Menu
Тәуелдік жалғаулар
Иеленуші жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін жалғау тәуелдік жалғау деп аталады. Тәуелдік жалғаудағы сөз ілік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Мысалы: менің кітаб-ым, менің шеше-м, сенің жолдас-ың. Тәуелдік жалғауы бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретіндіктен, негізінде, зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, заттанатын сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: балам, қызым дегендер зат есім болса, Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді (мақал). Осылардың жақсысы да, жаманы да бірдей деген сөйлемдердегі үлкені, жақсысы, жаманы дегендер — заттанған сын есімдер. Алты жылқышы — төртеуі түнге, екеуі күндізге. дегендегі төртеуі, екеуі деген сөздер зат есім қызметін атқарып түрған жинақтық сан есім сөздер. Еріншектің ертеці таусылмас деген мақалдағы ертеңі заттанып тұрған мезгіл үстеу.
Тәуелдік жалғау үш жақта: жекеше көпше, II жақта анайы, сыпайы түрде қолданылады.
15.07.2010 11:57 Казахский язык Артем 3823 23353 4
Аяжан   05.03.2015 20:34
коп рахмет сiздерге
нурсауле   08.06.2013 10:56
улкен комек болды рахмет сыздерге
ақтоты   11.03.2012 20:01
көп рахмет,іздегенімді таптым рахмет
Айман   07.10.2010 11:57
Рахмет сіздерге
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход