Menu
Идиoмaлық тipкecтep
Тарихи ұстала келе бір ұғым ретінде қалыптасқан тұрақты сөз тіркестері, жалпы алғанда, бір тектес, бірыңғай болып келсе де тіркесте енген сөздердің арақатынастары, өзара мағыналары жөнінен бірдей бола бермейді. Белді бекем буу, ата жолын қуу, қол қусыру деген сияқты тіркестер мен қырғи қабақ болу, жүрек жалғап алды, бүйрегі бұрды деген тіркестегі сөздерді салыстырсақ, олардың өзара байланысу тәсілдері мен мағыналары бірдей емес екенін байқауға болады. Алдыңғы сөз тіркестеріндегі сөздердің жеке тұрғандағы мағыналары мен сол тіркеске еніп тұрғандағы мағыналары бір-бірінен алшақ емес және тіркестегі сөздерді ажыратып, синтаксистік қарым-қатынастарын анықтауға болады. Ал кейінгі тіркестегі сөздердің жеке тұрғандағы мағыналары тіркеске еніп тұрған күйіндегі мағыналарына сәйкес емес. Ол сөздер бастапқы мағыналарынан айырылып, біртұтас мағынаға айналған. Ол тіркестегі сөздерді ажыратып, синтаксистік қарым-қатынас жағынан мүшеге бөліп талдауға келмейді. Мысалы, жүрек жалғап алайық дегенде жүрек деген нәрсе бар, оны жалғауға болады деген ұғым шықпайды. Ac ішейік деген ұғым шығады. Бұлардың алдыңғылары жай фразерлогиялық тіркестер де, соңғылары идиомалық тіркестер.
Сөйтіп, жеке тұрғандағы мағынасы тіркестегі мағынасына сай келмейтін, бірінен-бірін бөліп алып қарауға болмайтын, өзге тілге сөзбе-сөз аударылмайтын түрақты сөз тіркестерін идиoмaлық тipкecтep немесе идиoмa дейді.
Идиомалық тіркестерге қабырғаңмен кеңес, қырық пышақ болу, түйе үстінен сирақ үйту, жүрек жалғay, көз тігу, сағы сыну, екі аяғын бір етікке тығу, жүнін жығу сияқты жеке тұргандағы мағыналарынан не мүлде, не жартылай айырылып, өзара жымдасып бір ғана ұғым ретінде ұсталатын сөздердің тұрақталған, қалыптасқан тізбектері жатады. Мұндай тіркестегі сөздерді өзге тілге сөзбе-сөз аударса, ешқандай түсінік бермей сөздердің мағынасыз тізбегі болып шығады. Сондықтан идиомалық сөз тіркестерін өзге тілге жалпы логикалық мағынасына қарай аударуға болады.
15.07.2010 11:23 Казахский язык Артем 3704 15289 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход