Menu
Неологизм сөздер (Жаңа сөздер)
Неологизм деп өндіріс пен ғылымның, мәдениет пен шаруашылықтың түрлерімен байланысты тілде жаңадан пайда болған және әзірше көпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздерді айтады. Жаңа сөз үнемі жаңа болып тұрмайды, көпшілік қауым бүл сөздерді меңгерген кезде, олар жалпы халықтық сипатқа ие болады да, халық тәжірибесінде жүріп екшелегеннен кейін қолданыла келе неологизм болудан қалады.
Қазақ тілі лексикасындағы сөздер де неологизм түрінде болды. Мысалы: алтын шаю (золотопромывания), amna (извержение), желі (жила), теміртас (железняк), құмтөбе (дюра), алыс өлшем (дальномер), керегетас (горсть), сөппе (вкрапленность), шөктіру (усаждение), шөгінділер (осадки) т.б. Жаңа ұғымды білдіретіндіктен, бүл сөздер де неологизм болып табылады. Шөктіру деген сөздің мағынасын салыс-ырыңыз. Бүл сөз бұрын түйені еріксіз жатқызуды білдірді, ал қазір ол геология термині болып та есептеледі. Дәл осы секілді желі деп бүрын тек бие байлау уақытында құлындарды тізіп байлап қою үшін қазыққа керілген арқанды атаса, қазір тау жынысын білдіретін атау болып қалыптасып отыр. Бүл сөздер қазақ тілі сөздік қүрамына, бір жағынан, неологизм болып, екінші жағынан, термин болып кірді.
Белгілі тарихи кезеңде тілдің сөздік құрамына жаңадан еніп, сол тілде сөйлеуші қалың бұқараның көпшілігіне түсініксіз болып бірте-бірте қалыптасу барысында жүрген бірқатар сөздер тілдің өсу, даму сатыларында неологизм болудан қалып та қояды. Мысалы, қосшы одағы, қызыл керуен деген сөздер совет өкіметі орнаған алғашқы кезде тілде бұрын болмаған жаңа ұғым атауы ретінде неологизм сөздерінің қатарында қолданыла келе, кейін қатардағы сөзге айналып, қоғамдық өмірдің дамуымен байланысты ол атаулар ескіріп: қолданудан шығып, ескірген (архаизм) сөздерге айналды.
15.07.2010 08:36 Казахский язык Артем 4108 71499 4
Айнур   06.05.2015 15:26
я дим сол маған тек қана неологизм керек
қотапиән   17.01.2012 21:45
дым тусиниусиз суки
Саян   27.12.2011 00:48
Барі де тусінікті го...
marjoni   18.09.2011 20:07
durystap tsynikti djazbaima
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход