Қазақ тілі пәнінің басты мақсаттары
Коммуникативтік мақсат: 1-кезеңде қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру; қоғамдық саяси, әлеуметтік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; мамандыққа байланысты мәтіндерден қажетті ақпаратты тауып, оны сипаттауға, талдауға үйрету.
2-кезеңде студенттердің іскери сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Экономика, бизнес саласындағы шағын, мәтіндерді түсініп, талдай білуге үйрету. Мамандығына сай кәсіби-іскери сөйлеу шеберлігін меңгертіп, өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе білуге машықтандыру. Іскери кездесулерге қатысып, өз көзқарасын дәлелдей алуға, мамандығы бойынша шағын шығарма, эссе, іскери хаттар жаза алуға үйрету.