выступают в роли сказуемого, они находятся в конце предложения. Они также могут выполнять роль обстоятельства. Например: Ол бойшаң жігіт. (Он высокий джигит) – определение. Бүгін күн ыстық. (Сегодня жаркий день) – сказуемое. Ол тапсырманы ұқыпты орындайды. – обстоятельство. (Он выполняет задание аккуратно).
Прилагательные обозначают различные признаки предметов и явлений, например:
14- кесте
1
2
3
4
5
6
7 Качество и вкус
Цвет
Объем, величина, размер
Характер, свойство
Форма
Отношение к месту
Отношение ко времени жұмсақ (мягкий), тәтті (вкусный)
қатты (твердый), қышқыл (кислый)
ақ (белый), қызыл (красный)
үлкен (большой), ұзын (высокий),
кең (широкий)
төзімді (выносливый), ұқыпты (аккуратный), жуас (смирный)
түзу (ровный), дөңгелек (круглый)
қисық (кривой), жалпақ (плоский)
алыс (далеко), жақын(близко)
кешкі (вечерний), күзгі (осенний)
Прилагательное в казахском языке не согласуется с существительным в единственном числе, в падеже. Например: қызық ойын (интересная игра), қызық фильм (интересный фильм), қызық іс (интересное дело), қызық ойындар (интересные игры).
В казахском языке различаются три степени сравнения:
1. Жай шырай (положительная степень).
Например: қызыл көйлек (красное платье), тәтті алма (сладкое яблоко).
2.Cалыстырмалы шырай (сравнительная степень).
3. Күшейтпелі шырай (усилительная степень).
Cалыстырмалы шырай
Cалыстырмалы шырай образуется от положительной степени с помощью следующих суффиксов:
15- кесте
№ Если основа слова оканчивается на окончания примеры
твердая основа мягкая основа
1
2 гласные
согласные, звонкие или сонорные
-рақ/-рек
-лау/-леу
-ырақ/-ірек
-дау/-деу
-тау/-теу аласарақ
аласалау
қызылырақ
қызылдау
пысықтау тәттірек
тәттілеу
кеңірек
кеңдеу
сергектеу
3 кроме этого: к словам, обозначаю-шим цвет присоеди-няются -ғыл/-ғылт, -ғылтым
-шыл/-шіл; -қай, -ғыш,
-шылтым /-шілтім;
-ілдір бозғылт
ақшыл
қоңырқай
сарғыш көкшіл
көкшілтім көгілдір
Күшейтпелі шырай
Күшейтпелі шырай образуется следующими способами:
16- кесте
№ способы примеры
1
2 путем прибавления к прилагательному усилительного слога
путем сочетания прилагательного с усилительными наречиями: (ең – самый, өте – очень, тым – весьма, чересчур, чрезвычайно, аса, тіпті, орасан, шымқай, нағыз, тіптен, тым-ақ, нақ, керемет) сап-сары (желтый-прежелтый), қып-қызыл (очень красный), үп-үлкен (большой-пребольшой)
ең жақсы (самый хороший), өте үлкен (очень большой), тым қатаң (чересчур суровый)
Сын есімнің жасалуы
1. Отыменные прилагательные образуются с помощью следующих суффиксов:
17- кесте
№ окончания примеры
твердая основа мягкая основа
1
2
3
4
5 -лы/-лі, ды/-ді, -ты/-ті
-лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік
-лас/-лес, дас/-дес,-тас/-тес
-тай/-тей; -дай/-дей
-сыз/-сіз, -шаң/ -шең,
- шыл/ -шіл
-қы/-кі, -ғы/-гі жаралы, ақылды, тасты
қалалық, аудандық,
облыстық
құрбылас, ауылдас, қанаттас, мұздай, суықтай
сусыз, бойшаң ,
ұйқышыл
қысқы, жазғы көңілді, белгілі, көрікті өлкелік , күздік, көйлек-тік,
көршілес, тілектес, елдес, түйедей , сүттей
мінсіз, сөзшең,
күлкішіл,
күзгі, ішкі
2.Отглагольные прилагательные образуются с помощью следующих суффиксов:
18- кесте
№ окончания примеры
твердая основа мягкая основа
1
2
3
4 -ғыш/-гіш
-қыш/-кіш
-малы/-мелі
-палы/-пелі
-қ, -к, -ақ, -ек
-ық, -ік, -шақ/-шек
-қыр/-ғыр
-кір/-гір жазғыш
жабысқыш
таңдамалы
ашпалы
мақтаншақ
ширақ, ақсақ
тапқыр
алғыр білгіш
кеңескіш
келмелі
кетпелі
еріншек
сирек
өткір
білгір
Ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары
Тәуелдік жалғау
В отличие от русского языка существует притяжательная форма, которая показывает приднадлежность данного предмета или явления какому-либо лицу (или предмету), коллективу.
І . Принадлежность одного какого-либо предмета или явления.
Притяжательная форма образуется путем прибавления к существительному следующих окончаний:
3- кесте
число лицо После гласных После согласных
тверд. мягк. тверд. мягк.
единст-
венное
І менің қала-м іні-м кітап/б-ым дәптер-ім
ІІ сенің
Сіздің қала -ң
қала -ңыз
іні -ң
іні -ңіз кітап/б -ың
кітап/б -ыңыз дәптер -ің
дәптер -іңіз
ІІІ оның қала -сы іні -сі кітап/б -ы дәптер -і
множест-венное
І Біздің қала-мыз іні-міз
кітап/б-ымыз дәптер-іміз
ІІ Сендердің
Сіздердің қала-ң
қала-ңыз іні-ң
іні-ңіз кітап/б-ың
кітап/б-ыңыз дәптер-ің
дәптер-іңіз
ІІІ Олардың қала-сы ініс-і кітап/б-ы дәптер-і
ІІ. Принадлежность множества (нескольких) предметов и явлений. В этом случае к основе слова прибавляются сначала окончания множественного числа, затем притяжательные окончания.
4- Кесте
число лицо окончания
единст-
венное твердые мягкие
І Менің кітаптар-ым дәптерлер-ім
ІІ Сенің кітаптар-ың дәптерлер-ің
Сіздің кітаптар-ыңыз дәптерлер-іңіз
ІІІ Оның кітаптар-ы дәптерлер-ім
множест-
венное І Біздің кітаптар-ымыз дәптерлер-іміз
ІІ Сендердің кітаптар-ың дәптерлер-ің
Сіздердің кітаптар-ыңыз дәптерлер-іңіз
ІІІ Олардың кітаптар-ы дәптерлер-і
Запомните!
1. Значение принадлежности передается путем присоединения к основам личных местоимений окончаний родительного падежа. Например:
Мен – менің (мой) Біз – біздің (наш)
Сен – сенің (твой) Сендер – сендердің (ваш)
Сіз – Сіздің (Ваш) Сіздер – Сіздердің (Ваш)
Ол – оның (его, ее) Олар – олардың (их).
2. В казахском языке отсутсвует категория рода, поэтому одно притяжательное местоимение выражает в русском языке три местоимений.
Например: менің – мой, мое, моя и т.д.
3. В отличие от русского языка, в казахском языке личные местоимения согласуются с предметом принадлежности.
Например:
менің кітабым – моя книга
сенің кітабың – твоя книга
оның кітабы – его (ее) книга
В казахском языке притяжательная форма местоимений (также и существительных) образуется при помощи суффиксов – нікі, -дікі, -тікі. Эти суффиксы присоединяются к основе слова, независимо от твердости и мягкости слога.
11- кесте
-нікі после конечных гласных кітап Анянікі, оқулық Аянанікі (книга Ани, учебник Аяны)
-дікі после конечных звонких з, ж и сонорных қалпақ атамдікі, сөмке Ораздікі (шляпа дедушки, сумка Ораза)
-тікі после конечных глухих и звонких б, в, г, д машина Ивановтікі, үй Мараттікі
(машина Иванова, дом Марата)
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен гармматикалық байланыста қолданылады. Кез-келген қатар тұрған сөздер бір-бірімен байланыса бермейді. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі бір заңдылығы бар. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер жалғау арқылы, шылау арқылы, сөздердің орын тәртібі арқылы, интонация арқылы байланысады.
1) Сөздер септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқылы бір-бірімен байланысқа түседі. Осы жалғаулардың қатысуымен сөздің өзара байланысынан белгілі синтаксистік қатынас, грамматикалық мағына беріп отырады.
Мысалы: Мен өз Отан+ым+ды сүйе+мін. Мұндағы (-ым) тәуелдік жалғауы, (-ды) табыс септігінің жалғауы, (-мін) жіктік жалғауы.
2) Сөздер ретіне қарай шылаулар арқылы байланысады.
Мысалы: Қазақ елі бейбітшілік үшін ынтымағын нығайтады. Мұнда көмекші рөл атқарып тұрған үшін шылауы, ол мақсаттың мағынасын тудырып тұр.
3) Сөздер орын тәртібі арқылы да байланысады.
Мысалы: Тас жолды ағаш күрекпен күредік деген сөйлемде тас пен жол, ағаш пен күрек сөзі қатар түруы арқылы анықтауыштың қатынаста орын тәртібі арқылы байланысқанын көрсетеді. Ал егер осы сөздердің орнын өзгертіп жіберсек, мүлде басқа мағына немесе мағынасыз сөйлем туады (тас күрек, ағаш жол). Бұл сөздер бір-бірімен тиянақты орын тәртібі арқылы байланысқа түседі.
4) Интонация арқылы байланысу. Мұнда екі сөздегі орын тәртібі тиянақты болуымен бірге, екеуінің арасында айтылуда дауыс ырғағы сақталып, екінші сөз сәл көтеріңкі естіледі, ал жазуда ол сөздер сызықшамен ажыратылады.
Мысалы: Ол – бухгалтер.
Қазақ тіліндегі сөздердің өзара байланысу түрлерінің бес түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.
1) Бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауы арқылы бір жақта және 1-2 жақьарда жекеше, көпше түрде байланысуын қиысу дейміз. Ілияс дүкеннен жүгіріп шықты деген сөйлемде Ілияс пен шықты, бастауыш пен баяндауыш ІІІ жақта қиысып тұр.
2) Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің байланысу түрін матасу деп атайды. Менің әкем Бауыржанның батырлығын, қамқорлығын айтып отырушы еді. Осындағы менің әкем , Бауыржанның батырлығы, Бауыржанның қамқорлығы тіркестері матасып тұр.
3) Бағыныңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардағы сөздің атау мен іліктен басқа септік жалғауларының біреуі жалғану не шылауы арқылы байланысу түрін меңгеру деп атайды.
Игілік Қызылжардан бұл жолы да ренжіп қайтып еді. Сөйлемдегі Қызылжардан қайтып еді меңгеріле байланысып тұр.
4) Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды.
Отаным десем ойыма
Айдын шалқар көл түсер...
Осындағы айдын, шалқар көл дегендер берік орын тәртібі арқылы байланысқан, олардың орнын ауыстырсақ, байланыс бұзылады.
5) Басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардың орын таңдамай, жақын да, қашық та тұруы арқылы байланысу түрін жанасу деп атайды.
Биыл ол мектепті бітіреді. Бұл сөйлемдегі биыл (бағыныңқы) сөзі бітіреді (басыңқы) сөзімен арасына сөз салып та, ол мектепті биыл бітіреді болып қатар тұрып та байланысады.
СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАР
Тілімізде 7 септік жалғау бар. Олар: атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік.
Септік жалғаулары — зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар. Мысалы: Абай Найманның дауына билігін айтып қойған еді. (М.Ә.) Бұл сөйлемдегі Абай деген сөзді атау септік баяндауышпен (айтып қойған еді), Найманның дегендегі ілік септік ол сөзді тәуелдік жалғаулы сөзбен (дауын) байланыстырып, дауына дегендегі барыс септік, билігін дегендегі табыс септік ол сөзді айтып қойған еді деген етістікпен байланыстырып тұр.
Сөйтіп, септік жалғаулары сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Қазақ тіліндегі септіктің аттары, сұраулары және жалғаулары мыналар:
Атау – кім? не?
Ілік – кімнің? ненің? –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.
Барыс – кімге? неге? қайда? –ға, -ге, -қа, -ке.
Табыс – кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.
Жатыс – кімде? неде? қайда? –да, -де, -та, -те.
Шығыс – кімнен? неден? қайдан? –нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.
Көмектес – кіммен? немен? –мен, -бен, -пен.
ЖАЙ СЕПТЕУ MEH ТӘУЕЛДІК СЕПТЕУ
Жай септеу деп септік жалғауларының тікелей зат есімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануын, септелуін айтсақ, ал, тәуелді септеу деп септік жалғауларының зат есім немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануын айтамыз.
Септіктер Сұраулары
Жай септіктің сұра-улары Тәуелдік септіктің сұраулары
1. Атау
Кім? не? кім? кімім? кімің кіміңіз? кім? нең? нем? неңіз? несі?
2. Ілік кімнің? ненің? кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің?
кімінің? немнің? неңнің?
неңіздің? Несінің?
3. Барыс кімге? Here? кіміме? кіміне? кіміңізге?
(қайда?) кіміне? неме? неңе? неңізге?
несіне?
4. Табыс кімді? нені? кімді? кіміңді? кіміңізді? кімін?
немді? неңді? неңізді? несін?
5. Жатыс кімде? неде? кімімде? кіміңде? кіміңізде?
кіміңде? немде? неңде? неңізде?
несінде? (қайда)
б. Шығыс кімнен? неден? Кімімнен? кіміңнен? кіміңіздей?
кімнен? немнен? неңнен?
неңізден? несінен? (қайда?)
7. Көмектес кіммен? немен? кіміммен? кіміңнен? кіміңізбен?,
(қалай?) Кіммен? неммен? неңмен?
неңізбен? Несінен? (қалай?)
Септік жалғауы үндестік заңына бағынып жалғанады. Сондықтан, әрбір септік жалғаудың бірнеше дыбыстық варианттары бар.
Көмектес септік жалғауы буын үндесуіне бағынбай, жуан сөзге де, жіңішке сөзге де тек жіңішке түрінде жалғанады. Мысалы: қала-мен, өлеңмен.
Орыс тілінен енген 6, в, г, д дыбыстарына аяқталатын сөздерге септік жалғаулары қатаңнан басталып жалғанады.
Бұрынғы өткен шақ.
Давнопрошедшее время образуется двумя способами:
Путем прибавления к корню глагола суффиксов деепричастия – ып, -іп, -п плюс личные окончания лица. Например: жазу – жаз + ып + пын (написал (-а) оказывается),
бару – бар +ып +пын (ходил (-а) оказывается).
Отрицательная форма образуется путем прибавления к корню отрицательных суффиксов –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, а затем суффикса деепричастия – п (так как основа оканчивается теперь на гласные) и соответсвующих личных окончаний.
Например: жазу – писать. жаз + ба + п + пын (оказывается не написал (-а)).
келу - прийти. кел + ме + п + ті (оказывается не пришел (-а)).
Запомните: Если основа глагола оканчивается на звук п, то при образовании деепричастия положительного значения звук п переходит в звук у: жабу – закрыть. жап – жау + ып (закрой - закрыв).
Спряжение глаголов в давнопрошедшем
времени первым способом
48- кесте
Единственное число Множественное число
Мен барыппын
Сен барыпсың
Сіз барыпсыз
Ол барыпты
Мен бармаппын
Сен бармапсың
Сіз бармапсыз
Ол бармапты Біз барыппыз
Сендер барыпсыңдар
Сіздер барыпсыздар
Олар барыпты
Біз бармаппыз
Сендер бармапсыңдар
Сіздер бармапсыздар
Олар бармапты
2. Вторая форма давнопрошедшего времени образуется путем прибавления к корню или основе глагола суффикса причастия – қан, -кен, -ған, -ген и личных окончаний глагола. Например: көру – видеть. Мен көр +ген +мін. Я видел (-а) (когда-то), болу – быть. Сен бол + ған + сың. (Ты был (-а) (когда-то).
Отрицательная форма образуется при помощи слов жоқ, емес. При этом личные окончания глаголов присоединяются к словам жоқ, емес.
Например: ұйықтау – спать.
Біз түні бойы ұйықтаған жоқпыз. Мы всю ночь не спали.
Ол менімен ешқашан сөйлескен емес. Он со мной никогда не разговаривал.
Спряжение глаголов в давнопрошедшем
времени вторым способом
49- кесте
Единственное число Множественное число
Мен айтқанмын
Сен айтқансың
Сіз айтқансыз
Ол айтқан
Мен айтқан емеспін
Сен айтқан емессің
Сіз айтқан емессіз
Ол айтқан емес Біз айтқанбыз
Сендер айтқансыңдар
Сіздер айтқансыздар
Олар айтқан
Біз айтқан емеспіз
Сендер айтқан емессіңдер
Сіздер айтқан емессіздер
Олар айтқан емес
Жедел өткен шақ.
Очевидно-прошедшее время обозначает действие имевшее место в прошлом. Оно образуется путем присоединения к корню или к глаголу суффиксов –ды, -ді, -ты, -ті + личных окончаний. Например: Алу – ал + ды + м . Келу – кел + ді + ң.
Отрицательная форма очевидно-прошедшего времени образуется при помощи суффиксов –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, после чего прибавляются суффиксы прошедшего времени –ды, -ді, -ты, -ті и личные окончания глагола.
Например: ал + ма + ды + м (не взяла), кел + ме +ді + м (не пришла), кет + пе +ді +ң (не уходила), айт + па +ды (не сказала).
Спряжение глаголов в очевидно-прошедшем времени
47- кесте
Единственнное число Множественное число
Мен алдым
Сен алдың
Сіз алдыңыз
Ол алды
Мен алмадым
Сен алмадың
Сіз алмадыңыз
Ол алмады Біз алдық
Сендер алдыңдар
Сіздер алдыңыздар
Олар алды
Біз алмадық
Сендер алмадыңдар
Сіздер алмадыңыздар
Олар алмады
Есімдік, оның түрлері.
Есімдік
По своим значениям и свойствам местоимения делятся на семь разрядов:
1. Жіктеу есімдіктері (личные местоимения).
2. Сілтеу есімдіктері (указательные местоимения).
3. Өздік есімдік (возвратное местоимение).
4. Жалпылау есімдіктері (определительные местоимения).
5. Болымсыздық есімдіктері (отрицательные местоимения).
6. Белгісіздік есімдіктері (неопределенные местоимения).
7. Сұрау есімдіктері (вопросительные местоимения).
Жіктеу есімдіктері
1. Жіктеу есімдіктері отвечают на вопросы кім? (кімдер?) (кто?). Они склоняются по падежам.
Запомните!
1. Жіктеу есімдіктері, кроме І лица, принимают окончания множественного числа –лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер.
Жіктеу есімдік ІІІ лица принимают притяжательные окончания. Например: -оным, - оныңыз, -онысы, -оларым, -олардың, -оларыңыз, -оларды.
Следующие жіктеу есімдіктері мен (я), сен (ты), Сіз (Вы), ол (он) вместо окончания направительно-дательного падежа –ға/-ге принимают окончание –ған. Например: маған (мне), саған (тебе), оған (ему).
В предложении они бывают подлежащими и дополнениями. Например: Мен университетте жұмыс істеймін. Әкесі оған машина сыйлады.
Жіктеу есімдіктерінің септелуі
25- кесте
№ падежи
местоим. атау ілік барыс табыс жатыс шығыс көмектес
І
ІІ
ІІІ Мен
Сен
Сіз
Ол
ед.
ч
и
с
л
о мен
сен
Сіз
ол
менің
сенің
Сіздің
оның
маған
саған
Сізге
оған
мені
сені
Сізді
оны
менде
сенде
Сізде
онда
менен
сенен
Сізден
одан
менімен
сенімен
Сізбен
онымен
І
ІІ
ІІІ Біз
Сендер
Сіздер
Олар м
н.
ч
и
с
л
о біз
сен-дер
Сіз-дер
олар
біздің
сендер-дің
Сіздер-дің
олар-дың
бізге
сен-дерге
Сіз-дерге
оларға
бізді
сен-
дерді
Сіз-дерді
олар-
ды
бізде
сен-
дерде
Сіз-дерде
оларда
бізден
сен-
дерден
Сіздер-ден
олар-дан
бізбен
сен-дермен
Сіздер-мен
олармен
Сілтеу есімдіктері
2. Сілтеу есімдіктері (указательные местоимения). К ним относятся: бұл, мына, мынау – этот, эта, это; осы – этот самый; сол – тот самый; ол, анау, ана – тот, та.
Указательные местоимения изменяются по числам и падежам, могут иметь окончания принадлежности.
Отвечая на вопрос қай? (какой?) в предложении бывают определением. Например: Анау менің үлкен ұлым. (Тот мой старший сын).
Сілтеу есімдіктерінің тәуелденуі
26-кесте
число
лицо единств. число множеств.
число единств. число множеств.
число
І
ІІ
ІІІ осыным
осының
осыныңыз
осынысы осыларымыз
осыларың
осыларыңыз
осылары бұным
бұның
бұныңыз
бұнысы бұларымыз
бұларың
бұларыңыз
бұлары
27-кесте Сілтеу есімдіктерінің септелуі
падеж
число атау ілік барыс табыс жатыс шығыс көмектес
ед. число мынау
анау
мынаның
ананың
мынаған
анаған
мынаны
ананы
мынада
анада
мынадан
анадан
мынамен
анамен
мн. число мына-лар
аналар мына-лардың
аналардың мына-ларға
аналарға
мына-ларды
аналарды мына-ларда
аналарда
мына-лардан
аналардан
мына-лармен
аналармен
Өздік есімдік.
3. Өздік есімдік (возвратное местоимение) өз – сам, себя изменяется по лицам и числам. Употребляется только в притяжательной форме и склоняется только в этой форме. Өздік есімдік принимает следующие суффиксы:
28- кесте
число суффикс
лицо
-нікі, -дікі
-ше, -нше
ед.
число
мн.
число
І
ІІ
ІІІ
І
ІІ
ІІІ өзімдікі
өзіңдікі
өзінікі
өзіміздікі
өздеріңдікі
өздерінікі өзімше
өзіңше
өзіңізше
өзінше
өзімізше
өздеріңізше
өздерінше
Склонение возратных местоимений
29- кесте
число
падежи единственное число множественное число
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес өзім
өзімнің
өзіме
өзімді
өзімде
өзімнен
өзіммен өзіміз
өзіміздің
өзімізге
өзімізді
өзімізде
өзімізден
өзімізбен
Жалпылау есімдіктері
4. Жалпылау есімдіктері (определительные местоимения) дают общее представление о лице и предмете.
К определительным местоимениям относятся: бәрі, барлық, барша (все, весь), бүкіл, күллі (все), бар (бар әлем), бүтін, түгел (весь, все целиком, всякий, каждый).
Такие определительные местоимения, как бүкіл, күллі, түгел являются неизменяемыми и выполняют в предложении роль определения.
Определительные местоимения в предложении выступая в качестве определения, предшествуют определяемому слову. Например: барлық факультет (все факультеты), әрбір студент (каждый студент).
Те, которые имеют окончания принадлежности, получают собирательное значение и изменяются по падежам.
Болымсыздық есімдіктері
5. Болымсыздық есімдіктері (отрицательные местоимения) – ешкім (никто), еш нәрсе, ештеме (ничто, ничего), ешқандай (никакой), ешқашан (никогда), ешқайда? (никуда?), ешқайдан? (ниоткуда?), ешқалай? (никак). Из них употребляется в значении:
1) Существительных – ештеме, ешкім, ешқайсысы и они изменяются по падежам и числам.
2) Прилагательных –ешқандай, ешбір и они не изменяются по падежам и числам.
Они употребляется в отрицательных предложениях при наличии отрицательных слов жоқ, емес и аффиксов –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе, -сыз/-сіз.
Например: Санаттан ешқандай хабар болмады. Бүгін бастық ешқайда кеткен жоқ. Ол менімен ешқашан сөйлескен емес.
Белгісіздік есімдіктері
6. Белгісіздік есімдіктері (неопределенные местоимения) на предметы, признаки, количества указывают неопределенно. Они употребляются вместо:
1. Существительных – біреу (кто-то), кейбіреу (некоторые, кто-то), бірдеме (что-то), әркім (каждый), әрне (что-то), кімде-кім (кто-либо), әлдене (что-либо);
2. Прилагательных – бір (некий), кейбір, қайсыбір (некоторый), әр, әрбір, кейбір (каждый);
3. Числительных – бірнеше (несколько), әлденеше, біраз (несколько);
4. Наречия - әрқалай, әлдеқалай (какой-либо, как-то), әлдеқайдан (откуда-либо), әлдеқашан (давным-давно).
Запомните:
кей, қай, бір, әр, әлде употребляются в сочетании с другими местоимениями и пишутся слитно. Например: кейбір студенттер (некоторые студенты), әрбір адам (каждый человек).
Сұрау есімдіктері
7. Сұрау есімдіктері (вопросительные местоимения). В казахском языке к ним относятся:
Кім? (кто?), не? (что?), неше?(сколько?), нешінші? (который?), нешеу? (сколько?), қай? (какой?), қайсы? (который?), қайдан? (откуда?), қандай? (какой?), қанша? (сколько?), қашан? (когда?), қалай? (как?), қайтіп? (каким образом?), немене? (что такое?), қайда? (где? куда?), қайдан? (откуда?)
Они изменяются по падежам, а местоимения кім? не? принимают окончания принадлежности, изменяются по числам.
В предложении, выступая в роли определения, стоят перед определяемым словом. Например: Әлия нешінші курста оқиды?
Выполняя функцию сказуемого, стоят в конце предложения.
Например: Сіздің әкеңіз қайда? Выступая в качестве обстоятельства или дополнения употребляется перед сказуемым.
Например: Спектакль қашан басталады? Сен бүгін кімді көрдің?
Сұрау есімдіктерінің септелуі
30- кесте
число
падежи единственное число множественное число
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес Кім? не?
Кімнің?
Ненің?
Кімге?
Неге?
Кімді?
Нені?
Кімде?
Неде?
Кімнен?
Неден?
Кіммен?
Немен? Кімдер? нелер?
Кімдердің?
Нелердің?
Кімдерге?
Нелерге?
Кімдерде?
Нелерді?
Кімдерде?
Нелерде?
Кімдерден?
Нелерден?
Кімдерден?
Нелерден?
Сөз мағыналары — негізгі мағына және туынды мағына болып екіге бөлінеді.
СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ КЕЛТІРІНДІ (АУЫСПАЛЫ) МАҒЫНАСЫ
Сөз белгілі зат, құбылыс, ұғым, түсініктердің атауы болады да, негізінде, сол бастапқы атауы мағынасында айтылады. Кейде сөйлем ішінде сөз бастапқы, тура мағынасында қолданылмай, өзге бір түсінік ретінде ауыспалы мағынада да қолданылады. Мысалы, Құрман ұстаның сегіз сиыры бар. Апай майлы төстікті отқа үйте бастады деген сөйлемдердегі сегіз, майлы деген сөздер өздерінің бастапқы тура мағыналарында қолданылған. Ал Семіздің аяғы сегіз («М. М.»), Ол үйдің дастарқаны майлы деген сөйлемдердегі сегіз, майлы деген сөздер өздерінің бастапқы мағыналарында айтылмай, ол сөздерге жаңа келтірінді, ауыспалы мағыналар жүктелген. Мұндағы сегіз деген сөз санды білдірмей, көп деген ұғымды білдіріп тұр, яғни мал семіз болса, еті көп болады деген ұғымды береді. Дастарқаны майлы дегендегі майлы деген сөз дастарқанға май жұққан, кірлеген деген ұғымды бермей, ол үйдің дастарқанының үстінде асы мол болады, яғни ол үй асты мол береді деген ұғымда айтылып тұр.
Сөйтіп, сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал-әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын т y p a м a ғ ы н a дейді. Ал сөз мағынасы ауыстырылып, бастапқы ма-ғынасынан өзге мағынада қолданылса, оны сөздің к e л т i p i н д i немесе a y ы c п a л ы м a ғ ы на с ы дейді.
Сөйлемнің түрлері.
Сөйлем түрлері
Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады да: екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлем - айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі.
Мысалы: Мен жалақы алдым.
Сұраулы сөйлем - жауап алу мақсатымен қарай айтылған сөйлем.
Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:
а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не үшін?
ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Жерім жаман ба?
б) ғой, қой, ау, еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:
– Осы ғой алған жоспары? – Иә, осы.
в) Сұрау интонация арқылы. Япырай, ие бермей кетпесе?
Бұйрықты сөйлем - біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.
Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте(.) я леп белгісі(!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді –шы, -ші жұрнағының үстеуі арқылы жасалады. М: Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – деді...
Лепті сөйлем - айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем.
Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Соған сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Құнанбай қатты зекіп қалып:
– Жә тоқтат! – деді. (М.ә)
Жұрнақ пен жалғау.
ҚОСЫМШАЛАР
Жеке тұрғанда мағынасы жоқ, түбір сөзге жалғанып, сөздің лексикалық мағынасын өзгертетін, сөздің грамматикалық мағынасын түрлендіретін сөз бөлшегі қосымша деп аталады. Қосымшаларда, біріншіден, лексикалық мағына болмайды, екіншіден, сөзден бөлек қолданылмайды, үшіншіден, қосымшалардың дыбыстық варианттары болады. Мысалы -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.
Қосымшалардың көпшілігі дыбыстық жағына өзгергіш, түрленгіш келеді, демек, қосылатын сөздердегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың әуеніне қарай үйлесіп үндесіп отырады.
Қосымшалар мағынасына және атқаратын қызметіне қарай жұрнақ және жалғау болып екі топқа бөлінеді.
ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақ дегеніміз — өзі жалғанған сөзге лексикалық немесе грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Мысалы: бүркіт және бүркітші деген сөздер түбірлес сөздер болғандарымен, екеуінің лексикалық мағынасы бір емес, екеуі — екі басқа сөз. Жұрнақтардың қызметтері де, мағыналары да біркелкі емес, әр түрлі. Кейбір жүрнақтар түбір сөздің мағынасын өзгерткенімен, сол сөзді басқа бір грамматикалық категорияға ауыстырып жібермейді. Мысалы: мал мен малшы деген сөздер лексикалық мағынасы жағынан басқа-басқа сөздер, бірақ белгілі грамматикалық мағынасы жағынан зат есімге жатады. Кейбір жұрнақтар белгілі бір сөз табына тән сөздерді басқа бір сөз табына ауыстырады. Шеге, түз, аяк, дегендер зат есімге тән сөздер болса, оларды -ле(шегеле), -да(тұзда), -та(аяқта) жұрнағы етістікке айналдырып тұр.
Сөйтіп, сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын жұрнақты — сөз тудырушы жұрнақ деп атайды. Мысалы: киім, өнім деген сөздер -ім, жұрнағы арқылы ки, өн сөздерінен туған. Сондай-ақ aш, тол сөздерінен -ық жұрнағы арқылы ашық, толық деген жаңа сөздер жасалған. Сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән категориялары тудыратын мұндай жұрнақтардың лексикалық қызметінен гөрі грамматикалық қызметтері анағұрлым басым болады. Мұндай жұрнақтарды сөз түрлендіретін жүрнақтар деп атайды.
Жалаң жүрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақты айтады. Мысалы: білім, кешкі, ойла, кеспе, малшы, ұшқыш дегендердегі -кі, -ла, -ne, -шы, -қыш жұрнақтарының әрқайсысы мағына жағынан, тұлға жағынан да біртұтас жұрнақ.
Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемінде екі я онан да көп жалаң жұрнақтардан құралып (бірігіп) жасалған жұрнақтар күрделі (құранды) жұрнақтар деп аталады. Мысалы: Тұрғылықты, көтеріңкі, ашпалы деген -легі -ғылықты, (ғы-лық-ты), -іңкі (ің-кі), -палы (па-лы) т.б.
ЖАЛҒАУЛАР
Жалғаулар түбірге жаңа мағына үстемдейді. Олар өздері жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа сөздермен жалғастырып, байланыстырады. Мысалы: Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан mycmi –лар -дер көптік мағынаны, -i меншіктілік мағынаны білдіретін жалғау, -н -нан объектіні білдіретін жалғаулар, олар сөз бен сөзді байланыстырып тұр. Жалғаулар түбір сөзге де, туынды сөзге де жалғана береді.
Казақ тілінде төрт түрлі жалғау бар. Олар: 1.Септік жалғау. 2.Көптік жалғау. 3.Тәуелдік жалғау. 4. Жіктік жалғау.
Сөйтіп, сөзге грамматикалық мағына үстейтін. сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.
Зат есім.
В казахском языке вопрос кім? (кто?) употребляется только по отношению к человеку, во всех других случаях употребляется не? (что?).
К одушевленным относятся существительные, обозначающие людей, животных. Например: қыз (девочка), құлын (жеребенок), қарлығаш (ласточка).
К неодушевленным относятся остальные существительные. Например: мектеп (школа), қала (город), қант (сахар).
Категория рода в казахском языке отсутствует, но слова имеют логические родовые различия. Например: Сіңілім үшінші класта оқиды. (Моя сестра учится в третьем классе). Әкем – зейнеткер. (Отец - пенсионер). Сиыр бұзаулады. (Корова отелилась).
Основные синтаксические функции – быть подлежащим и дополнением. Также могут выступать