Menu
Радио тілі
Радио тілі қарапайым, түсінікті, тапқыр, бейнелі, әуезді болуы керек.

“Радио тілі” сөзден, сөйлеуден, әңгімелесуден келіп құралады екен. Сол сөйлесудің бәрі жай айтыла салмай, радионың, яғни, ақпарат құралының мақсатын орындауы керек.

Тіл қолданудың өзіндік сырлры, жұмбақтары жетерлік. Радионың ерекшелігіне байланысты дыбыс айрықша рөл атқарады. Сондықтан сөйлегенде дауысты жоғарылату мен төмендетудің және екпіннің, үн ырғағының радиода сөйлеу үшін орны бөлек. Дауыстың қандай дәрежеде болуының өзі адамға әр түрлі әсер етеді. Дұрыс акцентпен айтылған сөз көңілге қонымды шығады.

Тілді радиохабарларда орнымен, өзінің заңдылығымен қолдану тыңдаушыға оңды әсер етсе, керісінше дұрыс қолдана білмеу көңіл-күйге ыңғайсыз әсер беретіні белгілі.

Дауыс тербелісі сөз баяуын арттырады. Осылайша радиодан берілітен материалдар мен хабарларда белгілібір ырғағпен сөйлеуші ақпараты тыңдарманға әсерлі де сенімді жеткізіледі.

Радио пацда бола бастаған уақыттардан бері радио тілі өз орнын иелену үстінде. Радиода сөз сөйлеу монолог, диалог түрінде келуі мүмкін.

Радио өзіне қажетті мүмкіндіктерді жақсы пайдалану үшін ауызша сөзді, оның айтылуы, дыбысталуы жүйесін қолданатыны белгілі. Осыдан келіп ауызша сөзді радиосөзге айналдыра білу де өнер. Ол үшін фонетиканың, морфологиялық, лексиканың , синтаксистің де қазақ тіліндегі заңдылықтарынан хабардар болу керек. Сонда ғана радиода хабарлар дайындауда табысқа жетуге болады. Ауызша сөзді дамыта отырып, әсемдеп, көркемдеп, оралымды да, мағыналы түрде қолдана білу-радиосөзді жасайтын жол. Тілдік бояларды арттыру үшін эпитет, метоафора, теңеуді пайдалану тиімді. Сондай-қ қанатты сөздерді қолдануда радиосөзге ерекше әсер, күшейтеді. Тыңдарманға сөз болып шығады.

Сонымен, радиосөздің нормасын жасайтын лингвистикалық база – ауызша сөздің стилистикасы болып табылады. Белгілі бір нормадағы ауызша сөзрадиосөздің негізі болып есептеледі. Ал осы радиосөздердің жалпы жиынтығы .: нормалары, стилистикасы, заңдылықтары, жүйесі, қалыптасуы мен дамуы, т.б. көптеген компоненттреі радио тілін құрайды.

12.07.2010 16:07 Қазақ тілі Артем 3295 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход