Menu
Қазақстанның бүгіні мен ертеңі
Біз жүйелік экономикалық реформалардың күрделі кезеңінен өтіп, ТМД-ның басқа елдерінен көп нәрседе алда келеміз. Бүгінде Қазақстанда нарықтық экономиканы еркін дамыту үшін негізгі жағдайлар жасалған.

Жүргізілген реформалардың нәтижелері ашық та айқын. Қазақстандағы экономиканы еркін дамыту үшін негізгі жағдайлар жасалған.

Жүргізілген реформалардың нәтижелері ашық та айқын. Қазақстандағы экономика әлемдегі ең жедел дамушы экокомикалардың біріне айналды. Біз еліміздің экономикалық өсуі негізінен өндіруші секторлардың дамуына байланысты екенін түсінеміз. Алайда үміттендіретін үрдістер де бар, өйткені өсудің жоғары қарқынын басқа салалар да, соның ішінде қаржы секторы, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс салалары да көрсетіп отыр.

Бірақ та біздің экономика, негізінен, экстенсивті тұрғыда дамып келе жатқанын мойындау керек, қазақстандық кәсіпорындар үшін энергияны шығындаудың жоғары деңгейі мен еңбек өнімділігінің төмен деңгейі тән.

Сондықтан бүгінгі күні біздің алдымызда өнімдері сыртқы рыноктарда сұраныс туғызатын жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту міндеті тұр. Ал бұған жаңа технологияларсыз, осы заманғы менеджмент модельдерін енгізбейінше қол жеткізу мүмкін емес.

Біз Қазақстанда өмір сапасы мен стандартын бәсекеге барынша қабілетті болудың деңгейіне жақындатуға ұмтылуға тиіспіз. Қазақстанның әлемдік рынокта шешуші бәсекелік басымдығы жоғары білікті, жұмылған адами капитал, сондай-ақ инновацияларды тұрақты ендіру болуы тиіс.

2010 жылға қарай біз жан басына келетін ІЖӨ-ні 7000 долларға дейін, ал сатып алу қабілетінің паритеті (СҚП) бойынша 15000 долларға дейін арттырып, халық өмірінің күтіп отырылған ұзақтығын 68 жасқа дейін жеткізбекпіз. Таяудағы үш жылда Қазақстан білім беруге арналған мемлекеттік шығындарды ұлғайтуы тиіс, олар ІЖО-нің 4,1 пайызынан кем болмауы керек.

Біз 2005-2015 жылдарға арналған Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру мен дамыту жөніндегі бағдарламаны талдау жасап, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын қабылдадық. 2004 жылдан бастап қазірдің өзінде 520 инвестициялық жоба іске асырылды.

Біздің негізгі міндетіміз – жоғары технологиялардың әлемдік рыногына тезірек кіру және өз тауашамызды алу. Елдің географиялық жағдайы бізге өңірлік рынокқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірісті дамытуға мүмкіндік береді, мұнда Қазақстан болашақта өңірдің сервистік-технологиялық орталығына айналуы тиіс. Ол үшін бізге өз ғылымымызды дамыту керек.

Жаңа ғылыми-техникалық бағыттар-биотехнологиялар, нанотехнологиялар, ғарыштық қызмет пен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – бұлар отандық және трансұлттық бизнеспен әріптестік жағдайында нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар салалар.

Нақ осы бағыттар бойынша бізге мамандар мен дипломды ғалымдар қажет болады.

12.07.2010 16:29 Қазақ тілі Артем 12397 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход