Жұмыс оқу бағдарламасы
Қазақ тілі жалпы білім беру пәндерінің бірі ретінде университеттің орыс бөлімдерінде бакалавр сатысында жүргізіледі. Бұл жұмыс оқу бағдарламасы кредиттік технология бойынша әзірленіп, экономика саласына арналған.
Кредиттік технология бойынша оқытудың басты ерекшелігі – студенттердің білім деңгейлерін өз бетінше көтеруіне бағыттау. Соған орай студенттердің оқытушымен өздік жұмыстарының және студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары дайындалды.
Қазақ тілін үйретудің бұл курсында студенттердің тілді орта мектепте оқып үйренгені, тілдік жүйе жайлы түсініктерінің қалыптасқаны ескеріліп, жоғарғы оқу орнында оны ары қарай толықтыру қолға алынады. Осыған орай мәтіндер әр мамандыққа арнайы дайындалып, әр сала бойынша лексиканы меңгеруге бағытталады. Бакалавр бөлімінде студент мемлекеттік тілді өз мамандығы аясында қолдана алатындай білім дәрежесіне жетуі қажет.