Menu
Кредиттік оқыту жүйес
Қазақстандағы жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім берудің ең озық үлгісімен сәйкестендіруге негізделеді. Еліміздегі білім беру жүйесі үлкен екі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.

Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің мынадай сатылары енгізілген:

1. бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) – 4 жыл;
2. магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – 2 жыл;
3. докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) – 2 немесе 3 жыл.

Кредиттік технологияға көшу студенттің дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін енгізуді көздейді. Сынақ бірліктерінің жүйесі шеберлік пен іскерлікті бағалаудың шартты бірліктерін нақтылауға мүмкіндік беретін механизм болып табылады (семинар, дәріс пен іс- тәжірбиелері, өзіндік жұмыстар мен аралық бақылаулар).

Сынақ бірлігі жүйесі жоғары оқу орындары шеңберінде шетел университеттерімен қарым-қатынастар жасау, үзіліссіз білім беру жүйесі арқылы білім нәтижелерін мақұлдау сынды оқу процесін ұйымдастырудың желілік емес түрін енгізу құралы ретінде пайдаланылады. Оның артықшылығы да осында.

Кредиттік оқыту жүйесінде оқу ісінің еңбекті қажет ету талаптары оқытылатын материалдың мөлшері бойынша жүзеге асады және ол несие арқылы көрініс береді. Мұндай жағдайда әрбір пән мөлшері ерікті түрде анықталады, ал пәннің несиелік бірлік есебі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде және осыған сәйкес типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.

Оқу жылы қалыптасқан тәртіп бойынша 32 аптадан тұрады, ал оның 30- ы теориялық білім беруге, 2-еуі қорытынды бақылауға арналады. Оқу орнын академиялық кезеңдерге бөлу, практика мен демалыс мерзімінің ұзақтығын анықтау құқы жоғары оқу орнының өзіне берілген. Күндізгі оқу формасы бойынша, студенттердің демалысы жылына екі реттен кем болмайды, әрі қысқармайды. Оқу жылының басы – қалыптасқан дәстүр бойынша – 1 қыркүйек, ал академиялық кезең семестр болып табылады.

12.07.2010 16:32 Қазақ тілі Артем 4856 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход