Ана тілі - ұрпақ тілі
Батар, кетер келмеске күнім менің,
Қалар, бірақ, киелі тілім менің.
Қасіретті шақтарда түңілгенде
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
М. Мақатаев
***
Сол тіліммен дүниені аттадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда аманаты анамның,
Жатты онда аманаты атаның.
С.Мәуленов
***
Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!
Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел
Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.
Ә. Сәрсенбаев
***
Дей алмас қайдан әкеледі,
Бар тілден үйрен білімді.
Ұмытсаң – дағы бөтенді
Ұмытпа ана тіліңді.
А. Тоқмағанбетов
не важно 04.10.2011 13:07 мне надо значение слова ұрпақ!!
|
Артем 05.10.2011 10:55 поколение.
|
Мадина 06.09.2010 01:40 Ужас какой не могли найти тему
|