Menu
Хакім Абайдың рухани өсиеті
Абай физикалық әлем мен рухани әлемді зерттеушілерді бір- бірінен бөліп қарастырған. Ол физикалық әлемді зерттеушілерді ғалымдар, ал одан әрі кетіп, рухани әлемді зерттеушілерді хакімдер деген. Абай қарасөзінде «әрбір хакім ғалым, ал әрбір ғалым хакім емес» - деген түйін жасаған. Әрине, әрбір ғалымның хакім болуына мүмкіндігі бар, бірақ, сол мүмкіндіктің іске асуы осал шаруа емес. Мысалы, физиктер Исаак Ньютон, Альберт Эйнштейн сияқты ғалымдар хакімдік сатыға жеткендер.
Хакім дегенге тоқталсақ, Абайдың айтуынша хакімдер болмаса дүние ойран болмақ. Сонда ақын қай дүниені айтып отыр дегенге келсек, әрине осы дүниені және оның ақыреттің егіні екендігін қоса айтып отыр. Ізгілік екі әлемге тән. Соны тең ұстайтын, әрине хакімдер. Хакімдік ғылымнан биік нысана. Оның кеңістігі - рухани әлем. Рухани әлем мазмұны - ізгілік.
Абай ізгілікті әр адамның жеке түсінігінен іздейді. Тату болу, бауыр
болу, жақыныңды жат қылмау бұл оның рухани өсиеті.
Абай «Темірқазығы» Қайда десек? Хакім Абай өзі айтады:
Махабатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланны жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен тәких біл.
Ойлан дағы үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына малың түгіл.

Дін де осы, шын ойласаң тағат та осы,
Екі дүние бұл тасдих – хақтың досы.
Осыларды бұзатын және үш іс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой – одан шошы.
02.11.2014 09:52 Қазақ тілі Артем 3497 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход