Menu
Витаминдер
Витаминдер (vita- өмір,amin- қажетті) – бұл организмнің тіршілігіне қажетті заттар. Витаминдер организмге қоректік заттармен бірге жеткізіледі. Олар организмде өтетін барлық процестерге қатысады: организмнің қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді, өсіп дамуы, қоршаған орта факторларының ықпалына тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Кейбір организмнің тіршілігіне қажетті вмтаминдердің түрлерін қарастырайық.

А витамині - өсу витамині деп аталады, ол көзге пайдалы, теріге де әсері бар. Ол жетіспеген жағдайда адамның көру қабілеті нашарлайды, адам жұқпалы ауруларға жиі ұшырайды. А витамині сүт тағамдарында, жұмыртқа, бауыр, сәбіз, бұрыш, итмұрын, шие, асқабақ, сары өрік, жасыл жапырақты көкөністерде болады.

С витамині (аскорбин қышқылы) – организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді, жарақаттардың, күйгеннің жазылуын жеделдетеді. С витамині жас жемістер, көкөністер, аскөк (укроп), әшкөк, цитрустардың құрамында болады. Әсіресе итмұрын, ұшқат, лимон, қара бүлдірген, аскөк, көк пияз С витаминіне өте бай.

В витамині. Витамин жүйке жүйесінің қызметін реттеуге қатысады, тері, шаш, тырнақтың сау болуына, адамның еске сақтау қабілетіне де әсер етеді. Организмге В витамині жетіспеген жағдайда қозғалу қызметі нашарлайды, бұлшық еттердің сіреспесі байқалады, жүйке жүйесінің аурулары қозады, қан аздық байқалады. В тобындағы витаминдер бауыр, қара құмық (гречка) және сұлы жармалары, ұрпақ ұн, кебек, балық, жұмыртқа, ірімшік, теңіз өнімдерінің құрамында көп болады.

Д витамині сүйектердің дамуына және қаңқаның қалыптасуы үшін қажет. Екі жасқа дейінгі балалар Д витамині жетіспеген жағдайда «рахит» ауруына шалдығады. Бұл ауру кезінде тірек- қимыл аппаратының дамуы бұзылады және ортаңғы жүйке жүйесі зақымданады. Д витамині адамның терісіне күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін сәулелері әсерінен түзіледі. Ол балық майында және сүт өнімдерінде көп болады.

Е витамині – организмде оттегін тасымалдауға қатысады, улы заттарды залалсыздандырады, көбею процесіне қатысады. Ол өсімдік майы, соя, қара құмық (гречка) жармасы, жұмыртқа, жаңғақтың құрамында кездеседі.

Тағамдық талшықтар- тағамның негізгі бөліктерінің бірі болып табылады, олар асқазан мен ішекте қоректік заттардың қозғалысын белсендіру үшін қажет. Олар улы заттарды байланыстырып сыртқа шығаруға қатысады. Тағамдық талшықтар тек өсімдік тағамдарында ғана болады.

Тағамның басқа бөліктеріне микробтарға қарсы қабілеті бар фитоцидтерді жатқызуға болады. Олар өсімдік тағамдарында- алма, пияз, сарымсақ, қыша, ақжелкен, әшкөк, орамжапырақ, қылша, лимон, апельсин, ұшқат, қарақат, құлпынай, ит бүлдірген және мүк жидегінде болады.

Қоректік заттардың ішінде көп мөлшерде зиянды әсер ететін заттар да болады. Мысалы, артық тұз организмдегі суды ұстап қалады, сондықтан зиян келтіреді.

Қантты шамадан тыс қабылдау организмде ұйқы безінің қызметін нашарлатады да, «диабет» атты ауруға шалдықтырады. Артық қант семіздікке ұшыратады. Қанттың орнына жеміс-жидек, бал, табиғи шырындарды қабылдаған жөн.
12.07.2010 11:40 Қазақ тілі Артем 9682 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход