Menu
Тәуелдік жалғаудың қосымшалары
Сөздің соңғы дыбысы I жақ II жақ III жақ
Дауысты дыбыс болса одан кейін -м -н, (-ңыз, -ңіз) -сы, +сі
Дауыссыз дыбыс болса, одан кейін -ым, -ім -ың, -ім -ы, -і (-ыңыз, -іңіз)

Тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары жіктеу есімдіктерінің жақтауына сәйкес келіп отырады. Мысалы: менің қаламым, сенің қаламың, сіздің қаламыңыз, оның қаламы. Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз жекеше тәуелденіп түрса, бір зат бір ғана адамға (я затқа ғана) меншікті екендігі білінеді. Tәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады. Мысалы: өлеңім — менің бөбегім... Қайратым мәлім, Келмейді әлім... Бірдің табысы — мыңның игілігі т.б.
Тәуелдік жалғауы түсіп қалмайды, әмісе ашық қолданылады. Кейде тек біздің, сіздің деген жіктік есімдіктерімен байланысты айтылатын сөздердің ғана жалғаулары түсіп қалады. Мысалы; біздің үй, сіздің үй.
Тәуелдік жалғаудың синонимі болады. Ол -нікі, -дікі, -тікі. Тәуелдік мағынаны білдіретін иемесе иелік мағына туғызатын жұрнақ меншікті заттың өзіне жалғанбайды, оның иесіне жалғанады. Мысалы: кітап менікі, дәптер біздікі т.б. Тәуелдік заттың аты оның иесін білдіретін сөзден бұрын тұрады. Тәуелді затты айтатын ешбір қосымша қосылмайды. Мысалы: үй біздікі. Бұл жұрнақтың жуан варианты жоқ, жуан сөзге де, жіңішке сөзге де жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: Қалам Асандікі, Өнер халықтікі т.б. Тәуелдік мағынаны білдіретін жұрнақтың жақтық мағынасы болмайды.

15.07.2010 11:58 Казахский язык Артем 2073 23156 2
Камилям   28.01.2011 19:16
пожалуйста подскажите что такое иелик форма?
Мольдир   07.01.2011 15:01
Рахмет үлкен-үлкен!!!!
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход