Menu
Корей халқының дәстүрлі наным-сенімі
Корей халқының ежелден-ақ өз еліне деген сүйіспеншілігі зор болды және бұл сезім олардың наным-сенімі, пәлсапасы мен дінінде көрініс тауып отырды. Асқар таулар, өзен-көлдер және теңіз жағасы, жылдың төрт мезгілі жарты аралды мекендеген адамдардың дүниетанымы мен мінезін қалыптастыруда ықылым замандардан-ақ маңызды рөл атқарды. Олардың ата-бабалары ауа-райы жылырақ жерді іздеуде Сібір мен Манчжуриядан басталатын ұланғайыр кеңістікті меңгерді. Өз жерін таңдай отырып, олар өз тарихын да таңдады. “Самчук-Юсада” (“Үш мемлекеттің ұмытылған іс-әрекеттері”) корей ұлтының негізін салушы Тангун туралы жазба деректер бар. Бұл мифте аспан құдіреті Тангунның әкесі Хванун, тұрғындардың өтініші бойынша, жер бетінде тұрақтануға бел байлайды. Ол аюды әйелге айналдырып, үйленеді де, бұл некеден Тангун атты ұл дүниеге келеді. Сөйтіп, Тангун б.д.б. 2333 жылдан бастап мыңдаған жылдар бойы ел басқарады. Кейбіреулер бұл мифті корей халқы тотемизмінің бір көрінісі деп қабылдайды. Ал енді біреулер құдіреттің адам болып жер бетінде тұрғысы келетіндігін былайша түсіндіруге тырысады: бұл миф корей халқының өз жерін қуғын-сүргінге ұшыратқан және күнәқарларды жазалайтын жер ретінде санамайтындығын айғақтайды. Міне, осы көзқарас бойынша, бұл жер мен елде небір асқақ армандар орындалады, сондықтан құдайлар мен жануарлардың да осында тұрғысы келеді. Кореяның сурет өнері өзінің батыл да жігерлі бояу үлгілерімен әйгілі, Азия құрлығының өнерінен біршама айырмашылығы бар. Бір қарағанда корей суретшілері шығармаларының солғын түсі көркемдік пен әсерліліктен жұрдай сияқты көрінуі мүмкін. Суретшілер осылайша өздерінің өмірге деген теріс көзқарастарын білдіргісі келетін сияқты. Алайда бұл қате ұғым. Бұл пейзаждарға тереңірек үңілетін болсақ, олардың айрықша сиқырлы күшін, өмірге деген ынтызарлығын сезінесің. Бүгінде корейлік жас ұрпақ нигилистік көзқарасты мойындамайды, онда жасампаз ой-пікір жандануда. Мұның бір дәлелі ретінде корейліктердің балаларға ат қою рәсімін айтуға болады. Есімдердің көпшілігі тас немесе темір дегенді білдіретін сөздерден туындайды, мысалы, Чхадори және Сведори. Бұл есімдерді корейліктер балаларымыз темір сияқты мықты, жастары ұзақ болсын деген ниетпен қояды. Аспан әрдайым мейірім мен қаһардың қайнар көзі болып саналды. Шаруалар мен балықшылар сәттілік әкелсін деп әртүрлі салтжоралар жасап, аспанға құрбандық шалатын. Аспанға оның ұлан-байтақтығы және жарықтығы үшін табынатын, соған қарамастан бұл діни табыну да, дәстүрлі халықтық әдет-ғұрып та емес еді. Адамның атақтылығы мен қадір-қасиеті де осы аспанмен жиі ассоциацияланатын. Король “Аспанның ұлы” болып есептелетін.
14.10.2010 23:24 Қазақ тілі Артем 6658 4
Отан   15.10.2010 17:05
1) Қазақ халқында аспанға табынушылық бар ма?
2) Қазақтар ат қоюға қаншалықты мән берген?
3) Қазақ тотемизмінде табиғаттың алар орны қандай?
4) Дәстүрлі наным-сенім мен діннің қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар, әлде екеуі бір нәрсе ме?
Отан   15.10.2010 17:05
Корей халқының (мировоззрение) қалыптастыруда ежелден-ақ табиғат маңызды рөл атқарған. Корейліктердің ата-бабалары Сібір мен Манчжуриядан басталатын (обширный) жерді мекендеген. Корей суретшілері шығармаларының түсі (бледный) болып келеді. Чхадори мен Сведори деген есімдер (прочный) дегенді білдіреді. Аспан мейірім мен (гнев) қайнар көзі болып саналады. Корейліктер аспанға табынып, әртүрлі (ритуалы) жасады.
Отан   15.10.2010 17:05
1) Корей халқының дүниетанымы.
2) Корейлер өз тарихын таңдады.
3) Тангун дүниеге келеді.
4) Корей елі туралы миф.
5) Кореяның сурет өнерінің өзіндік ерекшеліктері бар.
6) Корейлік жас ұрпаққа нигилистік көзқарас тән.
7) Корей халқы ат қоюға ерекше мән береді.
Отан   15.10.2010 17:04
1. Дәстүрлі наным-сенімді қалай түсінесіз?
2. Қазақ халқының қандай наным-сенімдері бар?
3. Қазақтардың пайда болуы туралы қандай аңыздар бар?
4. Корейлер мен қазақтардың тотемизмінде ұқсастықтар бар ма?
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход