Menu
Кореяның күнтізбелiк рәсімдері мен мерекелерi
Корейліктер мыңдаған жылдар бойы ай күнтізбесін қолданып келеді. Ай күнтізбесі күн жылымен әр бес жыл сайын ай жылына бір айдың екі рет қосылуы арқылы сәйкес келеді. Мұның айғағы ретінде күн күнтізбесінің 24 бірдей бөлікке немесе чольге бөлінгендігін айтуға болады. Ондағы күн мен түннің теңелуі және күн тоқырауы уақытша нүктелер ретінде қолданылады. Шығыста күн күнтізбесі қолданысқа енбестен бұрын, ай күнтізбесі осы чольді көрсететін. Бір-екі күндік айырмашылығы бар бұл уақытша нүктелер күн күнтізбесі бойынша сол күнге сәйкес келеді. Чольдердің ішіндегі ең маңыздысы бұл, әрине, күн мен түннің теңелуі және күннің тоқырауы, ал ипчхун одан да маңыздырақ, өйткені ол – жылдың алғашқы нүктесі және көктемнің келгенін білдіреді. Ай күнтізбесі бойынша тойланатын мерекелердің кейбіреуі осы күнге дейін сақталған.

Аса ірі мерекелердің бірі – бірінші айдың бірінші күні жаңа жылды қарсы алу немесе Соль. Бұл күні адамдар, дәстүр бойынша, әдемі киініп, бүкіл жұмыстарын аяқтайды, отбасылар бірігіп рәсімдерді орындауға кіріседі, бір-біріне сыйлықтар тарту етеді. Мерекелік дастархан жайылады, отбасының кіші мүшелері үлкендерге иіліп сәлем береді де, құттықтайды. Одан кейін жастар көрші үйлерді аралап, туған-туысқандар мен таныстарды құттықтайды.

Ай күнтізбесінің тағы бір маңызды күні болып Чхусок немесе егін мерекесі саналады, ол күн күнтізбесінің қыркүйек немесе қазан айларына сәйкес келеді.

Ай күнтізбесінде тағы да бірнеше аталып өтілетін күндер бар. Бірінші айдың 15 күні маңызды саналады, өйткені бұл күні айдың толуын қарсы алады. Әдет-ғұрып бойынша, бұл күні адамдар әр түрлі жаңғақтар шағады, әбілеттерді, зиянды жәндіктер мен жануарларды қорқытып, қуу үшін нұршашулар ұйымдастырады. Ал кешке қарай айдың жарығымен қыдырады, дәстүрлі ойындар ойнайды. Көршілес ауыл тұрғындары арасында арқан тарту, тас лақтыру, шырақпен күресу сияқты жарыс-ойындар ұйымдастырылады. Жастар мен орта жастағы ерлер қатысатын бұл жарыстарды тамашалауға жан-жақтан жүздеген көрермен келеді. Бұл көңілді ойындар бір тараптың жеңіске жетуімен аяқталады.

Қысқы күн тоқырауынан кейінгі 105-күні, күн күнтізбесі бойынша 5-сәуірге немесе ай күнтізбесі бойынша бірінші немесе екінші айларға сәйкес келетін Хансик үлкен көктем мерекесін тойлаған. Бұл күні ата-бабаларды еске алу рәсімдері жасалған. Адамдар бүкіл отбасымен бейіт басына келіп, айналасын жинап, ретке келтірген, ағаш отырғызған.

Бесінші айдың бесінші күні Тано деп аталатын үлкен жаз мерекесі аталып өтілген. Көне жылнамалар бойынша, бұл күні адамдар жаңа жылдағыдай демалған, әдемі киініп, той тойлап, қыдырған. Ерлер арасында белбеулермен күресуден, ал әйелдер арасында әткеншек тебуден жарыстар ұйымдастырылған. Жеңіске жеткен ер адамға өгіз, ал әйел адамға алтын жүзік тарту етілген. Сотталь деп аталатын он екінші ай – бұл адамдардың өз істерін ретке келтіріп, төлемдерін өтейтін, сөйтіп, жаңа жылды қарсы алуға дайындалатын уақыты. Дәстүр бойынша, жаңа жылдың алдындағы түні ұйықтамау керек. Жылнамалардың айтуынша, баяғы заманда патшалар мен сарай қызметшілері наре деп аталатын әбілеттерді қуу рәсімдерін орындаған. Осы нареге қатысушы он биші чхоен маскаларын киіп, би билеген.

14.10.2010 23:26 Қазақ тілі Артем 3146 2
Отан   15.10.2010 17:07
1) Қазақстан мен Корея мерекелеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды атаңыз.
2) Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
3) Қазақ халқы мен корей халқының ұлттық ойындарын салыстырыңыз.
4) Қазақ халқының табиғат құбылыстарымен байланысты қандай дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар?
Отан   15.10.2010 17:06
1) Корейліктер мыңдаған жылдар бойы ай күнтізбесін қолданып келді.
а) сын есім ә) атау септік б) табыс септік

2) Әдет-ғұрып бойынша, мереке кезінде зиянды жәндіктерді, жануарларды қуу үшін нұршашулар ұйымдастырды.
а) етістік ә) зат есім б) жекеше түрі

3) Соль мерекесінде отбасылар бірігіп, рәсімдерді орындауға кіріседі.
а) өткен шақ ә) табыс септік б) ілік септік

4) Жазда Тано деген үлкен мереке аталып өтіледі. Көне жылнамаларға сенсек, бұл күні адамдар жаңа жылдағыдай демалған.
а) үстеу ә) барыс септік б) етістік

5) Баяғы заманда патшалар мен сарай қызметшілері әбілеттерді қуу рәсімдерін орындаған.
а) зат есім ә) етістік б) сын есім.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход