Menu
Жаңа бастық
Сол күнгі ұжымның жиналысынан төтенше қаулы қабылдадық. Ол мынадай: бізге дәл бүгінен бастап жұмысшыларды алаламайтын, өндіріс есебінен өзіне зәулім үй тұрғызып алмайтын, мекеме қаржысын анда – санда шашып саудаға жібермейтін, алды –артына айналдырып ағайын – туыс, ауыс – қиыс, жағымпаз – жақыбайларымен қоршап қорған салмайтын... Өтірік ақпар беріп, министрлікті алдамайтын бастық керек.

Ақыры, отыз күн ойланып, қырық күн толғанып жүріп бір шешімге келдік. Бізге адам зат әулеті бастық бола алмайды. Ендеше адам емес, Робот басқарсын. Шешім шықты. өндірістен миллион доллар жұмсап, Мәскеу қаласындағы робот жасайтын орталыққа тапсырыс бердік.

...Жаңа бастық жаман емес.

Әнтек қазақша сөйлемейді. Алғаш тапсырыс бергенде миына қазақ тілін енгізу өте қымбат тұратындықтан жасата алмадық. Бізді руға, жүзге бөлмейді. Әйелдердің сұлулығы оған еш әсер етпейді. Өндірісті аралағанда жапа – тармағай жалпаңдап түфлиін сүрпейміз.

12.07.2010 16:00 Қазақ тілі Артем 1887 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход