Menu
Байдалы шешен
Атағы көп елге тараған Байдалы шешен кедейлікпен өмір сүріпті.

Бір жылы құрбан шалатын малы болмай, ол үйінде отырып қалыпты. Дөңмұрын деген сол ауылдың молдасы:

– Биім-ау, мұның қалай? Өзіңді болмаса, бай ағайының бар, малды балаң бар. Солардан бір мал алып, құрбан шалмадыңыз? – деп ақыл үйреткен екен.

Сонда Байдалы былай депті:

– “Сөйлемесе, сөздің атасы өледі? Деген бар. Айтпаса, естімейтін саңырау бар. Ашпаса, көрмейтін соқыр бар. Ағайындағы мал – аспандағы мал. Інідегі мал – індегі мал. Баладағы мал – даладағы мал. Сұраған адам – қайыршы, ал ұрлаған адам – қарақшы. Ұяты жоқ адамнан алып борышты болғанша, алмай құдайдың өзіне-ақ борышты болайын деп құрбан шалмағаны рас, – деген екен.

12.07.2010 15:37 Қазақ тілі Артем 2877 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход