Menu
Уытқұмарлық
Бұл егілетін иістерді, химиялық немесе жасанды заттарды, тұрмыстық химиялық құралдарды және белгілі бір дәрілерді иіскеуге әуестікпен сипатталатын ауру. Уытты заттардың әсерінен адам мас болады, шалықтайды, сандырақтайды, психикалық ауруға ұшырайды. Организм оған тез үйренеді де, барған сайын көбірек доза қабылдауды талап етеді. Көп кешікпей өмірлік-маңызды мүшелердің қызметі бұзыла бастайды, адамның есте сақтау, ойлау қабілеті күрт төмендейді.

Зиянды заттардың барлығы, оның ішінде темекі, ішімдік, уытты және есірткі заттар көп жағдайда қажуды жою үшін пайдаланылатынын айта кеткен жөн. Алайда қажуды тиімді дене белсенділігінің көмегімен немесе қызықты іспен (музыка, өнер, кітап оқу, кино және театр, компьтермен айналысу және т.б.) шұғылдану арқылы неғұрлым тез, әрі қауіпсіз түрде жоюға болатынын білу керек. Спортпен, қызықты іспен айналысу темекі шегуге, ішімдік пен есіркіге балама бола алады.
12.07.2010 11:36 Қазақ тілі Артем 4204 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход